Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет32/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.Қ. Ескеева
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ф.ғ.д. 
Түркі  тілдерінің  мыңдаған  жылдарды  қамтитын  мазмұндық  және  тұлғалық 
құрылымының  өзгеру,  даму  шеңберінде  қалыптасқан  глоттохронологиялық 
өріс  аясындағы  лексикалық  қабаттар  тіл  мен  тіл  иесі  –  этностар  асындағы 
көпқатпарлы,  көпвекторлы  қатынасты  сипаттайтын  лингво-ақпараттық  дерек  бо-
лып  табылатындықтан,  қазіргі  түркі  тілдерінің  көнетүркілік  қабатын  құрайтын 
Орхон,  Енисей,  Талас  ескерткіштері  тілін  құрылымдық  және  антропологиялық 
парадигмалардың  сабақтастығына  құрылған  аралық  қағидалар  негізінде  зерделеп, 
көне  түркілік  лингвоиндикаторлардың  «жалпытүркілік  ұйыстырушылық»  әлеуетін 
ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу бүгінгі түркітану ғылымының  басты талабы.
Жалпытүркілік тектілден өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді 
бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сарала-
натын түркі тілдерінің қалыптасу жолын, өзара туыстық деңгейін анықтаудың негізгі 
арқауы болып отырған VІ-ІХ ғғ.  түркі жазба мұралары тілінің зерттеліп келе жатқанына  
ғасырдан астам уақыт өтсе де түркі тілдері жүйесіндегі тарихи-генеалогиялық орны 
біржақты қарастырылып, жалпытүркілік ортақ жәдігер тілінің батыс қыпшақ тілдеріне 
қатыс-дәрежесі күңгірт қалып келеді.
Көне  жазба  мұралар  тілінің  лексикалық  құрамы,  фонетикалық  жүйесі  мен 
морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі, қолданысы қазіргі түркі 
тілдерінен  де  көрініс  тауып  отыруы  тек  табиғи-генеологиялық  сабақтастықты  ғана 
көрсетіп  қоймайды,  түркi    халықтары  арасындағы  рухани-мәдени  ықпалдастықтың 
артуына, бүгінгі ұрпақтың жалпытүркілік ортақ мүдденің мәнін түсінуіне ықпал етеді.  
Бұл көне түркi жазба мұралары тiлiн зерттеуді үздіксіз жалғастырудың қажеттілігін 
көрсетеді.  
Қазіргі  түркі  тілдерінің  негізгі  лексикалық  қоры,  фонетикалық  жүйесі  мен 
морфологиялық  құрылымы,  синтаксистік  конструкциясы  көне  түркі  тілінің  жал-
пы  лексика-грамматикалық  жүйесімен  сәйкес  келуі,  көне  тілдің  ерекше  белгілері 
қазіргі тілдердің тек біреуінен ғана емес, әр топтағы бірнеше тілдерден көрініс беруі 
кезінде өзiндiк диалектiлiк ерекшелiктерi бар жалпы түркілік ортақ жазба әдеби тіл 
қолданыста  болғанының  куәсі.  Сондай-ақ  әрбір  мемлекеттік  деңгейдегі  тайпалық 
бірлестіктердегі саны жағынан басым топтардың немесе билеуші тайпалардың тілі де 
басымдыққа ие болатынын естен шығармау керек. Соған орай, көне түркілердің қазіргі 
мұрагерлерінің  көне  түркі  жазба  ескерткіштеріне  қатысы  қаншалықты  дәрежеде, 
үлес-салмағы қандай деген мәселелердің туындауы да заңды. Қазіргі түркі тілдерінің 
ішінде көне түркі тілінің фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-
дәл қайталайтын бірде-бір тіл жоқ. Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, 
бұл  –  табиғи-лингвистикалық  заңдылық.  Сондықтан  көне  түркі  елінің  ортақ  әдеби 
тіліне арқау болған тайпа тiлiн немесе диалектісін анықтау көне жазба мұралар тілін 
қазіргі түркі тілдерімен бірден жеке-дара салыстыру негізінде емес, сол дәуірлерде 


68
өмір сүріп, Түркі қағанатының құрамында болған көне тайпаларға тікелей қатысы бар 
қазіргі түркі тілдерінің макротоптарын құрайтын бірнеше тілдер деректері негізінде 
қарастырса нәтижелі болмақ. 
«Ескерткіш тілін зерттеудің көп жолының тиімді де нәтижелі бір жолы – ол түбі бір түркі 
тілінің түбіріне тереңірек үңілу» [1, 297], Орхон-Енисей, Талас көне түркі жазбаларының 
тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі бір буынды түбірлер мен түбір-негіздердің тұлғалық 
ерекшеліктерін анықтау аталған тілдердің дыбыстық жүйесін, морфологиялық құрылысы 
мен семантикалық құрылымын тереңірек тани түсуге жол ашады. 
VI-IХ  ғасыр  ескерткiштерi  тiлiндегі  бір  буынды  түбірлер  мен  түбір  негіздерде  
қыпшақтық белгiлердiң молынан сақталуы, сол белгiлердiң қазiргi қыпшақ тобындағы 
түркi тiлдерiнде бiрде әдеби тiлде, бiрде диалектiлiк ерекшелiктерде үнемi қайталанып 
отыруы, «түрк», «қыпшақ» атауларының синонимдес мәнде жұмсалу мүмкiндiгi жайлы 
болжамның ақиқатқа жақындығын, көне жәдiгерлер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң 
тығыз байланысын бiлдiредi. Тiл дамуындағы мираскерлiк сабақтастық адам ағзасындағы, 
қанындағы генетикалық жалғастықпен пара-пар жүретiн феномендiк құбылыс. Сондықтан 
жалпы түркi жұртшылығына ортақ Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерiнен қазiргi қыпшақ 
тiлдер тобына кiретiн тiлдердiң де алар үлесi ауқымды болмақ.
Кезінде  Қыпшақ  бірлестігінің  құрамында  болған,  қазір  қыпшақ  тобына  жататын 
тілдерде сөйлейтін халықтардың тілі ескі қыпшақ тілінің басты ерекшеліктерін сақтап 
қалғанымен, олардың этникалық құрылымын, этнос ретiнде қалыптасу жолын тек көне 
қыпшақ  тайпасымен  байланыстыруға  болмайды.  Қыпшақ  бірлестігі  құрамындағы 
бірнеше түркі тайпаларының тілдері өзара тоғысып көне қыпшақ тілінің ортақ әдеби 
жазба тілін қалыптастырса, онымен қатар халықтың ауызекі сөйлеу тілі де қолданыста 
болғанына қыпшақ ескерткіштер тіліндегі диалектілік ерекшеліктері дәлел бола ала-
ды. Бұл қыпшақ тобындағы тілдердің негізгі стереотиптері қыпшақ бірлестігіне дейін-
ақ  қалыптасқанының  айғағы.  Қыпшақ  тобындағы  тілдерде  сөйлеуші  этностардың 
барлығының да көне қыпшақ тіліне белгілі бір дәрежеде қатысы бар, кейбір тілдер 
о бастан қыпшақтық негізде қалыптасса, енді бір тобының қыпшақтық сипаты кейін 
басымдыққа ие болған тілдер [2, 70]. Қыпшақ тілдерінде сөйлейтін этностар тілінде 
оғыз,  қарлұқ,  бұлғар  тілдерінің  элементтерінің  сақталып  отыруы  түркі  халықтары 
тілінің қалыптасуы күрделі де қайшылықты лингво-этникалық даму жолынан өткенін 
білдіреді. Орхон, Енисей, Талас жазбаларында 350-дей ғана бiр буынды түбiр морфема-
лар (түбірлер мен түбiр-негiздер) қолданылған. Көне мұралар тiлiндегi түбір морфема-
лар көлемiнiң қазiргi түркi тiлдерiндегi түбір морфемаларға қарағанда ықшам болуы, 
бiрiншiден, көне жәдiгерлердiң әлi толық оқылып болмауына; екiншiден, жекелеген 
авторлар мен бедiзшiлердiң сөз қолданысына, тiл байлығына, дара стилiне байланысты 
болса; үшiншiден, арада өткен 1300-1400 жылдық тiл дамуының табиғи заңдылығы да 
ықпал еткені белгілі. Көне жазбалар тiлiнде сақталған түбір морфемалардың сандық 
көрсеткiшi шағын болса да,  көне тiлдiң басты ерекшелiктерiн, түбiр сөздер мен түбiр-
негiздер жиынтығының сұлбасын, тұтас лексикалық жүйенің даму бағытын анықтауға 
мүмкiндiк  бередi,  әрi  қазiргi  түркi  тiлдерiндегi  түбiр  морфемалардың  лексикалық 
қорды дамытудағы орнын, сөзжасамдық әлеуетінің ауқымын көрсетеді. 
Орта түркi жазба мұраларының тiлiн талдау нәтижелері оғыз, қыпшақ тілдері сара-


69
ланып шыққанға дейін жалпытүркілік қыпшақ-оғыздық, оғыз-қыпшақтық жағдайдың 
орныққанын көрсетіп бергені белгілі. Орта түркi  дәуiрiнiң алдындағы көне түркi жазба 
ескерткiштерi тiлi мен орта түркi дәуiрiнен кейiнгi дәуiрде қолданылып жүрген қазiргi 
қыпшақ, оғыз тiлдерi деректерi де қыпшақ 

 оғыз тiл бiрлестiгiнiң iздерi сақталғанын 
көрсетедi.
Оғыз және қыпшақ тілдерінің дербестік  сипатқа ие болуы тұтас бір тілдің  екіге  
жарылуы нәтижесінде емес, бұрыннан өздеріне тән мүддесін қорғау ыңғайында, яғни 
өздеріне  тән  белгілерді  сақтап  қалу  ыңғайында  қалыптасқанын  байқаймыз.  Орта 
ғасырдағы  оғыз-қыпшақтық  аралас  тілдік  жүйедегі  қыпшақ  тілдерінің  дербестік 
сапасының айқындала  бастауы бір ғасыр шеңберінде ғана қалыптасқан құбылыс емес 
түркi  тiлдерi  дамуының  алғашқы  кезеңдерiнде-ақ  оғыздық  немесе  қыпшақтық  бел-
гiлердiң сiлемдерi қолданыста болуы әрi олардың арасында дифференциациялық және 
интеграциялық процестердiң кезең-кезеңiмен бiрнеше мәрте қайталануы да мүмкiн. 
Сондықтан көне түркi дәуiрi мен орта ғасыр дәуiрiндегi түркi жазба әдеби тiлi арасын-
дағы сабақтастық та аралас тiлдiк жүйе арқылы айқындалады [3,60]. 
Моносиллабтар құрамындағы анлаут 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет