3-
мәтін
Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт-
дәстүрлері бар.
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға
міндетті түрде самса қойылады екен.
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың
барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы
сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа
жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына
шығарып тастайды екен.
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны
ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді, Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде
жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана
қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. Айтса
айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап
кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар
көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып,
212
көркемдейтін көрінеді.
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл
тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су
шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға
болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын
көрінеді.
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен.
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар
атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс
гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы
мен ақпан айының басына келеді.
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да
Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы құттықтағанды ұнатады.
Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі
бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде
болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде
мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі.
7. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел
A) Эквадор B) Венгрия C) Италия
D) Франция E) Болгария
8. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай,
кетерінде сыйлықтар беруінің себебі
A) Ырымдарға сенгендіктен
D) Ұстамдылығын байқату үшін
B) Қолы ашық екенін көрсету үшін
E) Адалдығын көрсету үшін
C) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін
9. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A) Гвинея – Эквадор
C) Венгрия – Эквадор E) Голландия – Куба
B) Қытай – Ұлыбритания D) Үндістан – Куба
10. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет
A) Ресей B) Қытай C) Голландия
D) Үндістан E) Қазақсан
11. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі
A) Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен
B) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
C) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандыктан
D) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
E) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
12. Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген?
A) Ұлыбританиядан
C) Үндістаннан
E) Қытайдан
B) Голландиядан
D) Ресейден
4-
мәтін
1. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін- бірі танысын-
танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік
малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк
артса - көлік, жесе - ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер
киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын,
буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
2. Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен,
бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар,
қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар
оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға
жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін
атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс,
шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған; торы, күрең, жирен,
ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.
3. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май,
213
құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де
пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған,
тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі
адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты»
деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып
есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін,
сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Түйе мен жылкыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға,
арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.
4. Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті -
қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Ешкі
де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті
аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік
ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, борте,
шыбыш, серке деп бөледі.
5. Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал
көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып
отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан
жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет,
тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің
шудасын да қайнатып, емге пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз
перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп
отырған.
13. Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік
A) Түйе
B) Сиыр
C) Қой
D) Ешкі
E) Жылқы
14. Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді?
A) Бірінші
B) Бесінші C) Екінші
D) Төртінші E) Үшінші
15. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал
A) Ат - биеден, аруана - түйеден
B) Есі кеткен ешкі жинар.
C) Тайлы бие тайлақты түйедей.
D) Сиырдың сүті тілінде.
E) Түйесі жоқа ауылға тайлақ атан көрінер.
16. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі.
2. Сыйдың ең қадірлісі
3. Үндемейтін адамға қатысты теңеу
4. Амандасу әдебі
5. Төрт түлікке қатысты халық ырымы
A) 1.2.3.5.4. B) 1.2.5.4.3. C) 4.2.5.3.1. D) 4.5.3.2.1. E) 4.2.3.1.5.
17. Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған?
A) Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болғандықтан
B) Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан
C) Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болған,
D) Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болған.
E) Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан
18. Төрт түліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны
A) Түйе
B) Сиыр
C) Ешкі
D) Жылқы
E) Қой
19. Қойға қатысты сипаттама
A) Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған.
B) Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған.
C) Кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған.
D) Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы.
E) Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөлінеді.
20. Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі?
A) Байлығын, мансабын көрсететін дүниесі.
B) Малдың төлін балалар жақсы көргендіктен.
C) Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған.
D) Ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі болған.
214
E) Оқу, білім алудың бірден-бір көзі болған.
1054-нұсқа
1-мәтін
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі
әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас құлындар қарақұлақ
бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып,
тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей қаз-қағар тізіліп
байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы
болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.
II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейде мал сойып немесе
қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарының
басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бүл кезде желі
қазыққа, айғырдың сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып,
бие сауынын бастайды.
1. Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып
A) Тартылған желілер
D) Бие байлау
B) Ноқталанған құлындар
E) Жүннен есілген ноқталар
C) Жас құлындар
2. Бие байларда қандай ырым жасалады?
A) Қыстан қалған сүрді пісіреді.
B) Желіге құлын байланады.
C) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді.
D) Жұмсақ жүннен ноқта жасалады.
E) Желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағылады.
2-
мәтін
1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың
қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет»
өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл
көтереді.
2. Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды, Әдетте, шілдеханаға ауыл
үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан
қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі
нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген, «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып
күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы
сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның
бір түрі.
3. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші
сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта
жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады.
Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір
қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл
адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
4. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден
көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала
екен!» - деп түкірген болады.
5. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін
мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
3. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы
A) Тіл-көзден сақтау ырымдары
B) Ескі наным-сенімдердің сақталуы
C) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
D) Немерелі болған әже қуанышы
E) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
4, Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
215
A) Төртінші B) Бесінші C) Екінші D) Үшінші E) Бірінші
5. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
A) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы
D) «Қырық жеті» деген сөз арқылы
B) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы E) «Ат ұстар» деген сөз арқылы
C) «Күл шашар» деген сөз арқылы
6. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің
мәнісі
A) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
B) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
C) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
D) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
E) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
3-
мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын
әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй -
бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары
(«Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық
мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»),
аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма»,
«Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы
халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек,
Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі түлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және
шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде
орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді
дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет
Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
7. XVІII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер
A) Қазанғап, Дина
D) Есжан, Байжігіт
B) Махамбет, Даулеткерей
E) Тәттімбет, Баламайсан
C) Ықылас, Айрауық
8. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап
A) Қобыз B) Жетіген C) Домбыра D) Дауылпаз E) Сырнай
9. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
A) Шертпе күй
C) Орындау мәнері
E) Қобыз күйі
B) Дауыс ырғағы
D) Домбыра әуені
10. Шертпе күйлері қалай орындалады?
A) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
B) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
C) Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен
D) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
E) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
11. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
A) Психологиялық, батырлық күйлер
B) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер
C) Тарихи күйлер, эпостық күйлер
D) Тартыс күйлер, саяси күйлер
E) Арнау күйлер, лирикалық күйлер
12. Мәтін мазмұнының реттілігі
216
1. Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері
2. Күйлердің тақырыптары
3. Күйдің өрістеп дамуы
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі
5. Күй - аспаптық жанр
A) 4,3,1,5,2
C) 2,4,3,1,5
E) 1,5,2,4,3
B) 5,2,4,3,1
D) 3,1,5,2,4
4-
мәтін
I. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?
1. «Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп
дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі»,— деп жазады ұлттық
тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы.
2. Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі - құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ,
ақуызға өте бай. Сондықтан ол - құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс,
мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
3. Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері,
тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі, Әсіресе, қатқан
құрттың пайдасы зор. Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына
жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты
сүйек - тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы
ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды
және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар. Сондай-ақ, В
тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын
алады.
4. Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің
жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да
жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша
қалаған тағамына қосып жей беруге болады.
II. Сусын әрі қорек
1. Езілген қүрт түйіршіктерін малта дейді. Ол - өте кәделі әрі жұмсақ ас. Ұзақ сапарға
жолаушылар көбіне малта алып аттанған. Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін
талдырмаса, екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы
мүмкін, ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам малта құрт
алса, еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті
бар.
2. Соғыс ардагерлерінің естеліктеріндегі мына бір хикая ерекше назар аудартады. Соғыс
алдындағы қырғын шайқаста, қатары селдіреген взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге
мәжбүр болады. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан оран, ту сыртынан өтіп
кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жаудың тылында қалады. Аштық пен
шөл бірдей қысқанда қатардағы жауынгер жүк қапшығын ақтарып отырып, бес-алты қүрт
тауып алған екен. Майданға келгеніне сегіз ай болса да, «елдің дәмі ғой», ~ деп ырымдап,
жемей жүрген көрінеді. Жасырынған жерде төрт күн, төрт түн жатады. Бесінші күні таң ата
қоршаудан сытылып шығып, өз бөлімдеріне қосылыпты. «Жанымызды сақтаған бес-алты құрт
болды» дегенге бөлімнің басқа жауынгерлері таңғалыпты.
13. «Малта» сөзіне сәйкес келетін жауап
A) Езілген құрт түйіршіктері.
D) Қайнап жатқан құрттың көбігі.
B) Әлі толық кеуіп үлгермеген құрт, E) Бірнеше жыл сақталған сықпа құрт
C) Құрғатылған, кептірілген сүт өнімі.
14. Мәтінде кездеспейтін нұсқа
A) Қант қосылып жасалады.
B) Атеросклероз ауруының алдын алады.
C) Бауырдың қызметін жақсартады.
D) Баланың бойын өсіреді.
E) Сүйектердің қатаюына әсер етеді.
15. Екі мәтіндегі ақпараттың орналасу реттілігі
1. Соғыс ардагерінің хикаясы
217
2. Ұлттық тағамның жасалуы
3. Дәрумендерге бай екендігі
4. Балалар мен үлкендерге пайдасы
5. Езілген күрт түйіршіктері
A) 5,1,2,3,4
C) 3,2,5,4,1
E) 1,3,4,5,2
B) 2,3,4,5,1
D) 2,1,3,4,5
16. Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы
A) Атеросклероздың алдын алады
D) Зат алмасуын реттейді
B) Иекті қатайтады
E) Бауыр жұмысын реттейді
C) Шөлдетпейді
17. Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа
A) Кептірілген сүт өнімі
D) Шөлден құтқаратын қасиеті бар
B) Бие сүтінен жасалады
E) Ақуызға бай тағам
C) Кальцийдің көзі
18. Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз
A) Құрттың пайдасы
C) Құрт түйіршіктері
E) Құрттың жасалуы
B) Құрттың түрлері
D) Сүт тағамдары
19. Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай бөлігі?
A) Бірінші мәтіннің I бөлігінде
D) Бірінші мәтіннің II бөлігінде
B) Екінші мәтіннің II бөлігінде
E) Бірінші мәтіннің III бөлігінде
C) Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде
20. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз
A) Құрттың қанша түрі бар?
B) Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар?
C) Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы?
D) Құрт қалай жасалады?
E) Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма?
1057-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері
пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат),
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ
шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп
аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім
ілінеді.
1. Ең үлкен киіз үй
A) Ақ орда
C) Ақ ала орда
E) Ақ шаңқан
B) Алтын үздік
D) Алтын орда
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
B) От жағылып, қазан асылатын орын
C) Қонақтар орналасатын орын
D) Ер тұрман, киім ілінетін орын
E) Үй иесінің жататын орны
218
Достарыңызбен бөлісу: |