Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет16/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
Өлшеуіш цилиндрлер - қалың қабырғалы ыдыстар. Олар тұрақты болу үшін кең түпті болады. Цилиндрлердің қабырғасының сыртқы жағында көлемін көрсететін сызықшалар жазылған. Өлшеуіш цилиндрлер әр түрлі сыйымдылықты болады: 100 мл-ден 2 литрге дейін. Олардың қызметі - сұйықтардың әр түрлі көлемін өлшеу. Цилиндрлердің орнына кейде мензуркаларды қолданады. Бұл ыдыстар конус пішінді, қабырғаларында сызықшалары бар. Олардың атқаратын қызметі - өлшеуіш цилиндрдікіндей.



СПИРТШАМ

СЫНАУЫҚ

ДӨҢЕС ҚҰТЫЛАР


КРИСТАЛЛИЗАТОР

ПЕТРИ ТАБАҚШАСЫ

ҚЫСҚЫШ ҰСТАҒЫШТАР


ҚАСЫҚТАР

ҚҰТЫЛАР

СЫНАУЫҚҚА АРНАЛҒАН ТҰРҒЫ


ХИМИЯЛЫҚ САТАҚАНДАР

БӨЛГІШ
ҚҰЙҒЫЛАР

ӨЛШЕГІШ ЦИЛИНДРЛЕР




ҚҰЙҒЫ

ТАМШУЫР

КӘРЛЕН ТАБАҚША




КЕЛІ МЕН КЕЛСАП

ШЫНЫ ТАЯҚШАЛАР

ӨЛШЕГІШ БЮРЕТКА




ТҰРҒЫ

ҚЫСҚЫШ

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТАРАЗЫ


МЕНЗУРКА

ТЕРМОМЕТР

БУНЗЕН ГАЗ ШАМЫ


ЭКСИКАТОР

БЮКСТЕР

РЕТОРТА


ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ
ЭЛЕКТРОНДЫ ТАМШУЫР

САНДЫ БЮРЕТКА




МУФЕЛЬ ПЕШІ



ҚЫЗДЫРҒЫШ ПЛИТКА

АЛЛОНЖ




КИПП АППАРАТЫ



МУФЕЛЬ ПЕШІ

СУ МОНШАСЫ


ІV. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР



  1. Химиялық заттар

    1. Жай заттар: металдар және бейметалдар



Калийдің сумен реакциясы


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • калий

  • су

  • фенолфталеин ерітіндісі

  • кристаллизатор

  • қысқыш



Тәжірибе барысы:
Металдық калий ақ күміс түсті, өте жеңіл және жұмсақ металл. Барлық сілтілік металдар сияқты калий де ауада оңай тотығады және сумен белсенді әрекеттеседі. Литий мен натрийге қарағанда калийдің кішкене бөлігі сумен әрекеттескенде тұтанып жанады. Кейде реакцияның аяғында жан-жаққа ұшқындар ұшады.
Бұл тәжірибеге біз калийдің кішкене бөлігін аламыз. Тәжірибені ішінде суы бар үлкен кристаллизаторда жүргіземіз. Оған алдын ала фенолфталеин ерітіндісі қосылған болуы керек. Калийдің азғантай бөлшегін суға саламыз. Шамалы уақыттан кейін калий жарылып, жанып жатқан металдың бөлшектері артынан ақ із қалдырып жан-жаққа ұша бастайды.

Реакция нәтижесінде фенолфталеин іс жүзінде бірден алқызыл түске айналды.
Назар аударыңыз! Тәжірибені ашық жерде жасау керек. Металдық калийді қолмен ұстауға болмайды, қолыңыз күйіп қалуы мүмкін және онымен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек! Себебі, тәжірибе жарылыспен аяқталуы мүмкін.


Йодтың I2 балқуы мен сублимациясы


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сынауық немесе химиялық стақан

  • спиртшам

  • йод

  • тығын

  • қысқыш

Тәжірибе барысы:
Қ алыпты жағдайда йод кристалды ұнтақ. Ол қатты қыздырғанда күлгін түсті бу – газ тәрізді молекулалық йод І2 түзеді. Қыздырғанда қатты заттың сұйық күйге ауыспай, бу күйге өтуі – сублимация деп аталады.
Тәжірибені тартпа шкафтың астында жүргізу керек. Егер йодтың азғантай мөлшерін сынауыққа немесе стақанға салып, амосфералық қысымда қыздыратын болсақ, ол балқымай-ақ оңай буланады. Сол кезде күлгін түсті бу түзіледі. Йод буы көтеріліп, сынауық қабырғасының жоғарғы жағына қонады. Бұл жерде қайтадан кристалды йод түзіледі.
Енді йод кристалдарын аузы тығыз жабылған сынауықта жәймендеп қыздырамыз. Бұдан біз йодтың балқуы мен қайнауын бақылай аламыз. Қатты йод 1130С температурада сұйық күйге айналып, сұйық йод 1840С-та қайнайды.
Йод тек буының қысымы белгілі бір мәнге жеткенде ғана балқиды. Ашық жерде мұны көре алмайыз.


















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет