жалғаулықтар мен шылаулар) интонациялық жағынан дұрыс ұйымдасуы
(әуен, қарқын, дауыс күші, әуез, пауза) керек.
Тілдің ауызша түрін әсер етуші, ақпарат жеткізуші ретінде
пайдаланатын кәсіп иелерінің бірі – радио, теледидар саласының
қызметкерлері –
дикторлар мен журналистер, теле-, -радио арналары мен
бағдарламаларының жүргізушілері. Аталған мамандық иелері өздерінің
күнделікті еңбек құралы – ауызша сөзді жіті меңгергенде ғана кәсіби
қызметін жақсы атқара алады. Бұлай дейтініміз, теледидар және радио
журналистері
мен
дикторларының
жұртшылықпен
қарым-қатынас
жасауындағы бірден бір мақсаты –
ақпарат жеткізу ғана емес, сондай-ақ
жұртшылықтың эмоциясына, еркіне, санасына әсер ету. Сонымен бірге
«диктор-тыңдарман»
үлгісіндегі
қарым-қатынаста
диктордың өз
тыңдарманы – бүкіл бір тілді қауым екенін есте ұстағаны жөн. Демек ол
микрофон, бейнекамера алдында сөйлегенде тіл иелерінің қауымына бірдей
түсінікті тілдік фактілер мен құбылыстарды құрал етіп алуды ойлап отырады.
Онсыз ақпараттың көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Көруге, сезінуге тағы да басқа сезім мүшелерін
тітіркендіру арқылы
ақпарат беруге негізделген құралдар мүлде жоқ немесе қызметі көмескі
болғанда, ауызша сөз сол құралдардың барлық қызметін өзіне жүктейді. Сол
себепті белгілі бір әлеуметтік жүк арқалаған түрлі мақсаттағы радио,
теледидар және тағы да басқа ақпарат жеткізуші көздерден естілетін ауызша
сөзге құбылғыштық, әсерлілік, сан алуан сарынға түрленгіштік қасиеттер тән
болу керек. Сонда ғана радио, теледидар шешенінің сөзі айқышты,
нақышына салынған, жұртшылыққа түсінікті бола алады. Бұл үшін осы
саладағы кез келген маман ең алдымен сөйлеу техникасын меңгереді.
Сөйлеу техникасы дыбысталған
сөздің саналы шығуына, яғни қағаз бетіне
түсірілген, ойда жинақталып түйілген мәтіннің сыртқа дыбысталып
шыққанда құлаққа жағымды әрі түсінуге жеңіл болуына үйретеді.
Сөз ағымы дұрыс дыбысталып қана қоймай бөліктерге дұрыс бөлініп,
олар өзара дұрыс ұйымдасу керек. Онсыз сөз ағымындағы мағыналық
қатынаста тұрған сөз топтарын ажырату,
олардың қатынасы арқылы
берілетін ой желісін түсіну мүмкін емес. Мұның сөз ағымын мүшелеудің
тілдік заңдылықтарын жете меңгерген, болмаса тілдік сезімі жоғары тіл иесі
автоматты дағдыға айналдырып, сауатты пайдаланады.
«Диктор-тыңдарман» үлгісіндегі бір жақты тілдік қарым-қатынастағы
коммуникативтік қызметтің барлығын интонация атқарады деуге болады.
Себебі мұндай қатынаста әсіресе радио саласындағы диктор тыңдарманның
көңіл-күйіне, ерік-жігеріне, түйсік-санасына тек қана сөз арқылы әсер етеді.
Осындағы сөз арқылы берілген интеллектуалдық, эмоциялық, волюнтативтік
және тағы да басқа барлық ақпараттың нәзік қатынастарын білдіретін тілдік
құрал – интонация.
Жоғарыда көрсетілген сөйлеу техникасы, сөз ағымын мүшелеу мен
интонацияға қатысты білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыру үшін
тілтанымдық
сауаттылық, тілдік мәдениет жоғары болу керек. Сондықтан