Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет33/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
q, k, t, s, č, š
 дыбыстарының толық сақталуы; 
анлаут  ұяң 
b
  фонемасының  кеңiнен  қолданылуы;  кей  жағдайда  анлаут 
b  ≈  m 
корреляциясының екi нұсқасының да қатар кездесуi; ауслаут 
q, k, t, s, č, š 
дыбыстарының 
сақталуы; ауслаут 
t ≈ d, s ≈ š, č ≈ š
 фоно-корреляттарының; анлаут дауысты 
a ≈ o, 
u ≈ o, ü ≈ ö, e ≈i 
фоно-корреляттарының қолданылуы ескерткiштер тiлiнiң қыпшақ-
оғыздық сипатын бейнелейдi. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiнде қыпшақтық 
бояудың айқындығын ескерткіштер мен қыпшақ тілдері моносиллабтар құрамындағы 
фоно-корреляттардың    көк  түркілер  тілінен  де,  қазіргі  қыпшақ  тілдерінен  де  орын 
алуы  нақтылай  түседі.  Бұл  –  көне  жәдiгерлер  иесi  тілі  мен  қазiргi  қыпшақ  тiлдерi 
арасындағы тығыз мирасқорлық сабақтастықтың көрiнiсi.
VІ-ІХ  ғасыр  түркі  жазба  ескерткіштері  тіліндегі  есім  негізді  түбір  морфемалар 
жаңа сөз тудырудағы белсенді қолданысымен ерекшеленеді, олардың қатарын бірінші 
дәрежелі түбір морфемалар  мен екінші, үшінші дәрежелі (түбір-негіздерден) түбір 
негіздер құрайды. Етістіктердің түбір  (негізі) тұлғасы мен императив тұлғалардың 
ара-жігі  диахрониялық  зерттеу  нәтижелерінен  айқын  аңғарылады.  Синхрониялық 
тұрғыдан етістіктің түбір-негіздері  мен бұйрық формасының статикалық күйі сәйкес 
келгенімен, морфемдік талдау әдістері негізінде синхрониялық түбірлердің құрамынан 
тарихи түбір морфема мен қосымша морфемаларды бөліп алуға болады; осы қосымша 
форманттар  кезінде  бұйрық  мәнін  берген;  тілдің  даму  үдерістеріне  сәйкес  түбір 
мен  қосымшалар  кірігіп,  тұлғалық  өзгерістерге  түсіп,  түбір  мағынасы  күгірттеніп 
екінші дәрежелі түбір-негізге айналған. Бұл барлық түркі түбірлерінің архетиптерін  
есім  немесе  етістік  түрінде  жіктеуге  келмейтінін,    бастапқы  түбірлердің  көпшілігі 
есім

етістік  мәнді синкретикалық мазмұнға негізделгенін сипаттайды.
Кез келген тiлдiк жүйедегi қарама-қарсы мәндегi жұптарды лексика-семантикалық 
тұрғыдан  топтастыру  да  белгілі  бір  шарттылыққа  негiзделедi.  Көне  түркi  тiлiндегi 
түбір морфемалар семасындағы оппозициялар идеялық белгiлерiне орай бiр-бiрiмен 
тығыз сабақтастықта дамып, тiлдiк әлемдегi жүйелi кешенге айналған. Гомогендi түбір 
морфемалар  мазмұнындағы  оппозициялық  коннекторлардың  шарттылық  сипатының 


70
астарында  идеялық-мазмұндық  сабақтастықтың  iздерi  сақталады.  Тiл  дамуының 
бастапқы  кезеңдерiнен  бастау  алатын  мұндай  құбылыстар  өте  сирек  ұшырасатын, 
лексикалық дамудың ежелгi қалып-бейнесiнiң сiлемдерi ғана. VІ-ІХ ғасырлардағы көне 
түркі жазба ескерткіштері тіліндегі мұндай реликт белгілер – сөздердің морфологиялық 
құрылымының  негізі  –  түбір  морфемалардың  полисемиялық,  синонимиялық, 
антонимиялық табиғаты V, СV, VС моделді тарихи түбір морфемалардан көрініс береді.
Ескерткіштер  тілінің    қыпшақтық  белгілері  қосымша  морфемалардың  құры лым-
дық-мағыналық  ерекшеліктерінен  де  айқын  көрініс  береді.  Орхон,  Енисей,  Талас 
ескерткіштері  тіліндегі  сөзжасам,  тұлғажасам  қосымшалары  қазіргі  қазақ  тілінде 
негізінен  сақталған.  Кейбір  тұлғалық  өзгерістері  түркі  тілдеріне  тән  фонетика-
фонологиялық  заңдылықтар  шеңберінде  айқындалады.  Фонетика-фонологиялық, 
фоно-морфологиялық және фоно-семантикалық процестерді қамтитын грамматикалық 
даму барысында  күрделі және жалаң қосымша морфемалардың тұлғалық-мазмұндық  
деривациясының  түрлі  бағытта,  әртүрлі  деңгейде  жүруі  гомогенді  қосымшалардың 
байланыстарының  көмескіленуіне  алып  келіп,  синхронды  тұрғыдан  геторогенді 
сипат  дарытады.  Бұл  түркі  тілдеріндегі  қосымша  морфемалардың  барлық  тобы-
на,  сөзжасам  жүйесіне  де,  сөзтүрленім  мен  тұлғажасамға  да  тән  құбылыс.  Түркі 
тілдеріндегі барлық  қосымшалардың дербес лексемалармен байланысы синхронды 
тұрғыда  айқын  аңғарылмаса  да,  қосымшалар  құрамындағы  дыбыстардың  идеялық 
мазмұнын  сол  дыбыстар  қолданылатын  дербес  лексемалардың  архимазмұнынан 
тыс  қарауға  болмайды.  Түркі  тілдеріндегі  омонимиялық  қосымша  морфемалардың 
шығу тегі, қолданысы жайлы әртүрлі көзқарастардың айтылуы да олардың күрделі 
табиғатына  байланысты.  Қосымша  морфемалардың  дербес  лексема  түріндегі 
архетиптері өзінің полисемиялық сапасын сақтай отырып, грамматикализациялануы 
да ықтимал. Қосымша морфемалардың тұлғалық және мағыналық, функционалдық 
сипатының  өзгерістері  жалпы  тілдің  даму  эволюциясымен  бірге  жүріп  отырады. 
Қосымшалардың  эволюциялық  дамуы  олардың  тұлғалық  өзгерістері,  мағыналық 
тұрақтылығы немесе өзгергіштігі, көп функционалдылығы немесе бір ғана қызметте 
қолданылуы,  тұлғалық  және  семантикалық  жағынан  саралануы,  жүйеленуі  тәрізді 
күрделі  процестерді  қамтиды.  Алғашқы  қосымшалардың  да  тұлғалық  өзгерістерге 
түсу мүмкіндігінің шектеулігіне орай бір форманттың бірнеше грамматикалық мәнде 
немесе бірнеше лексикалық (етістік – есім) мәнде қолданылуы мүмкін. Бұл құбылыс 
түбір сөздердің семантикалық дамуында ерекше орын алғандығы белгілі, әрі қосымша 
морфемалардың  бір  кездері  толық  мағыналы  дербес  сөз  болғандығын  қолдайтын 
зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, синкретизм құбылысының қосымша морфемалар-
ды да қамту мүмкіндігінің жоғарылығына көз жеткіземіз.
Ескерткіштер  тілінде  кейбір  қосымшалар  жиі  қолданылса,  енді  бірі  өте  сирек 
кездесуіне байланысты өнімді/өнімсіз аффикстер  түрінде жіктеу дәстүрі қалыптасқан 
[4]. VI-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліндегі қосымша морфемаларды өнімді және 
өнімсіз деп жіктеу шарттылыққа негізделеді.  Бізге жеткен жазба ескерткіш мәтіндерінің 
ауқымы  көне түркілік лексикалық қорды толық қамти алмайды, сондықтан қосымша 
морфема қызметіндегі тұлғаның бір рет болса да тілдік қолданыста болуы маңызды.
Арада өткен 1400-1500 жыл көлеміндегі тарихи даму барысына сәйкес қалыптасқан 


71
кейбір дыбыстық өзгерістер көрініс бергенімен, жалпы алғанда, қыпшақ тобындағы 
қазақ  тілінің  морфологиялық  құрылымы  ҮІ-ІХ  ғасырлардағы  көне  түркі  тілінің 
морфологиялық құрылымына сәйкес келеді, базалық лексиканы құрайтын түбір мор-
фемалар, қосымша морфемалардың мәні мен қызметі негізінен сақталған[5, 302]. 
ҮІ-ІХ  ғасырдағы  түркі  тілдерінің  негізгі  сипатын,  лексикалық  құрамының, 
фонетика-фонологиялық жүйесі мен морфологиялық-грамматикалық құрылымының, 
синтаксистік құрылысының  ерекшеліктерін  танытатын  көне  түркі  жазба тілі  -  орта 
ғасыр түркі жазба  тілімен ұласып жатқан  қыпшақ

оғыздық аралас тiлдiк жүйенінің 
бастапқы хронологиялық кезеңінің,  ерте орта ғасыр дәуірінің көрінісі.
Әдебиеттер:  
1. Қайдар  Ә. Көне түркі жазба ескерткіштері кімге ортақ, кімге тән? // Байырғы 
түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. –Алматы: Ғылым, 2001.  -297-298 бб.
2. Ескеева М. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негіздері. 
– Алматы: Арыс, 2007. – 360 б.
3. Гаджиева Н.З. О некоторых трудных вопросах методики изучения истории тюрк-
ских языков // Turсologica, 1986. – Ленинград: Наука, 1986. – С. 70-76.
4. Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников IХ вв. –Ле-
нинград: Наука, 1980. – С 256.
5. Түймебаев Ж., Ескеева М. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық 
жүйесі.  – Астана: ProsperPrint, 2013. – 336 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет