Физикалық география


Жер бедері түрлерінің морфометрлік жіктелуі (көлемдері бойынша). Морфологиялық жіктеу



бет13/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Жер бедері түрлерінің морфометрлік жіктелуі (көлемдері бойынша). Морфологиялық жіктеу жер бедері түрлерін шығу тегін және өзара байланыстарын бағаламай-ақ, олардың сыртқы белгілері мен мөлшерлеріне қарау. (4-кесте).Морфологиялық жіктеу топографияда және картографияда қолданылады, себебі картада ең алдымен жер бедері түрлерінің сыртқы кескіні мен көлемдері бейнеленеді.




Генетикалық (қалыптасуы бойынша) жіктелу. Генетикалық жіктелім жер бедері түрлерін, олардың пайда болу және жер бедері қалыптасуының басым түрткіжайттары бойынша топтарға біріктіреді. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары және климат – жер бедерін қалыптастырушы негізгі себептер. Эндогендік үдерістердің нәтижесінде жер бетінде тегіссіздіктер пайда болады, ал климат осы кедір-бұдырларды тегістеуге тырысатын экзогендік үде рістерге әсер етеді.
Жер қойнауында пайда болатын энергиямен байланысты геологиялық үдерісті эндогендік үдерістер деп атайды. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары, магматизм, метаморфизм, сейсмикалық белсенділік эндогендік үдерістерге жатады.
Жердің ішкі энергиясының әсерінен пайда болған жер бедерінің барлық түрлері морфоқұрылымдардеп аталады.

Экзогендік үдерістерэндогендік күштер жасаған жер бедері түрлерін өзгертеді. Морфоқұрылымдардың бұзылу өнімдерінен жаңа түрлер (морфомүсіндер) пайда болады. Морфомүсіндер гравитациялар күшінің, жерүсті ағын суларының, қардың және мұздың, еріген мұздық суларының, теңіз, көл және жерасты суларының, желдің, жануарлардың, өсімдіктердің, адам әрекетінің, мәңгі тоңның дамуы әсерінен пайда болады.
Жердің ішкі күштері жер қыртысының ірі элементтерін жасайды, ал сыртқы күштер оларды өзгертеді.
9. Жер бедері түрлерінің қалыптасу және таралуы
Көршілес жер телімдерінен қосылыстарының құрамы, орналасу жағдайы және параметрлеріне қарай ерекшеленетін жер қыртысының оқшауланған бөлігі құрылымдық элемент (тектоникалық құрылым) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет