Функционалдық сауаттылық



Pdf көрінісі
бет18/132
Дата13.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#162546
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   132
Қолданылған
 
әдебиеттер тізімі:
 
 
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
жөніндегі 2012
-
2016 жылдарға арналған ұлттық іс
-
қимыл жоспары: / Қазақстан 
Республикасы
2. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» 

А., 
2006ж. 

3. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан 
Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. 
Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS
- PEARSON. 


34 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –
 
МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ 
САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
 
 
Адепбаева Замира Амангельдиновна,
бастауыш сынып мұғалімі, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Ш.Айманов 
атындағы жалпы орта білім беру мектеп
-
интернаты
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін,
тек олардың оқуы үшін жағдай жасаймын.»
Альберт Эйнштейн
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына 
сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің 
алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру 
жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге 
алудың өзектілігін арттырып отыр. Функционалдық сауаттылық оқушылардың 
танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының 
көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі 
саласындағы 
тапсырмаларды 
шешуде 
мектептік 
білім 
мазмұнының 
қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. 
Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс 

әрекеттердің дағдылары 
мен әлеуметтік іс 

тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында 
негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.
Елбасы Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі 
тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Білім беру тек қана оқытумен ғана 
шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет 
екендігі айқын. Функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір 
пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде 
қабылдауы тиіс .Осыған байланысты елімізде оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 

2016 жылдарға арналған ұлттық іс

қимыл жоспары бекітілген. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім 
берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның 
әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. 
Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы 
бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының 
мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, 
жүйелене түседі. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен 
біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс 

әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, 
бірімен 
бірінің 
үндестігін 
оқулықтардағы 
мазмұнының 
мәтінімен 
байланыстыру қажет. Сонымен қоса білім беру деңгейлеріндегі оқушының 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік 
жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың 
түпкі нәтижесі не дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге 


35 
асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім 
мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына 
негіз деп құру тиімді болмақ. 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту 
жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін 
бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, 
жаратылыстану
ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, 
компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс 
арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден, 
отбасынан басталады. Өйткені, ата –
аналардың балаларды оқытуы және 
тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі 
тетіктерінің бірі болып көрсетілген. Баланың бойына рухани құндылықтарды 
қалыптастыруға, жағымсыз мінез –
құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін 
функционалдық сауаттылық ата –
ана бойында да болуға тиіс. Ата –
аналар 
баланың ұғынуына көмектесулері керек. Еңбектің бағасын білген бала оның 
нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата –
ананың 
функционалдық сауаттылығы тұр. 
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз –
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс 
жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы 
аталған шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық
сауаттылығы қалыптасады Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде 
бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда
білім берудің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық 
өмірін, арман
-
мүддесін танытуда, оларға идеялық
-
саяси, рухани
-
адамгершілік, 
этикалық
-
эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы 
мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде 
пайдалану –
бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, 
тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын 
үйрету –
қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Мысалы: өз 
сабақтарымда оқушыларды сабақтың тақырыптарына байланысты топтарға 
бөліп, ойындар арқылы топтарының аттарын тапқызып, оқушыларды 
қызықтыру үшін ұлттық ойындарды, ребустар, сөзжұмбақтарды пайдаланамын. 
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет бойынша әңгіме 
құрастыру, тақырып бойынша өлеңдер, «Сөз ойла, көп ойла»,
«Өлең 
шығарайық», «Бес жолды өлең» құрастыру жұмыстарын жүргіземін. 
Оқушылардың ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «Аквариумдағы 
алтын балық», «балық сүйегі» әдістерін қолданамын.
Сонымен функционалдық сауаттылық –
адамның сыртқы ортамен қарым
-
қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен 
қарым
-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық 
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп 


36 
саналатын және оның әлеуметтік қарым
-
қатынас жасауын қамтамасыз ететін 
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек 
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол –
ұлттың, елдің немесе 
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай 
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке 
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады, сондықтан теория мен 
тәжірибені байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша 
берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, 
заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық
-
ақпараттық материалдардың бала 
өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, 
бала оны қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс, сондай
-
ақ 
оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән
-
мағынасын 
терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.
Бүгінгі күн талабына сай жан –
жақты дамыған,белсенді,өмірге 
талпынысы,қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап 
шығарудың ең бір тиімді
тәсілі ол –
оқытудағы математикалық сауаттылық. 
Математикалық сауаттылық мәселелері оқу процесіндегі толығымен 
орындалмай 
отырғандығын 
көрсетеді. 
Математикалық 
сауаттылық 
проблемалары осы күнге деиін аз айтылып жүрген жоқ.Егер әр бір мұғалім әр 
сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып,үнемі көңіл бөліп 
отырса, білім сапасы әлдеқайда жақсарар еді.
Бастауыш сыныптарда оқушылар сандық өрнектермен арифметикалық 
амалдарды орындаумен шектелсе,алгебра,геометрия,тригонометрия әлеміне 
енген сайын басқа жаңа
талаптар қойылады. Бастауыш сыныптарда 
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және «+», «
-
», «*», «/» секілді таңбалармен қатар І,V,X, M, L, 
C тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз. Ал енді алгебрада латын,грек 
әріптерін үйренуге тура келеді. Міне, осы әріптерді дұрыс жаза және оқи білу 
математикалық сауаттылық білдіреді. Оқушылар геометрия ұғымдарымен 
бірінші сыныптан таныс болады, кейін жаңа жазулар мен сызулар кездесуі 
мүмкін және оқытуда арнайы заңдылықтар сақтау қажет. Мұғалім оқушыны 
математика пәнінің қыр сырына үйрету үшін оған математикалық 
сауаттылықты сақтау жөнінде күнделікті қатаң талаптар қойып,орындалуына 
мұқият зер салуы керек. Сонда оқушы математикалық өрнектерді оқуда, жазуда 
және сызбаларды сызуда сауаттылық көрсетіп, тәртіпке бейімделеді де, 
есептерді де алгоритм немесе логика бойынша тез, әрі сауатты шеше алады, 
сабаққа да ынтасы арта түседі. Сауаттылық қызметі –
алған білім, білік, 
дағдысын күнделікті іс –
әрекетте пайдалану біліктілігі. Оқушылардың 
танымдық әрекет амалдарын меңгеруін есепке алып, алгоритмдік есептерден 
эвристикалық типтегі есептерге көшу кезінде оқу
-
зерттеулік есептер көбейе 
түсетін өзара байланыс түрі өте тиімді. Математикалық сауаттылықтың дамуы 
оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның 
ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Математикалық 
сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан 
тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту.


37 
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде 
өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір 
сүріп, 
адал 
еңбектенетін, 
бәсекелестікке 
қабілетті 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыруға септігін тигізеді.
Халықаралық TIMSS зерттеуі оқушылардың математика және 
жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат 
етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген 
білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін 
бағалауға бағытталған. Яғни, бұл зерттеудің мақсаты –
математика мен 
жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді 
оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз 
ету. Кез
-
келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер 
оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне 
негізделіп, танымның логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, 
оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен 
дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
Мысалы: «Жаратылыстану» пәні, 2

сынып.
Тапсырма: Спортшының жылдамырақ жүгіруіне не кедергі болуы 
мүмкін? Сен қандай кеңес бересің?
Жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы 
оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой
-
өрісінің 
кеңеюіне, ғылыми

зерттеу дағдыларының қалыптасуына, дамуына 
көмектеседі.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту 
жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу 
жоғарыда аталған құзыреттіліктерінің қалыптасына бағытталған арнайы жұмыс 
арқылы оң нәтижелерге қол
жеткізуге болады.
Функционалды сауатты оқушылардан күтілетін нәтижлер:
оқуға деген ынтасының артуы;
оқушының жан –
жақтылығы ;
бірігіп топпен жұмыс жасауының қалыптасыуы;
өз жетісіктерін дұрыс бағалай білуі;
қоршаған ортада басқа адамдармен
қарым –
қатынас жасай алады;
Қорыта келе оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту –
бүгінгі заман талабы. Осы ретте, бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе 
білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен 
жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған 
мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы –
өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. 
«Қыран 

түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз 

шәкіртіне талмайтын талап 
сыйлайды»,

деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, 
қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға 
қоғамды 
соншалықты 
дәрежеде 
дамытады. 
Сондықтан 
тұлғаны 
қалыптастыруда Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын 


38 
басты ұрандай ұстансақ артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын 
ұрпақтың функционалды сауатты болуын біз назарда ұстауымыз керек дегім 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет