Гормондар биохимиясы



бет20/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гонадотропты гормондар

Бұларға ФСГ, ЛГ, пролактин (лактотропин ЛТГ) жатады. ФСГ және ЛГ бірінші механизм, ц АМФ арқылы әсер етеді. ФСГ – кәдімгі гликопротеид, 2 суббірліктен α-суббірлігі 92 аминқышқылынан, β-суббірлігі 115 аминқышқылынан тұрады. Екі гормонның да α-суббірліктері ТТГ α-суббірліктеріне ұқсас. ЛГ – құрамы 88 аминқышқылды қалдықтан тұратын α-суббірлік және 119 аминқышқылды қалдықтан тұратын β –суббірлікен тұрады.


Осы гормондардың бөлінуі гипоталамустың рилизинг-факторларының: люлибериндер, фоллибериндердің бақылауында болады. Гонадотропиндер мен олардың бөлінуін бақылайтын лю-фоллитропиндер адамның дамуының эмбриональды кезеңінен бастап түзіле бастайды. Бірақ, гонадалар қызметінің қалыптасуындағы және жыныстық дамудағы олардың мәні бұл кезеңде шектеулі болады. Постэмбриональды кезеңде андрогендер мен эстрогендердің инициациялаушы әсеріне байланысты олардың қызметі күшейеді. Аталық және аналық бездердің гонадотропиндер әсеріне сезімталдығы жоғарылайды.
Нысана-жасушалары: жыныс бездері
Физиолгиялық әсері: әйелдер ағзасында аналық бездер өсуі мен фолликулалар өсіп-өнуіне әсер етеді, андрогендердің эстрагендерге айналуына жағдай жасайды. Ерлер ағзасында андроген байланыстырушы протеиннің (ингибин) Сертолли жасушаларынан түзілуін ынталандыра отырып, сперматогенезді тежейді.
Әйелдерде ЛГ:

    • ұрық жасушалары мен овуляцияның түптілікті дамуына;

    • прогестерон синтезіне;

    • аналық бездерде эстрогенез бен андрогенезге жағдай жасайды.

Ерлер ағзасында:

    • тестостеронның Лейдиг жасушаларынан түзілуін қамтамасыз етеді;

    • сперматогенезді күшейтеді.

ЛГ-нің түнде көп бөлінуі жыныстық дамудың алғашқы белгісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет