Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет36/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
біз, біздің
 дейксистері арқылы өзін-өзі біріккен, ортақ 
мүдделі  қауым,  қандастар  ретінде  ұғынуы  орхон-енисей  жазбаларындағы  Күлтегін 
мен Тоныкөк ескерткіштері тілінде айқын көрініс тапқан. Тек қана 
біз
 есімдігі емес, 
сондай-ақ,
  халқым,  елім,  түркі  халқы,  біздің  жеріміз,  ата-бабаларымыз
  сынды 
қолданыстар  мемлекеттіліктің  нышандарын  байқатады.  Яғни  байырғы  түркілік  ой-
сананың  аса  жоғары  болғандығының  айғағы.  Байырғы  түркі  жазба  ескерткіштерін, 
біздің ойымызша, орысша 
протонациональный дискурс
 немесе 
ұлтқа дейінгі дискурс 
деп атауға келетін сияқты.
Қазақ  халқының,  өзге  көшпелі  халықтар  сияқты,  этникалық  бірегейлігі  дәстүрлі 


75
тарихи-әлеуметтік  құрылымдарында  көрініс  табады.  Тарихи  тұрғыдан  бұндай 
сәйкестендірудің  негізінде  әрбір  көшпелі  қауым  өкілінің  (индивид)  өзін  алдымен 
нақты бір ру, тайпа мүшесі ретінде тануы және туу фактісінің өзін нақты бір террито-
риямен байланыстыруы жатыр. Қазақ үшін «Туған жер», «Отан» ұғымдары «Атаме-
кен» (синонимдік қатары атақоныс, атажұрт) концептісі арқылы вербалданады. 
Қазіргі  лингвомәдениеттануда  кеңінен  қолданылып  жүрген 
ғаламның  ұлттық 
бейнесі, этностың ғалам бейнесі
 терминдік тіркестердің мазмұны ұлт пен этнос де-
финициялары  арқылы  айқындалады:  «...если  исходить  из  историко  –  социальных 
классификаций этносоциальных общностей: племя, народность, нация, то становится 
очевидным, что «национальная призма» формируется не в период этнокультурной и 
политической оформленности и дальнейшего развития нации (высшей стадии эволю-
ции этноса), а значительно раньше [6, с. 43]. Сондықтан ұлттық код қазақ халқының 
ұлттық мәртебесі айқындалып, тарихи аренаға шығу сәтінен емес, одан ерте түркілік 
замандардан бастау алып, қалыптаса бастаған деуге болады.
Олай болса, түркі ру, тайпалары мен ұлыстары, оның ішінде қазақтарды құраған эт-
ноэлементтер тарихтың түрлі сынынан өтіп, күрделі де драмалық жағдаяттарды, қиын-
қыстау замандарды басынан кешкеніне қарамастан, ғасырлар бойы өз мәдениетінің, 
тілінің,  салт-дәстүрлерінің  қайталанбас  этникалық  болмыс-өрнегін,  рухын  сақтап, 
этникалық  бірегейлігін  жоғалтпай,  күні  бүгінге  жеткізіп  отыр.  Өздерін,  аса  құнды 
рухани  мұраларын  шексіз  Еуразия  кеңістігінде  шашып-жоғалтпай,  тұтастығын 
берік  ұстап,  жер-су  атауларында  вербалданған  артефакті,  ментефакті  түріндегі  бай 
ақпараттар мен құндылықтарды жеткізе білген. 
Этностың  ұлт  болып  қалыптасуының,  этникалық  қауымдастықтың  өзін  ұлт  деп 
сезінуінің басты бірқатар алғышарттары қатарында «біз» және «олар, өзгелер, жат» 
антитезасы негізінде халықтың өзін-өзі өзге ұлыстардан айырып, тануы нәтижесінде 
ұлттық  сана-сезімнің  пайда  болуы,  спецификасы  ортақ  тарихи  мәдениеті,  тілі, 
ортақ  құндылықтар  мен  мінез-құлық,  психикалық  стереотиптерінің  болуы  жатады. 
Объективті факторларға, сондай-ақ биологиялық, антропологиялық ерекшеліктермен 
қатар,  ұлттың  ұлт  болып  танылуында  географиялық,  территориялық  (мемлекеттік) 
факторлар да зор рөл атқарады.
Алғашқы этникалық сананы қалыптастырушы түркітектес этникалық бірегейліктің 
көрсеткіші ретінде алдымен оның ортақ тілін, ру-тайпалардың ертеден қалыптасқан 
қоныс  орнын,  қыстауы  мен  жайлауын,  ата-бабалар  жұртын,  көші-қон  ортақ  тер-
риториясын  атауға  болады.  Яғни  ру,  тайпаның,  этникалық  қауымдастығы  тұрмыс-
тіршілігіне, өмір қажеттілігіне сай игерілген географиялық, этнологиялық кеңістігінің 
болғандығымен расталады. Мыңдаған жылдар бойы Еуразия кеңістігінде ғұмыр кеш-
кен, этностену процесінің барлық кезеңдерін бастан кешіріп, ұлт дәрежесіне жеткен 
халықтар  баршылық.  Алайда  алапат  Еуразия  жері  мен  ауқымды  ежелгі  Қазақстан 
жерінде, яғни ұшан-теңіз кеңістікте қауымдасып, сол жерге иелік етіп, басы бірте-бірте 
халық болып біріккен қазақ халқының ұлт өзегін сақтап, күні бүгінге жету себебі неде, 
қандай феноменмен түсіндіруге болады? деген сауалға жоғарыдағыдай алуан түрлі жа-
уаптар дайын. Бұл феноменнің түп-тамыры ұлтымыздың төлтума шежіресінде жатыр 
деуге болады. Ру-тайпалық принцип тарихи кезеңдерде қарымды этноұйыстырушы 


76
фактор  ретінде  тиімді  болды,  өзін  тарихи  тұрғыдан  растады  деп  есептейміз.  Ата-
бабаларымыздың кеңістік пен мезгілдік континуумда шашырап, сейіліп, өзге этноком-
поненттер құрамына «жұтылып» кетпеу себебі оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет