Физикалық география



бет33/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

21. Климат және адам
Климат адамға тікелей және жанама әсер етеді.
Температура – тіршілікті дамыту үшін қажетті маңызды түрткі-жайт. Адамдардың тіршілік ету мүмкіншілігінің шегі – ең жоғарғы және ең төменгі температуралар. Адамдар 0 мен 50°С аралығындағы температурада өмір сүруге қабілетті. Бұл адам ағзасы үшін белоктың маңызды компонент болып табылатындығына байланысты. Белок 45°С-тан жоғары температурада бұ-зылады және 0°С кезінде қатады.Белгілі бір температура жағдайында ұзақ жылдар бойы өмір сүргенде адам ағзасында қорғаныс механизмі қалыптасады, ол жылуды реттеу деп аталады.
Гипотермия(қалыпты температураға қарағанда дене температурасының төмендеуі) кезінде жылу түзілуді арттыру және жылу жоғалтуды төмендету, гипертермия(қалыпты температураға қарағанда дене температурасының көтерілуі) кезінде қоршаған ортамен жылу алмасуды арттыру және жылу түзілуді төмендету қабілеті қалыптасты.
Суықтан немесе төтенше қапырық ыстықтан қорғанудың әлдеқайда қолайлы радикалдытүрі бар – жайлы өңірлерге қоныс аудару.
Ауа температурасының 1–2ºС-қа өзгеруі әлсіз, 3–4ºС-қа өзгеруі қоңыржай, ал 4ºС-тан артық өзгеруі күрт өзгеруі болып саналады.
Адам үшін қолайлы жағдайлар ауа температурасы 16–18ºС болған кезде байқалады. 11ºС-тан төмен және 26ºС-тан жоғары температуралардың ұзақ уақыт сақталып тұруы адам ағзасына, әсіресе тұрғылықты емес адамдарға кері әсер бере алады.
Ылғалдылық– адам денсаулығына әсер ететін маңызды климаттық көрсеткіштердің бірі. Адам өзін қалыпты сезіну үшін салыстырмалы ылғалдылық 40–60%болуы тиіс.
Төмен ауа ылғалдылығы.Өте құрғақ ауа теріні құрғатып жіберуі және ағзаны жылдам сусыздандыруы мүмкін. Ең бірінші кезекте ашық ауамен байланысатын шырышты қабықтар зардап шегуі мүмкін, оларда микро жарықшақтар пайда болады және кеуіп қалады, сөйтіп зиянды бактериялар мен вирустардың ағзаға енуіне жол ашылады.
Ылғалдылық тер бөлінуге және жылу алмасуға, сонымен қатар атмосферадағы ауаның тығыздығына әсер етеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 10%-дан төмен болған кезде, тіптен дені сау адамдардың өзі жұтқыншағының құрғау, көзінің «бүріп» ауыру сезімін басынан өткереді, мұрнынан қан кетуі де мүмкін.
Ауаның жоғары ылғалдылығы гипертониясы бар науқастарға, атеросклероз бен, түрлі жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратындарға қатты әсер етеді. Ауа ылғалдылығы өте жоғары (80…95%) болғанда, асқынулар мен аурулары қозуы мүмкін.
Қоршаған орта температурасы +25°c және одан жоғары, сонымен бір мезгілде ауа ылғалды болса, теріден жылу берілу бұзылады да, ағза қызып кетуі мүмкін.
Салыстырмалы ылғалдылық 0–10º ендікте 85%-ды, 30–40º ендікте 70%-ды және 60–70º ендікте – 80%-ды құрайды. Салыстырмалы ылғалдылықтың айтарлықтай төмендеуі тек солтүстік және оңтүстік жарты-шарлардағы 30–40º ендіктерде байқалады.
Полярлы аймақтарда температура төмен болғандықтан ылғалдылық жоғары, экватор маңы аймақтарында оның мәні жоғары болуына жоғары абсолюттік ылғалдылық себепші болады; ең кіші салыстырмалы ылғалдылық субтропиктерге тән, ол бұл ендіктерде қысымның жоғары болуымен және төмендемелі ауа қозғалысы мен пассаттардың басым болуымен тығыз байланысты. Салыстырмалы ылғалдылықтың ең үлкен жылдық орташа шамасы (90%) Амазон сағасында, ал ең кіші шамасы (28%) – Хартумда (Ніл аңғары) байқалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет