Физикалық география


Арктикалық және антарктикалық белдеу



бет32/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Арктикалық және антарктикалық белдеу.Гренландия мен Антарк-тидада орналасқан, айлық орташа температура 0°С-тан төмен. 70° солтүстік ендіктен жоғары және 65° оңтүстік ендіктен төмен қалыптасады.
Антарктиданың ішкі аудандарының климаты Арктика климатына қарағанда едәуір салқындау, өйткені оңтүстік материк өлшемінің үлкендігімен және биіктігімен ерекшеленеді, ал Солтүстік Мұзды мұхит мұзының кең көлемде таралғанына қарамастан климатты жұмсартады. Мұз жамылғысында жауын-шашын қар немесе ұсақ мұзды түйіршіктер түрінде түседі. Ішкі аудандарына жыл сайын 50–125 мм жауын жауады, алайда жағалауға500 мм-ден артық түсуі мүмкін.
20. Материктер климатының ерекшеліктері
Екі ұқсас климаттық белдеулерді салыстыру – екі (және одан көп) белдеулердің түрлі қасиеттерін (ұқсастықтары, айырмашылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері) сандық немесе сапалық тұрғыдан салыстыру үдерісі. Екі ұқсас климаттық белдеуді салыстыру екі операциядан тұрады: алдымен ұқсастықтары, сосын айырмашылықтары анықталады. Егер екі компоненті де болса, салыстыру толық жасалды делінеді, тек біреуі ғана болса, демек, толық емес.
Түрлі материктерде орналасқан ұқсас климаттық белдеулерді салыстыру үшін олардың физикалық-географиялық сипаттамалары,климаттық карталар мен климатограмалар қолданылады.
Климаттық карталарда аумақтың географиялық жағдайы бойынша анықталған көпжылдық күн райы режимі сипатталады.
Климатограмалар белгілі бір кезең-ай,мезгіл,жыл ішіндегі күн радияциясының таралуын,температураны,қысымды,ылғалдылық пен жел режимін,атмосфералық құбылыстар мен басқа да климаттық көрсеткіштерді зерттейді.
Климаттық аудандастыру карталарында климаттың типтері бейнеленеді.
Климат типтерін салыстыруды өлшейтін құрал – климатограмма.Климатограмма – қандай да бір жердің айлық орташа температурасының жылдық ағымы мен жауын-шашынның айлық қосындысы көрсетілетін график.
Климатограмма он екі жолақтан тұратын график. Климатограманың сол жағында температура шәкілі,оң жағында жауын-шашын мөлшерінің шәкілі жазылады.
Климатограммада нөлден жоғары температуралар қызыл түсті,нөлден төмен температура көк түсті сызықпен біріктіріледі.
Тәжірибелі талдаушылар климатограмманы оқи отырып, температураның ауытқуы бойынша жоғары дәрежелі дәлдікпен климаттық белдеуді анықтай алады.
Егер жыл бойы температура +24–+26-ға тең болса, онда – бұл экваторлық белдеу;
– егер +20-дан жоғарыда амплитуда t болмашы ғана (3–7 градус) болса, бұл субэкваторлық белдеу;
– егер амплитуда үлкен болса, бірақ қысқы температура +10-нан төмен түспейтін болса, онда бұл тро-пиктік белдеу;
– егер қысқы температура нөл шамасында болса, +3–+5, онда бұл субтропиктер;
– егер төмен температура пайда болса, онда бұл қоңыржай, субпо-лярлық немесе полярлық белдеулер
Климат типін температура амплитудасы бойынша ғана емес, сонымен қатаржауын-шашынның мөлшері мен олардың түсу режимі бойынша да анықтауға болады:егер жауын-шашынның жылдық мөлшері 2000 мм-ден көп болса – бұл экваторлық немесе теңіздік климат;
– егер жыл бойы жауын-шашын көп түсетін, бірақ құрғақшылық болатын айлар да бар болса – бұл өтпелі-ылғалды климат;
– егер жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден төмен болса – бұл шөлейтті немесе шөлді климат;
– егер де жазғы уақыттарда жауын-шашын өте аз, ал қыста – көп (жылдық орташа мөлшері 700-ден 1000 мм-ге дейін) болса, онда бұл жерортатеңіздік климат;
– егер, керісінше қыс мезгілінде жауын-шашын аз, ал оның 2/3 бөлігі жазда жауатын болса, онда бұл – муссондық климат. Қоңыржай белдемде мұндай климатта жылдық мөлшері 800 мм-ден аспайды, ал субтропиктерде 1500 мм-ге жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет