1.7 Химиядан білім мен икемділік дағдыны бақылау мен бағалау
Оқыту нәтижесін бақылау немесе тексеру оқыту үрдісінің ең қажетті компоненті болып табылады. Ол оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде орын алады. Оқытудың нәтижесін тексерудің мәне – оқушылардың белгілі бір пән, бағдарлама бойынша білім беру стандартына сәйкес келетін білімді игеру деңгейін арттыру да болып табылады.
Оқушылардың оқуға тиісті пәнінің материалдарын меңгеру сапасы және орлардың жинақтаған тәжірибелерінің сапасы пәнді меңгеру деңгейімен сипатталады. Олар психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерттелген.
1-деңгей – танысу. Оқушы бұл деңгейде нысандар мен үрдістерді талдап, айыра және байланыстыра алады.
2- деңгей – қайта зерделеп жетілдіру. Оқушы ақпаратты, операцияны, қызметті қайталай алады. Оқытуда көрсетілген типтік міндеттерді шешу.
3- деңгей - қолдану. Бұл деңгейде оқушы жүйелілікпен оны іске асыру тәсілдерін алдын-ала ойланып әрекет жасау арқылы білім мен дағдыны жинақтайды.
4- деңгей - шығармашылық. Шығармашылық – адам санасының жемісті белсенділік танытуы. Өз бетінше білім іздеуге үйрету керек. Оның шығармашылық бейімділігін дамыту қажет.
Бағалау, қадағалау әдістері
Бақылау әдістері – бұл оқытудың табыстылығын оқу үрдісінің тиімділігі туралы мәлімет алу мақсатында оқыту үрдісіндегі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын дидактикалық қызмет тәсілі. Олар оқу үрдісі жәйінда жүйелі, дәл, жедел ақпарат алуды қамтамасыз ету қажет.
Оқу үрдісіндегі қадағалау әртүрлі. Көп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен анықталады. Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың бірнеше түрін айтуға болады. Алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен т.б.
Алдын-ала қадағалау - әдетте диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін меңгерген білім, ептілік дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерген материалды қаншалықты терең және беріктігін анықтау үшін қолданады. Бұл қадағалаудың тимділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруге көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы оқушылардың әр сабаққа мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін анықтайды.
Мерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланады. Ол не тоқсан, не жартыжыл аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім нәтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім, ептіліктермен, дағдылар жүйесін қамтиды.
Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шәкірттердің білім, ептілік және дағдылар деңгейін анықтауға, сонымен бірге оқушының материалды баяндау қабілетімен танысуға, меңгерген білімдерін үрдістер мен төңірегінде болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын орындау формасына жүргізіледі. Мұндай әдіс барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді. Алайда, жазба жұмыстарды көзден өткізіп, бағалау көп уақытты талап етеді.
Тәжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс және өндірістік ептілік, дағдылардың қалыптасуын немесе қозғалыс, қимылы дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланады.
Ақпараттық технологияның дамуы мен компютерлік қадағалау кең етек жаюда. Бұл мұғалімнің де, оқушының да уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді.
Химияны оқыту әдістемесі, дидактика – оқыту теориясы
Дидактика – (грек сөзі), алғашқы шығу тегінде оқыту өнері немесе біреуге бағыт беру деген ұғымды білдіреді.
«Дидактика» деген термин болған, ол-ұстаз, тәлімгер, уағыздаушы, тіпті өнегелі жазушы немесе ақыл дегенді білдірген. Әр ғылым өмірдің белгілі саласын зерттей отырып, құбылыстар арасындағы заңды байланыстарды , олардың пайда болу заңдарын, қызыметін және дамуын айтады. Оқыту – бұл оқытушы мен оқушының саналы, мақсатты қызметі екені белгілі.
Қазіргі уақытта дидактика –педагогикалық оқыту теориясы, оның мақсатын, мазмұнын, қағидаларын, әдістерін, құралдары мен түрлерін дайындайтын бөлігі дидактиканың негізгі ұғымдары.
Сабақ беру – бұл үйретушінің қызметі. Оқу – бұл оқушының қызметі. Білім алу – үйренушінің ғылыми білімді, практикалық білім мен дағдыны игеруі, олардың ойлау, талдау қабілетін, көзқарасын, адамгершілік қасиетін және жалпы мәдениетін дамыту.
Оқыту – бұл мақсатты, алдын-ала жобаланған қарым-қатынас барысында білім берудің, тәрбиелеу мен дамытудың іске асуы, үйретушілер арқылы тәлім мен іс-әрекет тәжірибесінің жекеленген тұстарының меңгерілуі.
Оқыту – бұл басқарылған таным үрдісіндде өтетін қарым-қатынас. Қоғамдық-тарихи тұлғаны қалыптастыру негізінде нақты іс-әрекетті игеру. Үрдіс – бұл бір тұтас педагогикалық құбылыс. Педагогикалық қызыметтің көрінісі ретінде оқыту жүйесінің жағдайын өзгерту. Оны В.П.Беспалько ұсынған формуламен көрсетуге болады. DY = M + IA + БА
DY – дидактикалық үрдіс. М – оқушының оқуға мотивациясы. IA – іс әрекет (оқушының оқу танымдық қызметі). әр деңгейді іске асыра отырып, оқу үрдісі циклді сипат алады және циклдер дамыту маңызды көрсеткіші төңірегінде топтасқан педагогикалық еңбектің жақын дидактикалық мақсаты болып табылады.
-білімділік – барлық оқушылар ғылым негіздерін игеру, білімнің, дағдының және біліктің нақты жиынтығын игеру, өздерінің рухани, тәни және еңбек қабілеттерін дамыту, еңбек және кәсіби дағдыларының бастамасын игеру.
-Тәрбиелік - әр оқушының биік адамгершілік бағыттағы, шығармашылық жағымен белсенді және әлеуметтік жетілген, үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны дамытудың және оның бағалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі мазмұны болып табылады. Білім мазмұны деген түсінік әртүрлі пайымдалады. Мысалы, Ю.К.Бабанский «білім мазмұны – ғылыми білімдерді біліктермен дағдылардың жүйесі. Оқыту үрдісін төмендегі тұтас жүйе ретінде сызба ретінде көрсетуге болады.
2-сызбанұсқа Оқу үрдісі құрлымының моделі, білім мазмұны түсінігі және оның мәні
Оқу материалының мазмұны
Оқыту мақсаты
Оқыту әдістері
Қызмет көрсету
Қызмет оқу
Нәтиже
Оқыту құралдары
Оқытуды ұйымдастыру түрлері
Бақылау және түзету
Оларды меңгеру мектеп оқушыларының ақыл-ойының және дене қабілеттерінің жан–жақты дамуын, олардың дүниетаным, адамгершілігі мен мінез-құлығын қалыптастыруды, қоғамдық өмірге және еңбекке дайындауды қамтамасыз етуі. Білім берудің басты әлеуметтік функциясын, адамдардың бұған дейінгі ұрпақтары жинақталған тәжірибені беру». Отандық тұжырымдамаларда білім мазмұны былайша түсіндіріледі:
-педагогикалық бейімдендірілген ғылым негіздері;
-білім, біліктермен, дағдылар жүйесі, сондай-ақ шығармашылық қызымет пен әлемге эмоциялық – ерік–жігерлі көзқарас тәжірибесі;
-адамзат мәдениетінің құрлымына ұқсас педагогикалық бейімдендірілген әлеуметтік тәжірибесі;
- тұлғаның жеке қасиеттері мен сапаларының прогрестік өзгерістер үрдісінің мазмұны мен нәтижесі;
- білім беру ортасы қоғам қажеттіліктеріне қарай білім мазмұнын талдауға гуманитарлық бастық бағдар ғылымы т.б. сияқты қағидалар әсер етеді. Бұл қағиданың заңды бейнесі – мемлекеттік білім беру стандарттары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |