Философия кафедрасы



бет1/17
Дата27.04.2022
өлшемі60,44 Kb.
#140943
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әл-Фараби қазіргі заман. Дәрістер


Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»
пәні бойынша


ДӘРІСТЕР


Саяи ғылымдарының кандидаты, доцент
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы


Алматы, 2022
«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»
КУРСЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
1 Дәріс


Тақырыбы: Әл-Фарабижәне қазіргі заман пінін оқытудың мәні мен маңыздылығы.

Кіріспе
Отырар өркениеті


Әл-Фараби дүниетанымының қалыптасуы

Әбу Наср әл-Фараби (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани) – Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым. Әл-Фараби Отырар қаласының маңында, Арыс өзенінің Сырдарияға құйылатын өңірінде түркі қолбасшысының отбасында дүниеге келген.870 жылы туып, Шам (Дамаск) қаласында 950 жылы дүние салған. Отырар қаласын арабтар Фараб деп атаған. Осыған байланысты ұлы ұстаз Фараби (әл-Фараби) деп аталған. Махмұд Қашқари өзінің «Диуани лұғат ат-түрк» атты әйгілі еңбегінде «Фараб қаласының түрікше атауы – Қарашоқы» деп жазады. Ал, арабтың Х ғасырда өмір сүрген әйгілі саяхатшы-географ ғалымы Әбу-л-Қасым ибн Хаукал өзінің «Саяхаттар мен мемлекеттер» деген еңбегінде «бұл шаһар – атақты философ әл-Фарабидің туған жері» деп көрсетеді. Орта Азия мен Қазақстан сонау Шығыс Жерорта теңізінен қазақ даласына дейін созылып жатқан, адамзат өркениетінің ежелгі ошағы пайда болған кең-байтақ аймаққа кіреді. Дəл осы жерде мыңдаған жылдар бұрын ежелгі Шығыстың бүкіл экономикасын қуаттандырған екі негізгі шаруашылық – егін жəне мал шаруашылықтары, одан кейін қолөнер мен қалалар пайда болған. Ерекше атап өтер жайт, осы аймақтың халықтары мен елдері ерте кезден бастап-ақ бір-бірінен бөлек өмір сүрген жоқ, олар тұрақты түрде мəдени, экономикалық жəне этностық байланыстар мен қарым-қатынаста болды. Бұл кезеңде Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының материалды жəне рухани мəдениеті керемет гүлдеді, қалаларда зəулім сəулет ансамбльдері жасалды, көркемөнер мен сəулет өнерінің синтезі орын алды.


Б.д. VІІ ғ. ортасынан бастап Орталық Азия мен Қазақстанның жартысы орасан зор Араб халифатының құрамына қосылды. Халифаттың құрамына енген территорияларда жүзеге асқан сол кездегі этногенетикалық, тілдік жəне мəдени процестер өте күрделі болды. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы маңызды этникалық бұқаралар тілі бойынша «арабшаланды». Алайда, туған тілдерін сақтап қалған елді мекендер орналасқан аймақтарда исламизациялау орын алды, сонымен бірге араб тілі кең қанат жайып, барлық мемлкеттік жазбалар жергілікті тілден араб тіліне аударылды. Осылайша, əртүрлі тілде сөйлейтін көптеген халықтар мекендеген мемлекет – халифатта бұл тіл жалпы мемлекеттік қарым-қатынасы тіліне айналды. ІХ-ХІІ ғасырларда халифат мəдениеті сол кездегі еуорпалықтан əлдеқайда жоғары дəрежеде болды. Оның тарихи зор еңбегі еуропалықтардың Шығыс халықтарының жетістіктерімен танысуын қамтамасыз еткен шығыстық ғалымдардың еңбектері мен іс-əрекеттері меңгеріліп, шығармашылық тұрғыда өңделген көптеген антикалық дəстүрлердің (əсіресе, жаратылыстану ғылымдары мен философия саласы) кең таралуы деп есептеуге болады. Фараби, Бируни, Ибн Сина жəне көптеген басқа да ойшылдар тек халифаттың ғана емес, бүкіл адамзат мəдениеті мен ғылымына аса ірі үлес қосты. Медициналық шығармалар мен математикалық трактаттар, астрономиялық кестелер мен түрлі тілден (ең алдымен, антикалық) аударылған араб аудармалары Батысқа жетіп, жүз жыл бойы орасан зор абыройға ие болды. Батыс еуропалық əдебиеттің дамуында да Шығыстың рөлі айрықша.

2 Дәріс






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет