Функционалдық сауаттылық



Pdf көрінісі
бет17/132
Дата13.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#162546
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   132
Түйінді сөздер:
Функционалдық сауаттылық, тиімді әдіс
-
тәсілдер.
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік 
әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі 
терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де 
маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған 
стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық 
сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай 
алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын 
тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында 
қалыптасады. Қазіргі таңда бұл тақырып өзекті.
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, 
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене 
араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни 
бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, 
функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі 
білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық 
сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз 
кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, яғни, жалпы білім беретін мектептерде 
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан 
дамыған азаматын қалыптастыру.
«Функционалды сауаттылық» оқушының мектептегі алған орта білімінің 
күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін 
тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде 
табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық 


32 
оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді 
жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей 
өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім 
мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне 
негізделеді.
Функционалды сауатты болу үшін оқу және жазу, жаратылыстану 
ғылымдарындағы,математикалық, компьютерлік отбасылық өмір,денсаулық 
және тағы басқа сауаттылықтар қалыптастыру
қажет соның негізінде өмірлік 
дағдылар қалыптасады. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және 
иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға 
қабілетті болып келеді. Бұл жұмыстарда берілген материалдар оқушылардың әр 
түрлі деңгейдегі функционалды сауаттылығына талдау жасау арқылы 
оқушының қалыптасқан оқу –
білу құзіреттілігінің ХХІ ғасырдағы білім және 
ғылымның өзекті мәселелері. Мұғалім мен оқушының іс–әрекетінің 
байланысын әр түрлі кезеңдерде функционалды сауаттылығының қалыптасуын 
мақсаттылық, жоспарлау, шешім қабылдау, орындау, нәтижеге баға беру 
арқылы жүзеге асыруға болады.
Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу 
ісіне өзінше қызығушылығын оятатын, оған қабілетін арттыратын жағдай 
туғызу керек. Оның бастысы –
оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының 
оқудағы іс
-
әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, 
әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Оқушылардың 
сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда 
талдай біледі.
Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен тәжірибені 
тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. Оқушылардың білімге 
ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім 
сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына 
мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген 
мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы 
мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. тәсілдерін 
ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан –
жақта қарастырып, зерттеп, 
игеруіне мүдделі. 
Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы 
жолының бірі –
сабақта ойындарды қолдану. Ойын арқылы баланы ойлата білу. 
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді 
Мысалы, 3
-
сыныпта «Текше» тақырыбын түсіндіру сабақтарында әр оқушы 
текшенін жазбасын жасайды және текшенің макетіне қарап отырып, текшенің 
жақтарын, төбелерін, қырларын санап отырып көрсетеді. Мұғалім тарапынан әр 
оқушының қолына жақтарында сандар жазылған текше таратылды. «Кубизм» 
әдісі бойынша текшені лақтыра отырып көбейтуге өрнектер құрастырып, 
мәндерін тапты. Сабақ соңында оқушылар айналаларынан текше тәріздес 
заттарды таба білді.
«Планшет» әдісін де жиі қолданамын. Оқушылар қолдарындағы 
планшетке бірінші болып тапсырманы жазуға тырысады. Және бұл жерде 


33 
оқушы қателесуге қорықпайды, себебі бірден өшіріп қатесін түзете алатынын 
біледі.
«БББ» кестесінің
алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім 
келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің 
маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
Ойлан, жұптас, бөліс

оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма 
берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада 
сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін 
берілген уақыт ішінде (2
-
3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы 
жұбымен жазғанын 3 –
4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім сырттан 
бақылаушы болып, әр топқа жақындап топ жұмысын көре алады. 2
-
3 жұпқа өз 
пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада).
Идеялар мен 
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба 
кестелер. Математикада терминдер көп кездесетіндіктен «Кластерді» сабақ 
барысында жиі қолданамын. Себебі, оқушылар сызба, кестемен жұмыс 
жасағанды ұнатады. Және есте сақтау мүмкіндіктері де артады. Мысалы: 
«шаршы» деп жазсам, оқушылар жан
-
жағына шаршы жайлы білімдерін жазады. 
Сол сияқты амалдардың компоненттерін жаттап алуда да тиімді. Амалдардың 
компоненттерін жаттауда, көбейту кестесін қайталауда, қалдықпен бөлуде, 
санның квадраты мен кубын табуда, мәтінді есепті талдауда «Сыртқы
-
ішкі 
шеңбер» әдісін жиі қолданамын. Себебі бұл жерде оқушылар сұрақ қоя білуге 
дағдыланады, компонеттерді, көбейту кестесін қайталайды, оқушының 
жауабын тыңдай отырып, шешім қабылдауға үйренеді. 
Сабақ барысында тиімді тәсілдерді пайдалану маңызды. Себебі, тәсілдер 
тақырыпты ашып, мақсатқа жеткізетіндей болу керек. Сабақ жоспарын 
құрастыру барысында «Бұл тәсілдің тиімділігі неде?» деген сұраққа жауап алу 
керек. Менің ойымша, сабақ үстінде ойынды, тиімді тәсілдерді пайдалана 
отырып, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, 
фунционалдық сауаттылықтарын да арттыра аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет