«Философия» пәнінен глоссарий Философия


Философиялық антропология



бет17/24
Дата03.01.2022
өлшемі46,05 Kb.
#108593
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
fs
×6 апта С , 42ae4e3e123d6e6ca66bbf38d20a4f7b, 42ae4e3e123d6e6ca66bbf38d20a4f7b, a8c8e208-52e1-4820-8dd5-bddfc0d50303
Философиялық антропология - оны жақтаушылар адасудың бастауын адамның өзінің табиғатында, эмоционалдық, иррационалдық қасиеттерінде және адам болмысының тұйықтығында, шектеулігінде деп білді. Сондықтан бұл адасуларды жоюдың негізгі құралдары - ағартушылық, ғылымды дамыту, адам болмысының көкжиегін кеңейту және таным процесін, сонымен жалған идеяларды әшкерелеу болып табылады.
Ведалар (киелі білімдер) – тайпалық қоға ыдырай бастаған кезде таралған мифтер, ежелгі үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынастарын қамтитын діни және философиялық гимндердің, табынудың, жалбарынудың, өлең айтудың, құрбандық шалу рәсім-салттарының жиынтығы. Оның түрлері – ригведа, самоведа, яджурведа, атхарваведа.
Упанишадтар (асыл білім, құпия ілім) – Индияда таптық қоғам орныға бастаған кездегі ведалық текстерге жасалынған әр түрлі философиялық талдаулар.
Пуруша – космос алыбы, жасалған дүниенің космостық қайнары, алғашқы адам, барлық тірілерге жан беретін, дем ендіретін таза сана қуаты; жалпы рух. Сонымен қатар оны, өзектенген сана аймағына енген объектілері көретін Көрермен деп те айтады.
Брахман – біртекті заттардың кейбір тобының субстанциясы; абсолютті субстанция; бар нәрсенің алғашқы негізі; атманға тең абсолютті сана; варнаның мүшесі. Брахмандар – Индияда таптық қоғам қалыптаса бастаған кезде абыз- брахмандар жасаған ведалық әдебиеттердің түрі. Онда ведалық мәтіндерге түсіндірме, рәсім –салт жинағы, құдайлар мен патшалар туралы әңгімелер кезігеді. Шатапатха –Брахман – адамның қасиеті туралы мазмұнды жинақтың бірі.
Атман – дене; тыныс; индивидтің жаны; жалпылама жан; абсолютті сана, Брахманға тең алғашқы реалдылық.
Сутра – діни философиялық әдебиет жанры, өзінің мәнінде жүйенің басты ойы.
Карма (қимыл-әрекет, парыз, жеребе) – кез келген тірі заттар қимылдарының және олардың салдарының жалпы көрінісі.  Карма «алмасу» бағдарын толықтыратын ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет