Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет50/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
үйірлі сөздің
құрамындағы 
тілдік бірліктердің әрқайсының өзді-өзінің екпіні болады. 
Бұл жерде түсініктірек болу үшін сөз екпіні түскен дауыстыларды бас 
әріппен белгілейміз: 
бұтағынд[á]
алмас[ы ] б[á]р жем[ ]с ағаш[ы ]. 
Осы 
күрделі таңбаны өзінің меншікті материалдық формасына қарай
үйірлі сөз 
деп атауға болады. 
Егер осы үйірлі сөзбен репрезентацияланған ақпарат-білім когнитивтік 
санада әрі қарай өңдеуге түсіп, мазмұн жағынан, форма жағынан 
алм[á] 
ағаш[ы ] 
болып редукциялануы мүмкін. Бұл күрделі таңбаны 
ырғақты сөз 
деп атауға болады. Үйірлі, ырғақты аталым компоненттерінің әрқайсының 
өзіне тән екпіні болады. 
Таным процесінің барысында когнитивтік санадағы ақпараттың одан 
әрі қарай өңделуі ықтимал. Мұндай жағдайда мазмұндағы ақпараттық мәні 
босаң элементтер редукциялануы шарт. Ендігі жерде әрі қарайғы 
ықшамдалудың барысында күрделі таңбаны құрайтын әр лексеманың бас-
басына екпіні болмай 
алмағ[ы]ш
түрінде айтылып, бір екпінге бағынады. 
Күрделі таңбаның мұндай материалдық формасын 
бунақты аталым
деуге 
болады. 
Күрделі таңбалардың мазмұн межесі қандай өзгеріске тап болса, соған 
сәйкес олардың тұрпат межесі де қалайда бір өзгерісті қалайды. Жаңа мазмұн 
жаңа форма іздеуге мәжбүр болады. 
Мазмұндағы, 
алмағаш
дегендегі, екі лексема (
алма
және 
ағаш
) мазмұн 
жағынан ортақ, бір денотатты нұсқап тұрса, форма жағынан бір екпінмен 
айтылып тұр. Сонымен, мазмұнмеже жағынан екі лексема ортақ бір 
денотатқа (ақиқаттағы бір ғана объектіге), ал форма жағынан бір екпінге 
байланған күрделі таңбалар біріккен сөз деп танылып, жазылуда бірге 
тұлғаланады. Осылайша біз біріккен сөзді форма мен мазмұнның бірлігі 
ретінде қараймыз. 
Белгілі бір лексеманың семантикалық, құрылымындағы денотаттық 
компонент ақиқат дүниедегі зат, құбылыс ситуацияның өкілі болып 


табылады, яғни объективті дүниедегі тілдік емес мәнділікті меңзеп тұрады. 
Бұл – сөздің денотаттық мағынасы. 
Ақиқат дүниедегі белгілі бір заттың, құбылыстың, ситуацияның, 
жинақтап айтқанда объектінің, осылайша мәнді деп танылған белгілерінің 
санада ұғым түрінде бейнеленуін сигнификат деп білеміз. 
Жоғарыда келтірілген схема бойынша 
қой
қора
деген күрделі таңбаны 
мазмұн меже және тұрпат меже тұрғысынан талдап көруге болады. Әуелде 
тілдік ұжымның когнитивтік санасында ақиқат дүниенің үзігі (фрагмент) 
қой

қамайтын, қора
түріндегі бөліктер бойынша бейнеледі. Бұл ақиқат дүниедегі 
объектінің ойсуреті. 
Қой, қама, қора
дегендер санадағы қарапайым ойсурет. 
Осы ойсурет – тілдік қоғамдастықтың ақиқат дүние үзігі жөнінде ұжымдық 
санасында орын тепкен білімі. Осы ақпараттар ұжымдық санадағы 
жинақталып, өңделіп вербалданған білімге айналады. Бұл білімнің, я болмаса 
ақпараттың осы күйде жаңғыртылуы да, практикалық қажеттілікке қарай әрі 
қарай да өңделе түсуі мүмкін. Өңдеу барысында басы артық элементтер, яғни 
пәлендей 
«жаңалығы» 
жоқ 
ақпараттық 
элементтер 
беймәнделіп, 
редукцияланады: 
қой[ды] [қамайтын] қора > қой[дың] қора[сы] > қой қора.
Осылайша құрылымдық жақтан редукцияланудың нәтижесінде тілдік 
бірліктерден тек 
қой
және 
қора
деген екі лексема қалғанын байқаймыз. Бұл 
лексемалар бас-басына әр басқа денотатты көрсетіп тұрған жоқ. Екеуіне 
ортақ денотат (объект) біреу ғана. Олай болса, екі лексеманың ортақ 
денотатының болуы «біріккендіктің» белгісі. Алайда бұл күрделі таңбаның 
мазмұнындағы өзгерісі жеке форма арқылы тиянақ табуы шарт. Сонда ғана 
толық мәнінде біріккен сөз болады. Бұл жерде күрделі таңба мазмұндағы 
өзгеріске сәйкес дербес формаға ие болған. Атап айтқанда
қой
лексемасы 
өзінің жеке екпінін жоғалтып, біршама материалдық дербестігінен 
айырылған: [қойғор[á]. 
Мазмұндық, формалық өзгеріске түскен мұндай күрделі таңба 
графикалық тұрғыдан да тиянақ табу, яғни орфографияда бұл типтес 
құрылымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет