Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Көңіл айту, естіртудің үлгілеріне талдау жасау



бет15/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

19. Көңіл айту, естіртудің үлгілеріне талдау жасау
Жалпы,тұрмыс-салт жырларының бір түрі – көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді.
1)Қоштасу жақын адамынан айырылғанда айтылатын көңіл күй жыры болып табылады. Қоштасу өлеңдері сонымен бірге кір жуып, кіндік кескен атамекенмен, туған жермен қоштасу түрінде де айтылған.
2)Қазақ халқының ертеден келе жатқан көңіл күй өлеңінің бірі – естірту және көңіл айту. Естірту бір адамның немесе бүкіл елдің басына түскен ауыр халді, қайғылы қазаны өлеңмен, тұспал сөзбен не күймен жайлап естірткен. Мысалы:
Ақсұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан, –
деп, қазаны естіртуші адам айтайын деген ойын жұмбақтап, ишаратпен, тұспалмен бастап, әр түрлі салыстырулар арқылы тыңдаушыларды алдын ала даярлаған.
Сондай-ақ,
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
не болмаса «Жетпесті қума, келмеске жылама» деген сөздермен басу, жұбату айтқан. Мұндай өлең түрлері естірту деп аталған. Естірту өлең-жырмен де, қарасөзбен де, күймен де жеткізілген. Естіртудің қарасөз түріне «Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін естірту», «Шыңғыс төреге Шоқан өлімін естіру», «Қанжығалы қарт Бөгенбай өлімін естірту», т.б. жатады. Ауыз әдебиетінде естірту күй түрінде де кездеседі. Мысалы, Жошы ханның жалғыз ұлының өлімін күймен естірткен.
Көңіл күйге байланысты туған өлең-жырдың көне түрі – жоқтау біреудің жақын адамы, ел қамқоры болған батыр қайтыс болғанда айтылған.

20. Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі аңыз жанрының ерекшеліктері
Аңыз өмірде болған елеулі оқиғалар, ертеректе өмір сүрген көрнекті адамдар және белгілі бір жер-су, мекен жайлы баяндайды. Сондықтан ел арасында аңыздағы айтылатын оқиғалар мен іс-әрекеттер ақиқат нәрсе деп қабылданған. Жұрт үшін аңыз – ертегі емес, онда көркемделген қиялдың, көркем шарттылықтың белгісі аз. Әрине, объективті түрде қарайтын болсақ, аңызда да қиял бар, бірақ ол ертегідегідей, я болмаса эпостағыдай көркемделмеген. Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмән туғызбайды, өйткені оның түп негізі – тарихи шындық. Бұл біріншіден. Екіншіден, аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, я болмаса жыл мезгілі аталып отырады. Үшіншіден, аңыздың айтылу мәнері тұрақтанған, ол ылғи үшінші жақтан және өткен шақта баяндалады,осы нәрселер аңыздың негізгі ерекшеліктері болып табылады.Нақтылай түссек:
1)Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.
2)Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады.
3)Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.
Аңыз – халықтың өзі айтып берген ауызекі тарихы десе де болады. Олай дейтініміз – қазақ тарихында аты белгілі қайраткерлер мен ірі оқиғалардың аңызда айтылмайтыны жоққа тән. Қазақтың жеке ел болу тарихында үлкен роль атқарған Жәнібектен бастап 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске дейінгі аралықтағы Қазақстанның әр жерінде болған елеулі оқиғалар жайындағы аңыздың саны мол. Ол оқиғалар жалаң айтылмайды, олар көп жағдайда белгілі бір қайраткерлерге немесе мекенге байланысты болып келеді. Мысалы, Әз Жәнібек пен Жиренше шешен, Асан қайғы, Абылай, Қазыбек, Исатай, Сырым есімдеріне қатысты айтылатын әңгімелердің дені аңыз болып келеді. Сол сияқты ақтабан шұбырынды кезінде болған оқиғалар мен жер-жерде болған көтерілістер туралы прозалық ауызекі шығармалар да аңызға жатады. Сондай-ақ әртүрлі жер-су, мекенге байланыстырылып айтылатын да шығармалар бар. Оларды да фольклортану ғылымында аңыз жанрына жатқызып жүр.
Әдетте, фольклортану ғылымында аңызды тарихи және мекендік (топонимикалық) деп екіге бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет