Гормондар биохимиясы


Әсер ету механизмі, нысана-жасушалары және физиологиялық әсері



бет23/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Әсер ету механизмі, нысана-жасушалары және физиологиялық әсері. Вазопрессин бірінші фосфатидилинозитті жүйе (V1) және бірінші цАМФ (V2) рецепторлар арқылы әсер етеді. V1 – рецепторлары фосфолипаза С-мен байланысқан және перифериялық тамырларда кездеседі. Осындай рецепторлармен байланыса отырып, вазопрессин өз атына сай вазоконструкцияны (қантамырлар тарылуы) тудырады. V2-рецепторлар аденилатциклазамен байланысып, бүйрек түтікшелерінің дистальді бөлімі эпителийлерінде кездеседі. Осындай рецепторлармен байланыса отырып вазопрессин цАМФ арқылы аквапориндерді, яғни су тасымалдаушы ақуыздарды белсендіреді, салдарынан гормонның антидиуретикалық әсерін көрсететін нефронның дистальді бөліктерінде су реабсорбциясын күшейтеді, осыған орай гормонның екінші аты –АДГ- антидиуретикалық гормон деп аталады.
Вазопрессин – гепатотропты гормон, маңызды үдерістер қатарын белсендіруші. Ашығуда гормон бауыр глюконеогенезін, ал тойып тұрғанда гликогенолизді, сондай-ақ гликоген ыдырауын тездетіп, түзілуін тежейді. Вазопрессиннің әсерінен бүйрекүсті гормондарына тәуелді гипергликемия күшейеді. Вазопрессин бауырда ЖМҚ ұстап қалу мен тотығуын және олардың этерификациясын арттырады. Ол глюкагонның кетогенді әсерінен сақтандырады. Вазопрессин инсулин секрециясын ынталандырырады, және де онда липогенезді ынталандыра отырып, глюкозаның ұсталып қалуын және адиноциттерге қансарысуындағы ЖМҚ артық мөлшерінің шығарылуын ынталандыра отырып, май тіндеріне инсулинтекті әсер көрсетеді. Сондықтан вазопрессиннің әсерінен қан сарысуы ЖМҚ-ның мөлшерінің ұзақ уақыт бойы төмендеуі орын алады. Вазопрессиннің әсерінен АКТГ секрециясы күшейеді және стресс кезінде ЛГ секрециясының тежелуі араласады.
Вазопрессин VІІІ фактор синтезін ынталандырады және қан ұюына жағдай жасай отырып, Виллебранд факторының секрециясын жоғарылатады.
Вазопрессин ОЖЖ әсер етеді, үрей сезімін және ауырсыну реакцияларын төмендетеді, есте ұстау қабілетін ынталандырып шөлдеу сезімі орталық механизмінің реттелуіне қатысады.
Сондықтан, вазопрессиннің рөлі осмореттеушілікпен бітпейді, ол ағзаның экстремальды жағдайлар дамуына қарсы әсерін ынталандырушы ретінде де сипаттауы мүмкін.
Вазопрессин түзілуі бұзылған кезде немесе оның жеткіліксіздігінен қантсыз диабет дамиды, яғни түтікшелердің дистальді бөліктерінде және нефронның жинақтау түтігіндегі судың реабсорбциясы күрт төмендейді. Мұнымен көбіне балалар мен жасөспірімдер ауырады. Бұл патология барлық эндокринологиялық аурулардың 0,5%-ын қамтиды. Мұндай ауруда тәуліктік диурез артып (тәулігіне 10л-ге дейін) гипоизостенурия, никтурия байқалады, салдарынан осмостық қысымның жоғарылауы, қан қысымының төмендеуі, жасуша тургорының кемуі, терінің құрғауы байқалады. Қанның осмостық қысымының маңызды реттеушісі ретінде вазопрессинті бөлуші гипоталамо-нейрогипофизарлы жинақ осмостық үредістердегі кез-келген өзгерістер мен осыған байланысты гемодинамика мен диурез өзгерістеріне сезімтал болады. Бұл үдерістер барысында кез-келген ауытқулар теріс кері байланыс механизмі бойынша вазопрессин мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Мысалы: қан кеткен кездегі қан плазмасының көлемінің небәрі 8%-ға кемуі вазопрессиннің түзілуінің тез арада артуын тудырады. Ақуызды ерітінділерді жіберу, шөлдеу, тұзды, глюкозаны шектен тыс қабылдау, қан қысымының төмендеуі, гипоксия және т.б. вазопрессиннің секрециясына ынталандырушы әсер көрсетеді. Салдарынан, вазопрессин артық мөлшерде бөлініп, плазмада су мөлшерінің артуына, қанның осмостық қысымының қалпына келуіне, циркуляциядағы сұйықтықтың мөлшерінің және қан қысымы мөлшерінің артуына себепкер болады. Керісінше диурездің тежелуі, тұзы аз диета, қан қысымының жоғарылауы, гипероксия АКТГ бөлінуін тежейді.
Вазопрессин артық мөлшерде бөлінгенде ағзада судың жинақталуы, қан қысымы жоғарылайды, жұмсақ ісіктер, бас ауруы, олигоурия байқалады. Несептің салыстырмалы салмағы артады.
Окситоцин бірінші механизм, цАМФ арқылы әсер етеді. Алайда рецепторлардың стимуляциясы нысана-жасушаларда цАМФ деңгейін төмендетеді. Рецепторлар жатырдың біріңғай бұлшық еттері жасушаларында және сүт бездерінде кездеседі. Окситоцин жатырдың жиырылуын жоғарылатады. Альвеолдардан сүттің жылжуына жағдай жасайды. Дәрілік препарат ретінде басануды ынталандырушы болып табылады.
Бүйректе окситоцин әлсіз антидиуретикалық әсер көрсетеді және кортикальді нефрондар қан ағысы мен фильтрациясын ынталандырады.
Окситоциннің метаболиттік әсері май тіндеріне липогенезді, глюкоза ұсталуын және қан сарысуы бос май қышқылдарын ынталандыра отырып инсулинтекті әсер көрсетуінде. Сондықтан окситоциннің әсерінен қан сарысуында бос май қышқылдарының мөлшерінің ұзақ уақыт деңгейінің төмен болуы байқалады және вазопрессинмен бірге белгілі бір деңгейде окситоцин стресс кезінде кетоздан сақтандырады.
Окситоцин ағзада ауырсыну сезімін төмендетеді, яғни босану кезінде физиологиялық маңызы бар. Осы гормон жасушалық иммунитетті ынталандырады деген мәліметтер бар. Окситоцин есте сақтау қабілетін ынталандыра отырып, орталықтық әсер көрсетеді.
Ерлерде окситоциннің әсерінен жыныс гормондарының стимуляциясы кезінде жыныс гормондарының секрециясы күшейеді және эякуляция кезінде жыныс гормондарының мөлшері жоғарылайды.
Окситоцин босану кезінде жеткіліксіз бөлінсе, жатырдың жиырылу белсенділігі әлсіз болуы мүмкін, ол тек ана емес, бала үшін де қауіпті жағдай болып табылады, ал оның артық мөлшерде түзілуі ауыр салдары бар жедел босану орын алуы мүмкін. Жүктілік кезінде окситоциннің деңгейінің жоғарылауы түсік тастауға алып келеді.
Гипофиздің артқы бөлігінде секреттелетін үшінші гормон – нейрофизиннің қызметі әлі зерттелуде. Ол гипофиздің артқы бөлігінде вазопрессин мен окситоциннің тасымалдануы мен қозғалысын қорлық түрге өтуіне жағдай жасайды.
Аталған гормондардан басқа гипофиздің артқы бөлігінен когерин атты гормон табылған. In vitro тәжірибелерінде бұл нейропептидтің ішек перистильтикасын ынталандыратыны анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет