Физикалық география


Электртехникалық мәшине жасау



бет67/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Электртехникалық мәшине жасау электр энергиясын өндіруге, оны тұтынушыларға жеткізуге және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылу және басқадай) түрлендіруге арналған жабдықтар шығарады.
Тоңазытқыштар мен мұздатқыштар өндіруде – АҚШ, Қытай, Италия, Жапония, Корея Республикасы; кір жуатын мәшине шығаруда – Қытай, АҚШ, Италия, Жапония, ГФР, Корея Республикасы; шаңсорғыш өндіруде АҚШ, Жапония, ГФР; қысқа толқынды пеш өндіруде АҚШ, Жапония; желдеткіш жасауда Қытай алдыңғы орында.
Электрондық өнеркәсіп – мәшине жасаудың ғылымды ең көп қажетсінетін саласы. Электрондық өнімдерді өндіруде жетекші орындарда АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония тұр. Тұрмыстық электрондық техникаларды шығару бойынша көшбасшы елдер қатарында Қытай, Малайзия, Сингапур, Бразилия (радиоқабылдағыштар); Қытай, Корея Республикасы, Бразилия (теледидарлар) шығарады
Химия өнеркәсібі өз шикізаттарын (апатиттер, фосфориттер, калий тұздары, мирабилит, күкірт), сонымен қатар басқа салаларға қажетті шикізаттарды (қара және түсті металл кендері, әктас, гипс) пайдаланады.
Химия өнеркәсібінің салаларын орналастыру кезінде көптеген түрткіжайттар: шикізат, көлік, білікті еңбек ресурс тарының бар болуы, тұтынушының жақын жерден табылуы есепке алынады. Экологиялық түрткіжайттар өте маңызды, өйткені химия өнеркәсібі экологиялық тұрғыдан қауіпті.
Химия өнеркәсібінің салалары: 1) тау кен-химия; 2) негізгі (бейорганикалық) химия; 3) органикалық химия; 4) химиялық реактивтерді шығару; фотохимиялық; 5) лак-бояу; 6) химия-фармацевтикалық; 7) тұрмыстық химия тауарларын өндіру.
Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің ішінде БАТЫС ЕУРОПА жетекші орынға ие. Мұнай өңдеу орталықтары орналасқан теңіз айлақтары (Роттердам, Марсель және басқалары).
Батыс Еуропадан мұнай өңдеуде СОЛТҮСТІК АМЕРИКА азғана кейін қалып келеді (30%), АҚШ жетекші рөл атқарады. Мексика бұғазының жағалауында дүниежүзіндегі ең ірі мұнай химия ауданы құрылған. АҚШ-та химия өнеркәсібінің басты аудандары – Техас және Луизиана. Техас пен Луизианада мұнай-химияның 200-ден астам кәсіпорындар жұмыс істейді және АҚШ-тың «мұнай-химия астанасы» – Хьюстон орналасқан.
Мұнай-химиядан үшінші дүниежүзілік көшбасшы – Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Азия. Оның кіндігі Жапония (18%) болып саналады, мұнда тасымалданып әкелінетін мұнайдың негізінде теңіз айлақтарындақуатты мұнай-химиясы қалыптасқан. Онда синтетикалық өнімдер мен жартылай өнімдер өндіріледі. Қытайда негізгі химия өнімдерінің өндірісі басым.
1990 жылдары пайда болған мұнай өндірісі дамыған аймақ Парсы шығанағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет