Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет37/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   271
Литература
1.
Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые 
законодательные акты по вопросам образования», 2020 
2.
Christensen Institute [сайт института Кристенсена]-2017, www.christensen institute.org 


77 
3.
Андреева Н.В., Рождественская Л.В., Ярмахов Б.Б. – Шаг школы в смешанное обучение – М.: 
Буки Веди, 2016 г. 
4.
Кондакова М.Л., Латыпова Е.В. Смешанное обучение: ведущие образовательные технологии 
современности// Вестник образования. 29 мая 2013 
 
 
 
Адамбаева Б.Т.
«№5ЖББМ» КММ, Балқаш қаласы 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚТЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бірі – функционалды сауатты тұлға қалыптастыру. 
«Функционалдық сауаттылық» дегеніміз не? Функционалды сауаттылық-адамның сыртқы ортамен 
қарым-қатынас жасауы, оған тез үйреніп, бейімделе білу қабілеті. Сабақта функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыру-бұл балаға белгілі бір әлеуметтік ортада оның өміріне аса қажет деп 
саналатын және әрі қарайғы да әлеуметтік қатынастарда тұлғаның қажеттіліктерін қамтамасыз 
ететін білім, білік және дағдыға үйрету. 
Қазақ тілін оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылыққа әртүрлі тәсілдермен қол 
жеткізуге болады. Мұғалім оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету барысында оқушыға
тапсырманың қандай мақсатта орындалатынын нақты түсіндіріп, түпкі мақсатқа жетуге қандай 
тәсілдер мен әдістерді қолдану керектігін түсінуі керек. Ол үшін мұғалім жағдаятты, ұжымдық 
өзара әрекеттесуді, тіл дамыту жұмыстарын, жеке, жұптық, топтық жұмыстарды қамтитын 
коммуникативті-бағытталған оқыту әдістерін қолдануы керек. 
Сабақ барысында тірек сызбалар, рөлдік ойындар, кестелер, сызбалар, постерлер белсенді 
қолданылады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сөйлеуде лексиканы белсенді қолдана білуіне, 
синонимдердің көмегімен сөйлеуге дағдыландыруға және сөздік қорларын байытуға деген 
қызығушылығын арттыруда оң нәтиже береді. Бастауыш және орта буындарда ойын 
технологиялары әр сабақта қолдану керек. Барлық осы ойындар нақты өмірге, балалардың нақты 
контингентіне, белгілі бір сабаққа деген көзқарасына, жеке қабілеттеріне мүмкіндігінше жақын 
ойластырылып жоспарлануы керек. Рөлдік ойын коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға 
ықпал етеді. Лексикалық қорды байыту, лингвистикалық ой-өрісін кеңейту, сөздің анықтығы, 
түсініктілігі үшін мен сабақтарда мақал-мәтелдерді, сөз тіркестерін, фразеологиялық бірліктерді
«Кім жылдам?», «Кім көп біледі?», «Егер мен...» ойындарын үнемі қолданамын. Коммуникативтік 
сауаттылықты қалыптастыру дегеніміз топта, командада жұмыс істей білуді, басқа адамдарды өзіне 
қарай тарта білуді, жаңа, үйреншікті емес талаптар мен шарттарға бейімделуді, топ жұмысын 
ұйымдастыруды, диалог барысында қазақ тілінің сөздерін түрлендіре пайдалана отырып қарым-
қатынасты құруды, тақырыпқа сай әңгімелесе білуді қамтиды. Диалогты жиі қолданудың 
сыныптағы оқушылардың интеллектуалды дамуы және олардың оқудағы нәтижеге қол 
жеткізулеріне ықпалы зор. Сондықтан мен сабақта диалогтық оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі 
әдістерін белсенді қолданамын. 
АКТ-ны қолдану арқылы өте жоғары нәтижелі сабақтар өткізуге болады. Сабақта 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған бейнефильмдерді ("Қазақ халқының 
салт - дәстүрлері", "Қазақстан облыстары", "Қорықтар" және т.б.) қолданамын. Олар оқушылардың 
өтіп жатқан тақырыптары бойынша көздерімен көріп, дәлелді, анық қабылдауларына мүмкіндік 
береді. Мұғалімнің түсініктемелерімен және мәтіндерге сүйене отырып, фильмдерді көру 
оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті 
сабақтарында сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін тапсырмаларды да орындайды. Мысалы: 
«Дұрыс – Бұрыс», «Синквейн» әдісі, «Білемін – Білім келеді – Білдім», «Ыстық орындық», «Автор 
орындығы», «Кір жаю», «Табан іздері», «Қара жәшік», «РАФТ»және т.б. 
Сөздік жұмыстарды ұйымдастыру барысында «Кластер» әдісін қолданамын. «Кластерді» 
құруда тақырыпқа байланысты мәтінде сипатталған кез келген тұжырымдамаға, құбылысқа, оқиғаға 
қатысты ақпарат, ұғымдар, түсініктер жүйеленеді. Берілген негізгі ұғымға қатысты оқушылар 
логикалық тұрғыда ойлануға дағдыланады.


78 
Қазақ тілі сабағының маңызды құрамдас бөлігі-оқушының мәтінмен өзіндік жұмысы. Бұл 
тек оқу және мазмұнын түсіну ғана емес, функционалды сауаттылыққа арналған тапсырмаларды 
орындау, яғни функционалды оқу дағдыларын қалыптастыру. 
Оқушыларға қателері бар мәтіндерді жиі ұсынамын. Мұндай тапсырмаларды әр түрлі 
конкурстар мен олимпиадаларға, қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде өткенді қайталау үшін 
немесе өтілген тақырыптарды пысықтау үшін пайдалануға болады. Мысалы: жетіспейтін сөздерді, 
сөз тіркестерін, тұрақты тіркестерді табыңыз; оқиғалар тізбегін қалпына келтіріңіз; қателерді 
табыңыз және т. б. Өтіліп жатқан тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын тексеру ретінде 
пайдаланылуы мүмкін немесе үй тапсырмасы ретінде де беруге болады. Сонымен қатар әртүрлі 
веб-қызметтерді де пайдалануға болады. 
Оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру кезінде де жұмыстың әдісі әр түрлі 
болуы мүмкін: сыныптағы өзіндік жұмыс (жұпта, топта жұмыс істеу), өз бетінше білім алу, 
мұғалімнің жетекшілігімен ұжымдық жұмыс. 
Функционалдық сауаттылық дағдылары қалыптасқан оқушы оқудың әртүрлі түрлерін 
пайдалана алады. Мен оқушыларымды оқу мәтіндерімен, анықтамалықтармен, сөздіктермен мұқият 
жұмыс істеуге үйретуге тырысамын. Тақырып бойынша жұмыстың соңғы шығармашылық 
кезеңінде оқушыларға жеке қабілеттерін, шығармашылықтарын көрсетуге, жұмысқа деген 
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін «Жоба» әдісін қолданамын. 
Тілдік пәндерді оқытуда оқушылармен жоба қорғау оңай болмағанымен, өте жоғары 
нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Оқушы көпшілік алдында сөз сөйлеуге, өз пікірі, көзқарасымен 
бөлісіп, дәлелдер келтіре алатындай дәрежеге жетеді. 
Сіздің әрі қарайғы жұмысыңызды түзету және жоспарлау үшін кері байланыс міндетті түрде 
қажет. Сондықтан сабақта рефлексияны міндетті түрде қолдану керек. Оқу процесінде тек білім 
беру ғана емес, сонымен бірге баланың сіздің сабағыңыздан қандай көңіл-күй, әсермен кетуі де 
маңызды екенін есте ұстаған жөн. 
Рефлексия балаларға өз ойларын нақты тұжырымдауға, білгендерін жақсы есте сақтауға 
мүмкіндік береді. Сабақ барысында әр баланың ойын міндетті түрде тыңдап, тексеріп, бағалауға 
тырысамын. 
Осылайша, мектептегі пәндерді оқыту процесінде оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамыту мәселесі оқу іс-әрекетінің мазмұны мен мұғалімнің құзыреттілігі 
аспектісінде іске асырылуы тиіс. Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын және 
бастайтын педагогикалық процесті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мұғалімнің кәсіби 
құзыреттілігін дамыту білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде басты міндеттердің бірі болып 
табылады. Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қазіргі қоғамға постиндустриалды әлемде 
болып жатқан өзгерістерге тез бейімделе алатын адамдар қажет. Жаңа жағдайларда оқыту процесі
«өмір бойы білім беру» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпал ететін құзыреттіліктерді дамытуға 
бағытталуы керек. Құзыреттілікті дамытудың алғышарты функционалдық сауаттылық екендігі 
дәлелденіп отыр. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты- болашақ ұрпаққа жеке, әлеуметтік және кәсіби 
іс-әрекеттегі әртүрлі проблемалық жағдайларды шешуге қажетті білім беру жәнебілімін дұрыс 
қолдануға үйрету. 
Сабақ барысынан фотосуреттер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет