Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет34/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ 
ОНОМАСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Қ. Қ. Рысберген
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 
бөлім меңгерушісі, ф.ғ.д.
Қоғамда кең серпіліс тудырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
атты  мақаласындағы    «Жаңа  тұрпатты  жаңғырудың  ең  басты  шарты  –  сол  ұлттық 
кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», 
– деген сөздері гуманитарийлерге ұлтымыздың бойындағы құндылықтарды зерделеу-
ге қатысты көптеген міндеттер жүктеп отыр. Қазақ халқының онимдерінде де кез кел-
ген халықтың ономастикалық атаулар жүйесіндегідей ұлттық код кеңінен көрініс таба-
ды. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы, ұлттық сананың, Мәңгілік ел идеясының 
бастаулары  арғы түркі заманына, терең тарихқа жетелейді.
  Ұлттың  өзін-өзі  сәйкестендіруіндегі  объективті  факторға  этнографтар  ортақ 
биологиялық,  антропологиялық  белгілермен  қатар  территориялық-географиялық 
(мемлекеттік)  факторды  жатқызады.  Бұл  факторлар  қатарына  қазақ  халқының 
ұлттық «өздігін», ұлттық санасын растайтын тілдік фактор, оның ішінде, сол халық 
ерте  кезден  мекендеген  тарихи  территорияны  және  қазіргі  кезеңдегі  халқымыздың 


72
географиялық-этнологиялық кеңістігінде орналасқан географиялық атауларды, ең ал-
дымен, мемлекетіміздің атын – 
Қазақстан Республикасының
 атауын жатқызамыз. 
И.Канттың басты алғашқылық ұғымдарға қатысты түсінігінде кез келген дүниетаным 
мен ондағы өз орнын айқындау типтеріне қатысты әмбебаптық базисі – кез келген ұлт 
өзін және өз болмысын нақты географиялық шегаралары бар хронологиялық тұрғыдан 
өзінің үздіксіз тіршілік етіп келе жатқан географиялық кеңістікпен сәйкестендіреді.
Ата-бабаларымыздың қаһармандық пен азаттық үшін күреске толы жолында өткен 
тарихын айта келе Елбасы Н.Назарбаев: «... Қазақтар – ұлы өркениет ұрпағы ретінде 
ұлттық «өздігін» барша тарихи өткелдер мен қасіреттерден алып шыққан халық. Алып 
шығып қана қоймай, оны сақтап, көбейте білген халық» [1, 23]. 
Ономастикалық атаулардың феномені неде жатыр десек, олар тіліміздегі ең көне 
сөздер ретінде аса ерте, есте жоқ замандардан күні бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың 
ұлы рухани мұрасы. Өзінің айрықша табиғаты, консервативтілігімен бізге беймәлім 
арғы ата-бабаларымыздың тілінде өрнектелген ежелгі атаулардың қазіргі тілдік айна-
лымда болып, қоғам қажетін өтеуінің өзі феноменальды факт. 
Кеңістік  пен  тілдік  бірегейлікті  айқындау  бойына  жинақтаған  ономастикалық 
атаулар,  географиялық  атаулар  арқылы  іске  асады.  Қазіргі  ұлттық  ономастикалық 
кеңістіктегі  атаулардың  концептілік  мазмұнында,  ұлттық  сана,  ұлттық  ментали-
тет қаншалықты дәрежеде көрініс табады және тілге тиек етіп отырған ұлттық код-
ты қалыптастыруға, әрі қарай дамытуға ономастикалық атаулар қалай, қаншалықты 
ықпал ете алады? – деген сауал туындайды. Қазіргі кезеңдегі ұлттық ономастиконның 
едәуір корпусын тарихи жер-су атаулары, этнонимдер мен тарихи ақпараты мол ан-
тропонимдер кешені құрайды. Алайда бұл «тарихилықтың» өзін де шартты дегіміз 
келеді.  Себебі  сол  тарихи  атаулар  ертеден  жетіп,  қазіргі  тілімізде,  ономастикалық 
кеңістігінде ғасырлар бойы сақталып, күні бүгін қызмет етіп келе жатқан «заманауи» 
атау-есім болып есептелсе керек.
Ұлттық  ономастиконның  мазмұнындағы  ұлттық  сана,  әрине,  ерте  замандарда 
қалыптаспағаны белгілі. Алайда оның ру, тайпа, ең шағын әкімшілік бірлік, бірнеше 
туыстас  ру,  тайпа  шоғырланған  ауыл,  аймақтан  құралған  этникалық  қауымдастық 
деңгейінде этникалық территория тұтастығы, меншіктілігі сынды мақсаттар алғашқы 
архетиптік 
этникалық сананың
 нышаны, тарихи бастаулары ретінде танылса керек. 
Бұл ойымыз жазушы әрі ғалым А. Сейдімбектің мына ойымен ұштасып жатыр: «Ұлы 
Дала кеңістігіндегі түркі тектес көшпелілер арасында ұжымдасып тіршілік құру идея-
сы, яғни этностену (этнизация) үдерісі байырғы замандардан бастау алады» [2, 11].
Біздің ойымызша, этнос болып сақталудың, оның өзіндік атауының сақталуының 
басты  алғышарты  оның  тарихи-мезгілдік  континуумда  үздіксіз  тіршілік  етуінде, 
тұрақтылығы, өміршеңдігі мен өзінің шығу тегі, арғы ата-бабаларымен мәдени, тілдік, 
территориялық сабақтастығын үзбеуінде. «Этническое самоназвание является одним 
из важнейших признаков осознания людьми своей принадлежности к данному этносу 
и может быть связано с теми или иными компонентами этнического самосознания, 
и поэтому изучение самоназваний этнических общностей должно дать дополнитель-
ный материал для исследования проблемы этнического самосознания, его структуры и 
функций», – деп этнонимдік атау мен этникалық сана туралы ой қорытады М.В.Крюков 


73
[3,124-125]. Этнос, этникалық бірегейлік проблемасы мен оның терминологиясы – эт-
нология ғылымының теориясы аясында шешілетін күрделі проблема. 
Бұл  жерде 
этнос
  терминін  қазіргі  қоғамдық  ғылымдардағы  кең  мағынасынан 
(ұлт) өзгеше тарихи ретроспективадағы (әлі ұлт дәрежесіне жетпеген) ру-тайпалық 
ежелгі қауым, этникалық топтар деген тар аялы мағынада түркі этносы, түркі халқы 
ұғымдарына  қатысты  қолданамыз.  Яғни  этнос  болудың,  жоғарыда  айтқандай, 
алғышарттары ортақ территория, ортақ тіл, ортақ дін, ортақ мәдениеттің болуы десек, 
байырғы түркі қоғамында, мәселен, Түркі қағанаты гүлденген дәуірде осы шарттарға 
сүйенуге болады. «Еще в середине VІІІ в. источники упоминают «двенадцатиплемен-
ной тюркский народ. Этим же словом было обозначено и государство, созданное соб-
ственно тюркским племенным союзом – Тюрк эль. В более широком смысле термин 
стал  обозначать  принадлежность  различных  кочевых  племен  к  державе,  созданной 
тюрками. Так его употребляли византийцы и иранцы, а также иногда и сами тюрки» 
[4,  79  б.].  Бұл  екі  мағынаның,  сондай-ақ,  байырғы  түркі  эпиграфикалық  жазу  мен 
қытай жылнамаларында да көрсетілгендігін жоғарыдағы авторлар ескереді. Олар араб 
ғылыми әдебиетінде түркі тайпалары сөйлейтін тілдерінің генетикалық туыстығы мен 
сол тайпалардың генеалогиялық тұрғыдан туыстас, қандас болып келетіндігі туралы 
ортақ ұғымдардың туындағанын да сөз етеді.
Байырғы түркі жазба ескерткіштері тілі эпитафиялық стильмен жазылған, нақты 
мақсатпен қаған аттарынан орындалып отыр, сондықтан біз оларды белгілі бір тарихи 
мезгілдік үзікте тұрақтанған жоғары этникалық сана-сезімге ие, өздігін, қауымдастығын 
толық сезінетін этникалық бірегейлігі бар түркі халқын, түркі мемлекетін басқарушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет