1.
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары:
химиялық
технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер,
қосымша материалдар, қалдықтар.
•
Химиялық технология — табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай,
табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық
жолдар арқылы тұтыну
мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық
тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.
•
Шикізат – бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде
қолданылатын материалдар немесе заттар.
Шикізат — бұрын еңбек
әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы,
қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп
саласына: жеңіл, тамақ, т.б.
арналған деп ұғынылады; табиғи
ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте
пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи
ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық
тұрғыдан
өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.
•
реагент (ре… және лат. agentіs — әсер етуші) — химиялық
реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин
Тазалығына және қолданылатын ғыл. немесе анализдік
қажеттіліктеріне байланысты Реактивтер: өте таза, анализ үшін таза
және таза деп бөлінеді. Қолдану
салаларына байланысты
Реактивтердің тазалығына әр түрлі талаптар қойылады
•
өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді,
халық тұтынатын
тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды,
қызметтерді қоса
қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім.
•
Жанама өнім (ағылш. by-product) - басқа өнімдермен бір мезгілде
өндірілетін және іске асыру құны төмен өнім.
Негізгі өнімді өндіру
кезінде сөзсіз пайда болады.
•
Қалдықтар-өндіріс, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету
процесінде немесе тұтыну
процесінде пайда болған, қайта өңделетін,
кәдеге жаратылатын немесе көмілетін заттар.
2.
Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен
молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.