Тақырыбы: Әл-Фараби және ортағасыр ислам мәдениеті
Ислам ғалымдарының әл-Фараби философиясының қалыптасуына әсері
Әл-Фараби және ислам мәдениетінің ерекшелігі
Әл-Фараби саяхаттағанды ұнатқан. Алайда, бірде бір тарихшы оның 50 жасқа дейінгі саяхаттары сөз етпеген. Әл-Фараби теологиядан тәлім-тәрбие сусындаған, ислам туралы білімін ол фикх, хадис және тафсирден (ислам жоамалдарының негізгі кітаптары) алған, ал араб, түрік, парсы тілдерін жетік білген. Оның өзге де тілдерді білгені мүмкін емес болып көрінгенімен, Ибн Халликан оның 70 тілді жетік білгенін айтады.
Біз Фарабидың араб тілін жетік меңгергенін сеніммен айтып отырмыз. Ол түрік болғанымен, оның елі мұсылмандармен жаулап алынған, одан бері Фараб тұрғындрының арабтануына жеткілікті мерзім екі ғасырдан уақыт өткен, түріктер Фараби дүниеге келмес бұрын Араб империясына кіріп, оның саяси құрылымының шынайы механизміне қосылған. Билікті орнату барысында Халифат олардың найзаларына сүйенген. Араб тілін білмеу олардың қысылып жүруіне себеп болып, олар оны ерекше ынтамен игере бастады. Олардың орталарынан дін мамандары, ақындар мен тілшілер шыққан. Араб тілі олар үшін әдебиет тіліне айналған. Фарабидың өз шығармалары түрік немесе парсы тілдерінде жазғаны туралы дерек жоқ. Өз ғылыми идеяларын қағаз бетіне түсіру үшін ол тек араб тілін қолданған. «Бақытқа жетуде» ол «Араб тілінде «имам» сөзінің мағынасына келетін болсақ, ол жетекші және басшы дегенді білдіреді» дейді. «Философ», «бірінші басшы», «заңдарды құрушы», «монарх» ұғымдарын түсіндіргеннен кейін ол бұл түсініктердің бі ұғым болып табылатынын айтқан. «Мен бұл сөздердің біздің тіліміздегі адамдардың қолданатын әр сөзіни алдым. Бұл сөздердің барлығы бір мағынаны дәлелдеу үшін біріктірдім». Бағдадқа келіп Фарабидың лингвистикалық ғылымдарды жетік меңгергісі келгені анық. Ол грамматиканы осы саладағы маман Абу ас-Сираджадан үйренген. Ибн-Халикан және басқалары Ибн Ару Усейбианың айтқанын дұрыс түсінбей, Фарабиды араб тілін білмеген деп шешкен. Бұл, әрине шектік. Ол түрік тілін ұажет болған соң білген. Де Буррдың болжауы бойынша, ол, сонымен қатар, парсы тілін де білген. Ол араб тілін жетік білген. Кітаптарындағы кейбір ой-толғаулары оның грек тілін де білгенін көрсетеді. Мысалы, «Ғылымдар классификациясында» ол грамматика туралы айтқанында және кейбір сөздер мен оның мағынасының этимологисяын түсіндіргенде, сонымен қатар, дауыстар мен әуендер туралы айтқанында олардың олардың атауын араб тілінде және соған сәйкес грек тілінде келтірген. Сонымен, Фарабидың грамматика бойынша ұстазы – Абу Бекр бен ас Сирадж, ал логиканың бір саласы бойынша Юханна бен Хайлан болғаны белгілі. Оның философияны керемет білуінің себебеі оның Аристотель кітаптарын игеруге берілуімен және оның мәнін түсінуімен байланысты. Ол көп тілді білген, тәжірибелік музыканы және математиканы, медицинаны жақсы білген. Мұның барлығы бізді Фарабидың оның түрлі ғылымды үйреткен өзге де ұстаздары болғанын болжауға алып келеді, алайда біз оларды білмейміз. Ибн-Халиканның айтуынша, өз кітаптарының басым бөлігін Фараби Бағдадта жазған. Біз бұл пікірді дұрыс деп есептейміз, себебі әл-фараби жиырма жылға жуық өзінің ғылыми кемелдену кезінде Бағдадта өмір сүрген.
Бағдадта 20 жыл тұрғаннан кейін Екінші Ұстаз Сейф-ад-Даула бен Хамданның қамқорлығына Халебке жол тартады, оның сарайында барлық ұлттар мен мәдениеттердің ислам даңқтыларымен, лингвисттармен, әдебиетшілермен, философтармен кездескен.
Фараби бір орында отырып қалмаған, ол саяхаттағанды ұнатқан: бір қалада белгілі бір уақыт тұрғаннан кейін, ол екінші қалаға көшкен, сосын қайта бір қалаға көшіп жүрген.
№4. Дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |