Гормондар биохимиясы



бет19/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Секрециясының бұзылуы: гормонның гипер өнімі Иценко-Кушинг синдромы түрінде көрінеді, ал гипо өнімі Адиссон ауруы түрінде білінеді.
Тиротропты гормон


Химиялық табиғаты: бірдей емес 2 суббірліктен тұратын димерлі нағыз гликопротеид. α-суббірлігі 92 аминқышқылынан (ФСГ және ЛГ суббірліктеріне ұқсас) және β-суббірлігі 110 амиқышқыланан тұрады. Биологиялық белсенділігі осы β-суббірлігі құрамына байланысты және қалқанша безінің дамуы мен тироксин, трийодтиронинді бөлу қызметін қадағалайды.
Әсер ету механизмі: бірінші, цАМФ арқылы.
Нысана жасушалары: қалқанша безі мен май тіндері.
Физиологиялық әсері:

- қалқанша безі жасушаларына иод түсуін жоғарылатуға
алып келетін иодидті насос қызметін ынталандырады;
- тирозиннің иодтануына жағдай жасайды;
- тиреоглобулин синтезіне жағдай жасайды;
- Т3 және Т4 түзілуіне жағдай жасайды;
- тиреоглобулиннен гормондар босатылуын;
- қанға гормон бөлінуін қадағалайды.
- нысана жасушаларында липолиз бен гликогенолизді күшейтеді;
- қалқанша безі васкуляризациясын ынталандырады, қалқанша безі фолликулярлы жасушаларының көлемі мен мөлшерін жоғарылатады.
ТТГ-ның секрециясы түнде жоғарылау болады, ал таңға таман төмендейді. ТТГ-ның гипер өнімі гипертиреодизмде, ал гипо өнімі гипотиреодизм белгілерімен байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет