Тұрақты
даму
био сфераның сиымдылығы бұзылмай
адамның тіршілік жағдайы жақсаратын
қоғамның дамуы.
01
Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан,
тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына
негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат
қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық,
бірқалыпты жағдайда,
табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды
02
Атмосфераны қорғау, шөлденумен және құрғақшылықпен
күрес, Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану, тұщы суды
қорғау мен тиімді пайдалану,
улы химиялық заттарды
қолданудың қауіпсіздігін арттыру, жер ресурстарын тиімді
пайдалану, ормандарды жоюмен күрес
03
Экономиканы, өндірісті экологияландыру. Қазақстан үшін бұл ел
экономикасының дамуындағы басымдықтардың алмасуын
білдіреді. Білім дамуының осы замаңғы деңгейінде қаншалықты
мүмкін болғанынша, басымдық шаруашылықтың табиғи және
ресурс үнемдейтін салаларын және «экологиялық таза»
технологияларды дамытуға берілуі тиіс.
04
Келесі принцип – табиғат пайдалануды саралау. Көбіне өндіруші
өнеркәсіптің дамуына сыңаржақ бағдарлану табиғи ортаның жай-
күйіне де, сондай-ақ денсаулығына да келеңсіз әсерін тигізіп, әрі
экономиканың орнықтылығын төмендетеді.
05
Табиғатты қорғау шаралары
Адам әр
кезде де табиғатпен
тығыз байланыста өмір сүреді,
оның байлықтарын пайдаланады
және өз қызметі арқылы
табиғатқа әсер етеді. Адамның
табиғатқа әсері зиянды салдар
тудыруы мүмкін. Мемлекет
әрқашанда табиғи ортаны
осындай зиянды әрекеттерден
қорғау үшін белгілі бір
құқықтық ережелер шығарады.
Табиғатты қорғау шараларына
жыл сайын жаңартулар еніп
отыруы міндетті. Себебі, әлем
экономикасы қалай дамыса,
табиғатты қорғау шараларында
сол қалыпта күшейте түсу керек.