Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қажым Жұмалиев – фольклортанушы



бет32/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

40. Қажым Жұмалиев – фольклортанушы
Қажым Жұмалиев (1907-1968) – қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетінің тарихи негіздері туралы іргелі зерттеулер жүргізіп, монографиялар жазған талантты ғалым; қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы жайында жоғары мектептерде ұзақ жылдар бойы дәріс оқыған өнегелі педагог-ұстаз; әлденеше мәрте қайта басылған оқу құралдары мен оқулықтардың авторы; қазақтың қоғамдық санасын дамытып, ұлттық танымы мен талғамын арттыруға барша білім-білігін жұмсаған бірегей оқымысты.
Фольклортанудағы еңбектеріне келетін болсақ, 1960 жылы Қажым Жұмалиев өзінің екі томдық еңбегін жариялаған.«Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» атты бірінші томы екі үлкен бөлімінен тұрады.
Бірінші бөлім қазақ эпосына арналса, екінші бөлімде әдебиет тарихы туралы сөз қозғалады.
Халқымыздың басынан өткен тарихи кезеңдер куәсі тәрізді батырлар жыры мен бақытты өмірге ұмтылған ғашықтар туралы лиро-эпостар бұл бөлімде тарихи-әдеби мысалдар, деректер негізінде талданады.
Бұлардың ел есінде сақталуының түрлі себептері көрсетіледі: біріншіден, халықтың ұлттық рухани күшінің беріктігі; екінші, ауыз әдебиетінің ерекше дамуы; үшінші, халық әдебиеті эстетикалық ықпалының ұшталуы, көркемдігі, т.б. Халық тарихи шежіресін атадан балаға, келешек ұрпағына өсиет сөз, асыл мұра ретінде ауыз әдебиеті арқылы жеткізген. Ол халық рухын көтеретін қасиетті, киелі өнер түрінде қабылданып, табиғи жолмен дамыған. Ғалым зерттеулерінің қорытындысында қазақ халқының мәдениеті өркениеттің ұлы көшінен көз жазып қалған жоқ, дамыған елдер мәдениетінен кенже қалуымыз кейінірек басталған деген ойларға келеді.
Қ. Жұмалиев батырлық жырлар мен эпостық поэмалардың түрлі нұсқалары есте жоқ ескі заманнан халық арасына кең таралғандығын, нұсқалары ауызша әңгіме түрінде де кездесетіндігін айтады. Шыққан уақыты белгісіздеу болса да, туу, жасалу жолдары туралы Шоқан Уәлихановтың ХІҮ ғасыр мұралары деген пікірін қолдайды. Олардың әртүрлі варианттарын талдаудың, салыстырудың, белгілі бір жүйеде зерттеудің қажеттігін ескертеді. Көркемдік ерекшеліктеріне баға беруде поэтикалық талдаудың мықты тәсіл болатынын меңзейді. Қазақ ауыз әдебиетін жинауда, зерттеуде кемшіліктердің мол екенін көрсетіп, басты қателіктер ретінде тәжірибесіздікті, дерексіз ұшқары пікірлерге жол беруді атайды.
Қ.Жұмалиев зерттеп жатқан «эпостар санының аздығы жоқтықтан емес, ғылыми тұрғыдан іріктелгендері осылар» деп ескерту жасаған. Өйткені ғалымның бұрынғы зерттеулерінде басқа да шығармалар, мысалы, «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази», «Едіге» жырлары талданатын. Ғалым: «Бұл еңбекте бұрын таныс емес, әлі басылмаған варианттарын қысқаша мазмұндай баяндадық. Мақсатымыз – зерттеуде суреттелетін қаһармандардың іс-амал, ерлік қимылдарымен кеңірек танстыру», - деп түсініктеме
берген
Қазақ эпостарының құрылысын сөз еткенде, сюжет құру, адам образын жасау шеберлігіне, демек, шығарма поэтикасына айрықша көңіл аударады. Әр бейнеге өзіне лайық портрет, мінездеу берілетінін және олар монолог, диалог арқылы ашыла түсетінін көрсетеді. Оларды кейіпкерлердің күйініш, сүйініш жағдайларын бейнелеуге лайық қолданатынына мысалдар келтіреді. Кейде шегініс, жанамалап суреттеу, драмалық қақтығыс, коллизияларды талдап көрсетуде кездесетінін теориялық пайымдаулар арқылы дәлелдейді.
Эпостық жырларды зертеушілерге кез келетін қиындықтар ретінде автор төмендегідей мәселелерді ескертеді:
1. Эпостық шығармалардың алғашқы үлгілері, деректер мен жазбалар жоқ. Ауызша жеткен. Таралуы да ауызша. Олардың көбі кейіндеу жазылып алынған.
2. Бұл шығармалар қайда, қалай, қай түрда орындалды? Кімнен алынды, қай жыраудан? Орындаушылардың стилі байқала ма? Қай эпизодтарға көңіл бөледі? Қыстырма қара сөздерге қай бөліктерде көшеді? Шегіністерді қай тұстарда жасайды?
3. Қай жыраулар мектебінен. Қазақта мұндай мектептер аз болмаған. Шығарма түгел орындаған ба, әлде, үзінділер ме? Бұларды көрші елдердегі үлгілермен салыстыру қажет.-деген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет