25. Өзендердің гидрологиялық режимі. Өзендердің қоректенуі – өзенге түрлі көздерден судың келуі (ағын су). Өзеннің қоректенуінің басты типтері:
1. Жаңбыр суы– экваторлық белдеудегі барлық және субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік белдеулердегі көпшілік өзендерге тән.
2. Қар суы –қоңыржай және субарктикалық белдеулерге өзендер үшін негізгі қоректену көзі.
3. Мұздықтан– арктикалық және антарктикалық белдеулер мен биік таулар үшін.
4. Жерасты суы(ыза су) – қоңыржай континенталды зоналардағы аймақтар үшін, тауалды өзендері үшін.
5. Көл – ірі көлдерден бастау алатын өзендер үшін (Ангара, Нева, Маккензи және басқалары).
6. Аралас– жаңбыр, қар, жерасты сулары қоңыржай белдеу көптеген аймақтары мен муссондық аймақтар үшін.
Өзендердің қоректенуінде аралас түрі жиі кездеседі.
Төрт қоректену көзінің әрқайсысы үшін үш градация бар.
Негізгі қорек көзінде жылдық ағынның 80%-ынан астамы бар.
Негізгі қорек көзіне тиесілі жылдық ағынның үлесі 50-80%-ға дейін құраса «Айрықша» Негізгі қорек көзінің үлесі 50-%-дан аспаса «Басым» деп аталады.
Өзеннің физикалық-географиялық жағдайларының жиынтығы гидрологиялық режим деп аталады.
Өзеннің су режимі су шығынымен және ағындысымен сипатталады. Шығын дегеніміз өзен арнасы бойымен бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері.
Жылдық ағын-өзеннің бір жыл ішінде ағызып өтетін су мөлшері.
Су деңгейі– салыстыру жазықтығының кейбір тұрақтыларына қатысты есептелетін су бетінің биіктігі.
Өзеннің жылдық су режимінде әдеттегі деңгейі қайталанатын кезеңдерді саба, су тасу, тасқын деп атайды.
Су тасу – бұл жыл сайын бір маусымда қайталанатын біршама ұзаққа созылатын және өзендегі су мөлшерінің айтарлықтай көбеюі.
Тасқын– қарқынды, әдетте судың шығыны мен деңгейінің қысқа-мерзімді көтерілуі, жаңбыр немесе еріген қар суынан туындайды.
Су тасу (көктемгі, сондай-ақ жазғы) кезінде көбіне өзен жайылмасын су басады.
Cаба – жерасты сумен қоректену басым болған кезде, өзендегі су тұруы ең төмен болады.