14. Ш.Уәлиханов – фольклортанушы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.
Шоқан қазақ аңыздары, аңыз- әңгімелері, ертегілері, өлеңдері, эпостық жырлары мен тарихи жырлары саласынан мол материалдар жинап, алғаш зерттеді. Зерттеу нәтижелерін қазақ халқының өткендегі тарихын танып білуге пайдаланды. Ғалым еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті алғашқы рет қазақтың мәдени рухани мұрасы есебінде зерттелді. Шоқан Уәлихановтың басқа еңбектері сияқты әдебиет туралы жазған мақалалары, ғылыми еңбектері, күнделіктері оның ерекше білімдарлығын, байыптылығын, аңғарымпаздығын, ұқыптылығын байқатады. Қай халықтың болса да әдебиеті алдымен фольклордан, халық сөз өнерінен басталатыны белгілі. Бұл заңдылық қазақ халқына да тән екндігін, оның ауыз әдебиеті де бай әрі өзіндік сыр-сипаттары да мол болғандығын Шоқан Уәлиханов көптеген деректерге сүйене отырып дәлелдейді. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған.
Сонымен бірге Ш.Уәлиханов жұмбақтарға да ерекше көңіл бөлген.
Ш.Уәлиханов еңбектерінде үйлену салтына қатысты наным-сенім, ырымдарға да тоқталған. Ол «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы» атты этнографиялық еңбегінде «от» үйдің киесі, сол себепті жаңа түскен келін үлкен үйдің отына тағзым етуі тиіс дей келіп: «Бұл салт жаңа түскен келіннің отқа тағзым етуі неке қию үрдісінде жасалады. Қалыңдық босағаны аттай сала тізе бүгіп сәлем береді. Салт бойынша қалыңдықтың жанындағы әйелдер қолдарын отқа қыздырып, қалыңдықтың бетін сипайды», – деп қазақ қызы келін болғанда жасалатын жоралғыларды суреттейді.
Яғни,Шоқан Уалиханов Фольклортануда ерекше еңбек сіңірген ғалымдардың бірі.
15. Төрт түлік туралы өлең-жырлар үлгілерін талдау
Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопаната, Сиыр атасы – Зеңгібаба, Жылқы атасы – Қамбарата, Түйе атасы – Ойсылқара, Ешкі атасы – Шекшеката. Шопанатадан «Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер», Қамбаратадан «Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгібабадан «Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсылқарадан «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер», – деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі – «Малдың баласын сүюі» өлеңі.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмеген момыным» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан-тасқа секірген шұнағым» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп.
Талдау:
Автор:авторы белгісіз,халық ауызынан тараған
Атауы:«Малдың баласын сүюі»
Тақырыбы:төрт түлік малдың балаларына деген махаббаты
Жанры:төрт түлікке арналған өлең-жыр,тұрмыс-салт жырлары
Идеясы:әр жаратылыстың,ананың баласына деген махаббатын көрсету
Шумақ саны:1
Тармақ-10
Бунақ-3
Буын-11
Көркемдегіш құрал:қайталау
Жай қайталау түрі кездеседі.Себебі,өлең жолдары аяғында "деп" сөзі қайталанды .
Достарыңызбен бөлісу: |