Физикалық география


Камералдық зерттеулер дегеніміз



бет7/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Камералдық зерттеулер дегеніміз– далалық және т.б. арнайы зерттеулер барысында жиналған материалдарды өңдеу.
Кеңістіктік қарым-қатынастар нысандардың бір-біріне қатысты қалай орналасқанын көрсетеді: бір нысанның екіншісіне қарағандағы бағытын (солтүстікке, оңтүстікке қарай, жанында және т.б.), нысандар арасындағы арақашықтық, нысанның басқа нысанға іркес-тіркес тіркелуі (мысалы, ауыл ауданның, аудан облыстың, облыс республиканың бөлігі және с.с.).
Уақыттық сипаттамалар деректерді алу мерзімі түрінде көрсетіледі. Географиялық деректерді сақтау, өңдеу, түсіндіру, беру үшін бір жерде жинақтау барысында, олардың құрамында географиялық нысанның орналасқан жері және негізгі қасиеттері туралы ақпараттың міндетті түрде болуын ұйымдастыру қажет.
Тапсырма:
1. Қаланың сипаттамасын қарастырыңдар және сипаттамадан:
1) орнына (орналасқан жеріне);
2) қасиеттері мен сипаттамаларына;
3) кеңістіктік қатынасына;
4) уақыттық сипаттамаларына көңіл аударатын деректерді анықтаңдар.
Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы және еліміздің
ең тығыз қоныстанған аймағы. Шымкент – халқының саны жағынан Алматы мен Астана қалаларынан кейінгі Қазақстандағы үшінші қала. Тұрғыны –
шамамен 896 092 адам (2016 жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша). (http://
ontustik.gov.kz/ru/pages/osnovnye-socialno-ekonomicheskie-pokazateli-rayonovyuzhno-kazahstanskoy-oblasti). Шымкент – Түркістан-Сібір теміржолындағы негізгі теміржол торабы және маңызды мәдени орталық. Шымкентте халықа-ралық әуежай орналасқан.
Шымкент Алматы қаласынан батысқа қарай 690 км және Ташкенттен
(Өзбекстан) солтүстікке қарай 120 км жерде орналасқан. Іргетасы Ұлы Жібек
жолында 12-ғасырда керуен сарайы ретінде қаланған. Сайрам – Ұлы Жібек
жолының маңызды қалаларының бірі болған, қаладан шығысқа қарай 10 км
қашықтықта. Шымкент көшпенділер мен жергілікті тұрғындардың арасын-дағы маңызды сауда торабы ретінде дамыды.
1914 жылы Шымкенттің атауы Черняев, ал 1924 жылы Чимкент болып өз-гертілді. Қаланың атауы екі сөзден шығады: «Шым» – «балшық, саз», ал «Кент» сөзі – «қала» деген мағынаны білдіреді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, еліміздің қалаларына байырғы
атауларын қайтару науқаны аясында, 1993 жылы қалаға алғашқы Шымкент
атауы қайтарылды.

Географиялық нысандардың қасиеттері сандық және сапалық сипаттамалармен көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет