Сұрақтарға жауап беріңіз: Өзен, бастау, саға дегеніміз не?



Дата10.11.2022
өлшемі36,55 Kb.
#157604
Байланысты:
гидрология косымша тапсырма
10 лекциягидрология, Введение в социально-экономическую географию (1), тапсырма

Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Өзен, бастау, саға дегеніміз не?

  2. Өзен жүйесі, өзен алабы, суайрық дегеніміз не? Картаны пайдалану арқылы мысалдар келтіріңіз.

  3. Өзен ағындысы деп нені атаймыз?

  4. Жоспар бойынша өзіңнің тұрғылықты жеріңдегі өзенге сипаттама құрастырыңыз:

а) қай жерден басталады, қай бағытта ағады, қайда құяды;
б) қай өзеннің (көл, теңіз) алабына жатқызылады;
в) ағыс сипаты жер бедерінен қалайша тәуелді;
г) қоректену көзі қандай, жыл бойына деңгейі қалай өзгереді;
д) шаруашылықта қалай пайдаланылады;
е) өзенді қорғау бағытында қандай шаралар қолданылуда, қандайларын қолдану керек.
5. Өзен режимі деген түсінікті анықтаңыз. Судың сабасына түсуі, су тасуы, тасқын деп нені атайды?

  1. Өзеннің қоректену көздерінің негізгі типтері қандай?

  2. Сіздің тұрғылықты жеріңіздің өзендері үшін басым қоректену типтерін, режим сипатын және сабасына түсу кезеңіндігі негізгі қоректену түрін көрсетіңіз.

  3. Жер бедері мен топырақ-өсімдік жамылғысы ағынды және өзен режиміне қалай ықпал етеді?

  4. Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінің режимі мен қоректену сипаттамасын жасаңыз.

Сипатамада көрсетілуі қажет:
а) қоректенудің басым типі, маусым бойынша қоректену типі;
б) су тасу кезеңі және оның себептері;
в) сабасына түсу кезеңі және оның анық байқалу дәрежесі;
г) режим сипаты (үнемі мол сулы, судың сабасына түсуі мен су тасуы кезіндегі деңгейіндегі контрасты үлкен айырмашылықтар, үнемі аз сулы апатты тасқындармен);
д) мұз құрсанудың болуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет