Х. С. Муханбеткалиев 201 ж



бет10/12
Дата01.04.2017
өлшемі1,86 Mb.
#13003
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Жұмысты орындауға нұсқау.
4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма № 1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға білім игерту мен іскерлік қасиет қалыптасатын оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсетіп, теориялық білім мен практикалық іскерлік қасиетін қалыптастыруға арналған қолданбалы дидактикалық тапсырмалар жасап, оқыту құралдарының функцияларына негізделе, оларды алдын – ала айқындайды. Қажет болса оқушының орындайтын практикалық жұмыстың объекті үлгісін жасап, көрнекіліктегі тиімді тәсілдерін белгілейді. Бұл объектіні оқушының сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшерін тексеріп алады. Оның қажетті нақты қолайлы материалдары мен аспаптары да анықталуы тиіс.

Келесі кезеңде оқушының теориялық білімі мен қолданбалы іскерлігін бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1
Тақырып: Ою - өрнек түрлерімен танысайық(2 сағат).
Ою - өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады. Ою -өрнек атаулыны екі топқа бөліп қарауға болады: бірінші топқа ою - өрнектің тікелей өзіне қатысты түрі жатады; екінші топқа ою - өрнек қолданылатын әшекейлі бұйымдар жатады. Ою - өрнек не нәрсеге ұқсастығына қарай бірнеше түрге бөлінеді.


  1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою - өрнектер. Олар: айшық, жұлдыз, т. б.

  2. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты ою - өрнектер. Олар: қошқармүйіз, түйетабан, т. б.

  3. Аңға, аңның дене мүшелеріне байланысты ою - өрнектер. Олар: арқармүйіз, бұғымүйіз, т. б.

  4. Құрт – құмырсқаларға, яғни жәндіктерге байланысты ою - өрнектер. Олар: көбелек, жыланбас, жұлдызқұрт, т. б.

  5. Құстарға байланысты ою - өрнектер. Олар: құсмұрын, құсқанат, т. б.

  6. Жер, су, өсімдік бейнелі ою -өрнектер. Олар: төртқұлақ, бесжапырақ, бұтақ, т. б.

  7. Құрал – жабдықтарға байланысты ою - өрнектер. Олар: балта, тарақ, балдақ, т. б.

  8. Геометриялық денелер тектес ою - өрнектер. Олар: тұмар, сынықмүйіз, т. б.

Бұл ою - өрнек түрлерімен сендер біртіндеп 1 – сыныптан бастап танысып келесіңдер.

Қазақ халқының өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлер өте көп. Соның ішінде ою - өрнекке айрықша мән берген. Оның түрлері де, атаулары да аз емес, онымен сендер алдағы сыныптарда толығырақ таныса аласыңдар.

Сонымен ою - өрнек – қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде кеңінен қолданылып, ежелгі заманнан бері ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрінің бірі. Оның элементтерін қазақ халқы қолөнерінің қай түрінен болса да кездестіруге болады. Оны әсіресе үй жиһаздарынан, киім – кешектерден, зергерлік бұйымдардан, халықтық музыка аспаптары мен қару – жарақ түрлерінен жиі көреміз.

Ою - өрнек өнерінің белгілі бір халыққа тән мәнерлеу ерекшеліктері сол халықтың тұрмыс – тіршілігімен, бейнелеу өнерімен, ұлттық қолтаңбасымен тікелей сабақтасып жатады.

Халық арасынан шыққан ісмер, шебер, зергерлердің заман талабына сай шығармашыық ізденістері нәтижесінде ою - өрнек өнері де жаңа мазмұнға ие болып отыр.

Қай халықта болса да әсемдік талғамның артуына байланысты өрнек түрлері де үнемі дамып отырады. Әрбір халытың ісмер – шеберлері өздерінің көрген ою - өрнектерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңалық енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атайды да, оларды «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп бағалайды.

Енді ою - өрнектіңкең тараған біраз түріне сипаттама беріп өтейік.

Жұлдыз өрнегі аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.

Қошқармүйіз қошардың екі шекесіне иіріле біткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарда жиі кездеседі.

Сынықмүйіз – сынақ жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.

Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа «Г» әрпі тәріздес өрнек. Кесте мен өрмек өнерінен жиі кездестіруге болады.

Тышқаніз – тышқанның ізіне ұқсас өрнек. Ол көбінесе әже, апаларымыз киетін кимешектің жағында зер арқылы өрнектеледі.

4 – сыныпта сендер қазақ ою - өрнектерінің қанша топқа бөлінетінін білдіңдер. Оның әрқайсысының өзіндік алатын орны бар, себебі әрбір бұйымға әшекейленетін өрнектер дәстүрлі ерекшелікке байланысты таңдап алынады. Мысалы, қыз балалардың киімдеріне гүл, құс тәрізді өрнектер, ал текемет, сырмақтарда қошқармүйіз, сыңармүйіз, қосмүйіз, қырықмүйіз тәрізді мүйіз өрнек түрлері жиі қолданылады, т. б. Бұл қазақ халқының мал шаруашылығына бейімдігін көрсетеді.

Жалпы ою - өрнекті оның пайда болу ерекшелігіне байланысты дәстүрлік және сәндік деп екі топқа бөлуге болады.

Дәстүрлік өрнек – ежелден пайда болған халықтық өрнек.

Сәндік өрнек – бір нәрсені әшекейеп сәндеу үшін қолданылатын өрнек.

Өрнек - әшекейлерді бояудың түсіне қарай ойластырудың мәні зор. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп келгенде қарама – қарсы түстер бірін – бірі ашады. Сондықтан ою - өрнектердің түстік бояуының ретпен орналасуына баса назар аудару керек.

Түркі халықарының туыстық жақындығымен қатар ою - өрнектерінде де ұқсастықтар аз емес. Дегенмен әрбір халық ою - өрнектерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ұйғыр халқының ою - өрнектері көбінесе көкөніске байланысты болып келеді. Олар: гүлбадан, шәддә, анаргүл, бадам, т. б.

Өзбек халқының ою - өрнектері көбінесе гүлді өсімдіктер түрінен құралады. Ол ою - өрнектер шаршы тәріздес немесе жолақ тәріздес үлгідегі композициялық құрылымынан тұрады. Өрнектері өте ұсақ және жиі орналасу арқылы көркемдік сипатқа толы болып келеді. Өзбек елінің көркем бұйымдарындағы ою - өрнектер әсем, ашық түсті бояулармен көз тартады. Сондықтан әр ұлт ою - өрнегіндегі бояу түрінің өзіндік ерекшелігі бар.

Республикамызды мекендейтін көп ұлтты халқымыздың басқа өнерімен қатар ою - өрнектеріне де айрықша назар аудару керек. Мұндағы түркі халықтарының тақия өрнегіне қарап ұлтын тануға болады.

Практикалық сабақта оқушыға көлемді бұйымды қағаздан жасата, оның пішіні мен түсіне сәйкес ою-өрнек түрлерін таңдап, бұйым бетінде оның композициясын дұрыс орналастыруға тапсырма орындату.
Тексеру сұрақтары.


  1. Тақырыптық оқу материалы мазмұнының өзгеру дәрежесі болды ма?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Оқушының өзбетімен жұмыс орындауға іскерлік күйі қандай?

  4. Ою - өрнек қандай қолданбалы өнер түрінен алынды?

  5. Ою - өрнек түрлерінің барлығы қамтылды ма?

  6. Ою - өрнектің қандай мазмұнына көңіл бөлінді?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Афонькин С. Ю. Орнаменты народов мира. -С – ПБ., 1998 ж.

  4. Әміргазин Қайрат. Қазақ қолөнері. -Алматы, 1986 ж.

  5. Барадулин В. А. Основы художественного ремесла. -М., 1979 ж.

  6. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  7. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  8. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  9. Кажгалиұлы А. Органон орнамента. – Алматы, 2003ж.

  10. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  11. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.

  12. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  13. Шорохов Е. В. Методика преподавания композиции на уроках изобразительного искусства в школе. -М., 1972 ж.

  14. Хворостов А. С. Декоративно – прикладная искусства в школе. –М.,1995 ж.

  15. Чебан В. Узоры и орнаменты для мастера. -Ростов – на – Дону, 2002 ж.

  16. Фокина Л. В. Орнамент. -Ростов – на – Дону, 2005 ж.

Лабораториялық жұмыс №7


Тақырыбы: бейнелеу өнер пәнінің мүсіндеу сабағын оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 – сынып мүсіндеу сабағының оқыту мазмұны.
Предметі: мүсіндеу сабағында оқушылардың білімі мен іскерлігін жүйелеу және қорытындылаудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер сабағында оқушылардың мүсіндеу жұмысын орындатудың оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 4 сыныптың >-әдістемелік құралдары, ұсыныстар, мүсін өнер бұйымдарының альбомы, бұйымдардың нақты үлгілері, материал(саз, пластиллин, ақ ұнтақты қоспалар: гипс, бор), темір сымдар, стектер, сызба құралдары(сызғыш, қалам, кетіргіш) мен техникалық аспаптар(қысқыш), көмекші қондырғылар және т.б...

Жұмысты орындауға нұсқау.
4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушының білімі мен іскерлігін жүйелеу мен қорытындылауға қажетті оқу материалының элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсетіп, теориялық білімі мен практикалық іскерлігі ұстамды қалыптастыруға арналған қолданбалы дидактикалық тапсырмалар жасап, оқыту құралдарының функцияларына негізделе, оларды алдын – ала айқындайды. Қажет болса оқушының орындайтын практикалық жұмыстың объекті үлгісін жасап, көрнекіліктегі тиімді тәсілдерін белгілейді. Бұл объектіні оқушының сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшерін тексеріп алады. Оның қажетті нақты қолайлы материалдары мен аспаптары да анықталуы тиіс.

Келесі кезеңде оқушының теориялық білімі мен қолданбалы іскерлігінің жүйеленуі мен қорытындылануына тән бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма № 1.
Тақырып: Мүсін түрлерімен танысайық(2 сағат).
Кеңістікте жан – жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма мүсін деп аталады.

Мүсін негізінен екі түрге бөлінеді.



  1. Бедер (рельеф) – көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленген түрі.

  2. Дөңгелек мүсін – бейнеленген нәрсенің көлемд бейнеленуі.

Мүсіндеу – бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі. Оның тарихында небір қайталанбас туындылар өмірге келген. Мысалы, мысыр перғауындары, Грециядағы «Родос алыбы», Микеланджелоның «Давид» мүсіні, т. б.

Ірі көлемдегі, ауқымды ескерткіштерді монументті мүсін ескерткіштері деп атайды.

Мүсін өнерінің бір түрі станокты мүсін. Станокты мүсінге көбінесе шағын көлемде орыдалған жұмыстар жатады. Мүсіндердің түрі станок – мольбертінде сомдалады.

Мүсіндеудің ең бір қарапайым құралдары: әр түлі қалақшалар, тұзақшалар, қол тоқпақ (үлкен ағаш балға).

Оқушылар пайдаланатын материалдардың негізгі түрі – пластелин, саз балшық.

Қатты гранит пен мәрмәрдан мүсін жасауда қашау, шапқы, темір балғалар, қатты қылшықты қылқаламдар пайдаланылады. Олармен көбінесе кәсіби мүсіншілер жұмыс істейді. Қазақстанда Х. Наурызбаев, Т. Досмағамбетов, Б. Әбішев, Е. Сергебаев, Е. Мергенов, Б. Төлеков және т. б. белгілі мүсіншілер бар.

Мүсін сомдауда материал бола алатын заттар әр түрлі. Мысалы, ағаш, түрлі тастар, саз балшық, металл, пластилин мен саз балшық ыңғайлы. Олардың ең жақсы қасиеті – ырыққа көнгіш, тез иілгіш, мүсін формасын қалай өзгертем десең де, өз еркіңе көнеді. Сондықтан пластилинмен, саз балшықпен жұмыс істеуге бейімделу керек.

Мүсін өнерінің бір түрі рельеф болып табылады. Рельефтың екі түрі бар: мүсінделген бейне мен нәрсе кеңістіктен, яғни қалыңдығынан жартылай шығып тұрса рельеф дейді.

Адамның кеудеден жоғары тұлғасын сомдаған мүсін – бюст деп аталады.

Рельеф – іштей ойылып, қалыңдықтың ішінде бейнеленген мүсін.

Мүсіндеу жұмысы арнайы станок –тұғырда сомдалады. Сомдалуға тиісті мүсіннің алдымен ішкі қаңқасы жасалады. Қаңқа сомдайтын нәрсеге лайық болуы тиіс. Ол әдетте ағаштан, иілгіш сым темірден құралады. Мүсіндеу процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан – жағынан сомдап, қадағалап, артық – кем жерлерін түзеп отыру керек.

Практикалық сабақта оқушыға жануар бейнесін көлемді пішінде орындату. Ол үшін сым темірден жануардың негізгі тіректі бөліктерін құрастырып, соның пішін бетіне пластилинді жапсыра отырып жануар келбетін алу.


Тексеру сұрақтары.


  1. Тақырыптық оқу материалының өзгеру дәрежесі қандай болды?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Мүсіндеу жұмысындағы негізгі оқу материалының мазмұны неде?

  4. Мүсіндеу жұмысының көркемділік ерекшелігі қандай?

  5. Қандай оқытудың тиімді әдістері қолданылды?

  6. Оқушының танымдық қасиетінің материал бойынша жүйеленуі кандай дәрежеде?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Аубакирова Р. Ж. және т. б. Бейнелеу өнері. Мүсіндеу. Алматы, 2004 ж.

  4. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  5. Болатбаев К.К.Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы. -Алматы, 2003 ж.

  6. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  7. Конышева Н. М. Лепка в начальных классах. -М., 1985 ж.

  8. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  9. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.

  10. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

Лабораториялық жұмыс №8


Тақырыбы: бейнелеу өнер пәнінің сабағында оқушыларды бейнелеу өнердің даму тарихымен таныстырудың оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 сынып бейнелеу өнер пәнінде өнердің даму тарихы сабағын оқыту мазмұны.
Предметі: оқушылардың өзбетімен бейнелеу өнер түрімен танысудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер сабағында өнердің даму тарихымен оқушыларды таныстырудың оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс жұмыс туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 4 сыныптың оқу -әдістемелік құралдары, ұсыныстар, бейнелеу өнердің альбомы, бейне кескінді шығарма жұмыстардың көшірме үлгілері, қала және облыстық суретші – шеберлердің портреті, картиналар,

Жұмысты орындауға нұсқау.
4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма № 1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушының өз бетімен игеретін оқу материалының элементтерін анықтайды.

Келесі кезеңде оқушының өз бетімен оқу материалын игеру дәрежесінің бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық функциялары мен қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Өнер және бейнелеу өнері(1 сағат).
Бейнелеу өнері – жалпы өнердің бір бөлігі. Негізінде жалпы өнер атаулыға ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетті, ән – күйді, театр мен киноны, бейнелеу өнері мен сәулет өнерін, тағы басқа өнер түрлерін жатқызамыз.

Өнердің өзіне тән ерекшелігі - өмір шындығына байланысты адамның эстетикалық қарым – қатынасын анықтау. Өнер үшін ең басты мақсат – дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Өмір шындығын бейнелеген әр алуан өнеріміз адамдардың әсемдік сезімдерін оятып, көркемдік заңдылықтар арқылы өнер туындыларын жасайды.

Біздің қабылдауымызға байланысты өнердің осы аталған түрлерін үш негізгі топқа бөлуге болады. Олар:


  • белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көзбен көріп, құлақпен тыңдап қабылдайтын өнер түрлері. Оларға театр, кино, цирк, би, т. б. өнер жатады;

  • белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көрінбейтін, тек қана құлақпен тыңдап, елестетіп қабылдайтын өнер түрлері. Оларға ән – күй, симфония, т. б. әуендер мен көркем әдебиет, поэзия жатады;

  • уақыт мерзіміне байланысты емес, кеңістікте тұрақты болып, көзбен қабылданатын өнер түрлері. Оларға бейнелеу өнері, сәулет өнері, қолөнері, т. б. өнерлер жатады.

Ал енді осы аталған өнер түрлерінің бәрімен де бейнелеу өнерінің байланысы бар. Себебі бейнелеу өнерінен жоғарыда аталған өнердің түрлерін, ондағы кейіпкерлерді көруге болады.

Мысалы, төменде көрсетілген суреттерде өнердің әр саласындағы көріністер бейнеленген.

Осы көріністерден – ақ өнердің әрбір саласы бейнелеу өнерінде өзінше бір көркем шығармаға айналып отырғанын көреміз. Әр түрлі өнердің бейнелейік көрінісін бейнелеу өнері құралы жақсы жағынан ашып көрсете алады. Сондықтан бұл жағынан да бейнелеу өнерінің берері мол. Өнердің әрбір түрі бейнелеу өнерімен біте қайнасып жатады.

Тексеру сұрақтары.




  1. Тақырыптық оқу материалының қолдану дәрежесі?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Сабақтың мазмұнында пәнаралық байланыстың қолданылу дәрежесі қандай болды?

  4. Оқушының өзбетімен жұмыс орындауға тиімді оқытудың құралдары қандай?

  5. Оқушының оқу материалын өз бетімен игеруін тексеру мазмұны қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  4. Болатбаек В.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы. -Алматы, 2003 ж.

  5. Галимжанов А. С. История искусств Казахстана. -Алматы, 2006 ж.

  6. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  7. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  8. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.

  9. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  10. Шорохов Е. В. Методика преподавания композиции на уроках изобразительного искусства в школе. -М., 1972 ж.

  11. Шедевры мировой живописи в вашем доме. -М., 2004ж.

  12. Мастера натюрморта. -М., 2002ж.

  13. Энциклопедия «Символизм». -М., 2003 ж.

  14. Энциклопедия искусства в ХХ. -М., 2003 ж.

Лабораториялық жұмыс №9


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет