Физикалық география



бет3/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Ақпаратты визуалдау - сандық және мәтіндік ақпаратты графиктер, диаграммалар, құрылымдық сызбалар, кестелер, суреттер, карталар және т.б. түрде ұсыну. Ақпараттың жартысынан астамын адам көру арқылы қабылдайды.
Қазақстанда, Қызылорда облысының аумағында дүние-жүзінің тұңғыш әрі ең ірі Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан..
География ғылымымен байланысты мамандық атаулары: геоморфолог, биогеограф, гляциолог және криолитолог, метеоролог және климатолог, ландшафттанушы, спелеолог, мұхиттанушы, гидролог, топырақтанушы, геосаясаткер, әлеуметтік және экономикалық географияның мамандары, география пәнін оқытушылар.
2. Географиялық зерттеу әдістері.
Географиялық модельдер
Географиялық ақпарат алу тәсілі әдіс жеке дара қолданылмайды. Әдіс басқа әдістердің тәсіл-дерімен бірлесіп, неғұрлым нақты және дәлелденген нәтиже алуға мүмкіндік береді. Н.Н. Баранский «біреуі басқаның орнына емес, біреуі басқалармен бірге», – деп жазған.
Далалық әдіс. Далалық зерттеулер арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізіледі және аумақты тұтас зерттеуді, маршруттық бақылау-ларды және типтік (негізгі) жер телімдерін зерделеуді қамтиды. «Негізгі» зерттеулер адамдардың өмірінің, олардың шаруашылық іс-әрекетінің географиялық ерекшеліктерін неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Ш. Уәлиханов «Жоңғария очерктерінде»: «Осылайша, саяхат бары-сында жинақталған мәліметтер, біріншіден, менің жеке бақылауларымнан; екіншіден, cенуге болатын адамдардан алынған және басқа да көрсеткіштермен тексерілген мәліметтер мен материалдардан және соңында көпестерден, шенеуніктерден алынған жазба дереккөзден, жергілікті жердің ресми құжаттары мен кітаптарынан тұрады», – деп жазған..
Географиялық сипаттау әдісі – географиядағы ежелгі әдістердің бірі, «жерді сипаттау» ғылымының атауына кіріктірілген. Географиялық сипаттау – бақылаулар мен далалық зерттеулердің нәтижесін қорытындылау.
Кешенді түрде жүрген сипаттамалар аумақтық кешенді толығымен қарастырады: табиғат – халық – шаруашылық.
Географ ғалымдар: «Географиялық сипаттамалар-дың сипаттау тілі қызықты болуы және көркем мәнерліліктің көптеген тәсілдерін қамтуы тиіс», – деп санайды.
Географ Ю.К. Ефремов Сахалинді сипаттауында: «…Сахалинде оңтүстігіне қарағанда солтүстігі суығырақ қана емес, батысы шығысына қарағанда жылырақ. Бұл жерде ландшафттардың кәдімгі ендік зоналылығының орнына, өзіндік «меридиандық зоналылық» қалыптасқан», – деп жазды.
Н.Н. Баранский ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан туралы: «Бұнда барлық орталықтар шалғайда, ал шалғай жерлер шөлді орталықта болды», – деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет