Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата25.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#199252
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
file

резеңкеге
айналдырады. Ол үшін каучукке 
күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130—140°С 
шамасында қыздырады. Күкірт атомдары каучуктың қос байланыстарының 
кейбіреулері бойынша қосылып, оның сызықтық молекулаларын бір-біріне 
"жөрмеп" байланыстырып, полимер кеңістіктік құрылымға ие болады. 
Кеңістіктік полимердің қасиеттері сызықтық полимерден өзгеше. Резеңке 


каучукпен салыстырғанда берік болады. Каучук бензинде біртіндеп ериді, 
ал резеңке бензинде ерімей, тек ісінеді. Каучукты вулканизациялағанда, 
оның массасының 2-3%-індей күкірт қосады.
• 
Резеңке оған түсірілген кішігірім салмақтан оңай деформацияланатын
және өз пішішіне қайта келетін қабілеті бар 
• 
Резеңке деформацияны білдіртпей, бірнеше рет 500-1000%-ке дейін 
созыла алады. Резеңкенің маңызды сипаттамасы ол оның 
қаттылығының аздығы 
• 
Жоғары су және газ өткізгіштігі, көптеген агрессивті ортаның 
әрекетіне төзімділігі, электроизоляциялық қасиеті резеңкені көптеген 
бұйымдарды жасауға көмегін тигізеді.
• 
Резеңкенің беріктігі мен тозуға төзімділігін арттыру үшін оның 
құрамына беттік активті заттар және толықтырғыштар (күйе, кремний 
оксиді, титан оксиді, бор, барит, тальк) енгізіледі. 
Медициналық силиконды резеңке қоспасы - пероксидтер мен олардың 
ыдырау өнімдері жоқ экологиялық таза материал. Каучук өзінің физикалық 
қасиеттерін сақтай отырып, улы емес және инертті. 
Материалды денсаулық сақтау саласында қолдану ауқымы айтарлықтай 
үлкен - силикон түтіктері, катетерлер, қаптар, пробиркалар, препараттарға 
арналған тығындар, зондтар, медициналық сылақтарға арналған желім және 
т.б. Медициналық силиконды резеңке адам өмірін қамтамасыз ететін 
маңызды құрылғыларға (диализ, дренаж жүйелері, экстракорпоральды қан 
айналымы және т.б.) келгенде алмастырылмайды. 
Медициналық силикон резеңке қоспасының артықшылықтары: 

жоғары температура жағдайлары (-60С-тан + 300С-қа дейінгі 
температура айырмашылығына төтеп береді, бұл өнімдерді пеште 
ыдыстарды пісіру кезінде пайдалануға мүмкіндік береді); 

пероксидті вулканизацияланған каучуктармен салыстырғанда 
жақсартылған физикалық-механикалық қасиеттері бар; 

химиялық төзімділік (силиконды тағамдық резеңке биологиялық 
ерітінділерге, тұз ерітінділеріне, қайнаған суға, спирттерге, 
фенолдарға, әлсіз қышқылдарға, сілтілерге, кейбір еріткіштерге 
төзімді); 

қалыпты күйде де, күшті қыздыру кезінде де улы заттардың бөлінуі 
болмайды; 

ұзақ қызмет ету мерзімі, тіпті қайнаған суда жиі зарарсыздандыру. 
28. Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Жіктелуі, алынуы. 
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — 
микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын 


микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық 
зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен 
микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын 
заттар.
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың 
дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы 
микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне 
негізделген. 
Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш 
саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг 
болды.
Антибиотиктер – микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін немесе оларды 
жойып жіберетін қабілеті бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар, 
бактериялар, актиномицеттер, жануарлар мен өсімдіктер түзетін заттар. 
Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір 
тобына қарама – қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан 
өзге топтарға қарсы болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп 
шығарады. Əрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің 
белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді. 
Шығу тегі бойынша антибиотиктердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет