Амин қышқылдары деп
– карбон қышқылының молекуласындағы
көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық
қосылыстарды айтады.
Амин қышқылдарының физиологиялық
маңызы өте зор, өйткені олардың
қалдықтарынан ақуыздар құрылады
және олардан ферменттер, витаминдер,
гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі
бойынша) атаумен айтады.
Амин қышқылдарының жіктелуі
Амин қышқылдары құрылысы бойынша үш топқа бөлінеді:
1. Ациклді; 2.
Карбоциклді; 3. Гетероциклді.
Ациклді амин қышқылдары карбоксил –
СООН
және
амин −
NH
2
топтарының санына қарай бөлінеді:
1. Моноаминкарбон қышқылдары: аланин СН
3
СН(NH
2
)СООН – барлық
ақуыздар құрамына кіреді.
2. Моноаминдикарбон қышқылдары: аспарагин
қышқылы НООССН
2
СН(NH
2
)СООН – аминянтар қышқылы, ақуыз
гидролизі нәтижесінде түзіледі. Табиғатта аспарагин қышқылының амиді
кездеседі – NH
2
СОСН
2
СН(NH
2
)СООН.
3. Диаминмонокарбон қышқылдары: Н
2
N(СН
2
)
4
СН(NH
2
)СООН – лизин,
кейбір балық уылдырығының құрамында кездеседі, күшті негіз,
ауыстырылмайтын амин қышқылдарына жатады.
Оны синтетикалық
жолмен капролактамнан және биохимиялық әдіспен алады.
Достарыңызбен бөлісу: