Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Мысал айтыстың бір үлгісіне талдау жасау



бет31/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

39. Мысал айтыстың бір үлгісіне талдау жасау
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше саласы. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде сапасы жағынан да, саны жағынан да ерекше орын алады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:
1.Жар-жар.
2. Жануар мен адамның айтысы.
3. Өлі мен тірінің айтысы
4. Жұмбақ айтысы.
5. Салт айтысы: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.
6. Осы күнгі айтыстар.
Және тағы да басқа түрлері бар.
Мысал айтысы- тәлiм-тәрбиелiк, нақылдық қасиеттерi мол ұшырасатын айтыс түрі.
Мысал жанрына анықтамасы жөнiнде Ө.Күмiсбаев: «мысал айтылатын өнегелi ойды тұспалдап жеткiзетiн, көбіне өлең түрiне келетiн, сюжеттi, шағын көшендi көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейiпкерлерi аң, құс, балық, өсiмдiк дүниесi, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негiзгi сюжетке қоса нақыл түрiнде келетiн түйiндемесi де болады. Кейiпкерлердi сөйлестiру - диалог тәсiлi жиi қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тiлi қарапайым келедi. Жанр жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысал ысқақ үлгiсiне ауысады»- дейдi.
Мысал айтыстың алғашқы негiзiнiң түп тамыры Х ғасырдағы М.Қашқаридiң «Диуани лұғат ат түрiк еңбегiндегi жаз бен қыс айтысынан таралады.
Жалпы, Мысал айтыс - өмiрдегi көлеңкелi тұстарды, қоғамдағы бұркемеленген жағдайларды тұспалдай отыра, ашып, ащырақ қып жеткiзетiн екi немесе ұш объектiнiң арасындағы дау-тартыс немесе айтыс.
Мысал айтыс мазмұнына қарай:
а) ғибрат iстi уағыздаушы «Көкқұтан мен шымшық», «Сұлу бике мен Зейнеп», «Шапиғ пен Жаппар», «Ыдырыс пен Тайлақ», «Салпық пен Аты», «Әшiм мен Ақтұсақ»,
қ) Адалдыққа , еңбекке шақыру «Бай мен бәйбiiше», «Бай мен қойшы», «Еңбекшi мен жалқау», «Темiрбай жырау мен сиыр», «Бабақбай мен қасқыр», «Шашубай мен қасқыр», «Ат пен трактор»
б) Зұлымдыққа қарсы «Тоқты мен қасқыр», «Қасқыр мен қой», «Қарашекпен мен қасқыр», «Бабас пен қасқыр»,
Мысал айтыс үлгiлерiне қарай отыра, олардың қатысқан кейiпкерлерiне байланысты:
а) хайуанаттар немесе дерексiз затардыі өзара айтысы «Көкқұтан мен шымшық», «Тоқты мен қасқыр», «Төрт түлiк», «Ат пен трактор», «Қасқыр мен қой»
қ) адам мен аң, мал, зат: «Қарашекпен мен қасқыр», «Жұманазар мен домбыра», «Темiрбай жырау мен сиыр», «Ыбырыс пен Тайлақ», «Торайығыр мен Телпекбай»
б) адамдар арасындағы айтыс «Шапиғ пен Жаппар», «Гұлсым мен Бопан», «Сұлубике мен Зейнеп», «Есмахан мен Оразгұл», «Бай мен бәйбiше», «Бай мен қойшы», «Еңбекшi мен жалқау»-болып бөлінеді.
Мысал айтыстың алғашқы үлгiлерiнен әдебиеттанушы ғалым Мұхаметрақым Жармұхаметұлы ХI ғасыр ғалымы М.Қашқари еңбегiндегi қыс пен жаз айтысын, А.Яссауи жинағындағы Жұмақ пен дозақ айтысын, Жүсiп Баласағұн дастанындағы бастан аяқ сұрақ-жауап түрiнде келетiн талас-тартысты үлгiлердi жатқызады.
Мысал айтыс әр ғасырда өз жалғасын төл анасы айтыспен бiрге құбыла,түрлене отыра, дамып, арнасымен молайып келедi.Мысал айтыс ақындар шығармашылығынан лайықты орнын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып берiлiп келген мұра. Бүгiндерi мысал айтыс үлгiлерiн сатирик Көпен Әмiрбектiң, Л.Ыбрайымұлы шығармашылығынан т.б. табылып отыр. Мысал айтыс - дәстүрлi айтыстың түрлену процесiнде туындап, қанаттаса дамып келе жатқан көркем туынды. Мысал айтыстың халыққа берер ғибраттық маңызы, өнегелi пайдасы Ұшан-теңiз. Оның өзі де ақындар шығармашылығынан орнын тауып, даму тарихын жалғастыруы сөзсiз деп ойлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет