19. М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша
Ұлыстың Ұлы күні неше күн тойланған?
A) 5
B) 8
C) 10
D) 40
E) 3
20. Мәтіннің
бірінші
бөлігіндегі
Наурызға байланысты ұғым
A) Халықаралық наурыз күні
B) Жаңа жыл тойы
C) Наурызнама тойы
D) Ұлыстың ұлы күні
E) Самарқанның көк тасы жібіген күн
1075-нұсқа
1 - мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері
пайдалануына, сән- салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат),
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ
шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп
аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман,
киім ілінеді.
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
270
1. Киіз үйдегі киелі орын
A) Ер тұрман, киім ілінетін орын
B) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын C)
Қонақтар орналасатын орын
D) От жағылып, қазан асылатын орын E)
Үй иесінің жататын орны
2. Ең үлкен киіз үй
A) Ақ шаңқан B) Ақ орда C) Алтын орда D)
Алтын үздік
E) Ақ ала орда
2 - мәтін
Ұрпақ заманынан озбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін.
Бірде ол әкесінен:
-
Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі
асып түседі? - деп сүрады. Әкесі:
-
Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп
отыратыи қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек,
сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы; Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз
озатынының да белгісі, - деді.
Бала:
-
Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. Әкесі:
-Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін,
үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала
тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір
айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі.
Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала
тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде
қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ
заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, - деді әкесі.
3. Баланың әкесіне қатысты сипаттама
A) Сабырлы
B) Көңілді
C) Адал
D) Сымбатгы
E) Еңбекқор
4. Әкесі неге риза болды?
A) Жақсы мысал табылғанына B) Баласының аттың сырын білетіндігіне
C) Баласына орынды ақыл айтқанына D) Баласының білімпаздығына
E) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына
5. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды
қалаймын» деген сөзінің мағынасы
A) Қатарынан қалмай өссін дегені
B) Ақылы жасына сай болсын дегені.
C) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені.
D) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.
E) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
6. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
A) Шешінген судан тайынбас. B)
Жақсы бала - әкеге құт.
C) Тілі тәтті - көңілі қатты. D) Күш атасын танымас.
E) Талайлымен таласпа.
3 - мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын
әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй -
бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары
(«Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық
мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»),
аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма»,
«Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар
271
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы
халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек,
Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және
шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде
орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бүл өнерді
дамьпуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет
Мыкдыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
7. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері
2. Күйлердің тақырыптары
3. Күйдің өрістеп дамуы
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі
5. Күй - аспаптық жанр
A) 4,3,1,5,2
B) 1,5,2,4,3
C) 3,1,5,2,4
D) 2,4,3,1,5
E) 5,2,4,3,1
8. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер
A) Ықылас, Айрауық B) Тәттімбет, Баламайсан
C) Қазанғап, Дина D) Есжан, Байжігіт E) Махамбет, Даулеткерей
9. Ең көне музыкалық шығармаларды жегкізген аспап
A) Дауылпаз
B) Домбыра
C) Сырнай
D) Жетіген
E) Қобыз
10. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
A) Психологиялық, батырлық күйлер
B) Арнау күйлер, лирикалық күйлер
C) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер
D) Тартыс күйлер, саяси күйлер
E) Тарихи күйлер, эпостық күйлер
11. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
A) Домбыра әуені B)
Дауыс ырғагы C) Орындау мәнері
D) Шертпе күй E)Қобыз күйі
12. Шертпе күйлері қалай орындалады?
A) Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен
B) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
C) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
D) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
E) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
4- мәтін
I. Қазақ - күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын
ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе. Көшіп-қону үшін
жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік - түйе ғой», «Нары бардың
малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе,
салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды
түлік болғанын анықтай түседі.
II. Түйенің жүні мен терісі - киім, сүті - сусын, еті - ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы.
Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа тезімді, әсіресе шөлге, аштыққа
шыдамды. Осынща шыдамдылығына, куаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын,
«айт-шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен
жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса
қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырганда тиімді болып
табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен
қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су
ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
III. Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғысгау, Қызылорда. Оңтүстік Қазақстан,
272
Жамбыл облыстарында жақсы дамыған, Түйенің шығу тарихы. Түйелер - ірі табандылар
отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін
түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның
екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер - шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік
малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың
орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі.
Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл
жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді,
сірілі, түксіз тықыр жерлері болады, Түйе шөккен кезде сүйелді жсрлері ыстық құмның әсерін
сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді.
IV. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр
жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Қүрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда
тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр
өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген
жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті
жабайы түйе Моңғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі
түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
13. 2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі
A) Жүні мен сүті пайдалы болғандықтан
B) Аса үлкен күтімді қажет етпегендіктен
C) Көшке жиі қолданатындықтан
D) Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан
E) Тікенек шөппен қоректенетіндіктен
14. Мәтіннің төртінші бөлімінде айтылатын ой
A) Түйенің азығы туралы
B)
Түйенің төлі туралы
C) Түйенің пайдасы туралы D)
Түйе туралы мақал-мәтелдер
E) Түйенің сипаты туралы
15. Халықтың түйені ”шөл кемесі" деп атауы неліктен?
A) Шөлде жолаушыларды көп таситындықтан
B) Шөлге шыдамды болғандықтан
C) Кемеге қатты ұқсатқандықтан
D) Жабайы түйелерден тарағандықтан
E) Ашатұяқ сүт қоректілерге жататындықтан
16. Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады.
B) Түйе көнтабандыларға жатады.
C) Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды.
D) Түйе малы көшке қолданылады.
E) Түйе отыз күн шөлге шыдайды.
17. Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт
A) Көшкен кезде тоқтамай жүргенде B)
Тікенек шөптерді көп жегенде
C) Сусызда қалып, бірнеше тәулік су ішпегенде
D) Түнде күйіс қайырып жатқанда
E)
Алыс сапарға шыққанда
18. Түйенің жойылып кеткен түрі
A) Жабағылы жас түйе B) Сыңар өркешті жабайы түйе
C) Айыр өркешті түйе D) Аруана түйе
E)
Қос өркешті түйе
19. Мазмұн реттілігін көрсетіңіз
1. Кисе - киім, ішсе - сусын
2. Төрт түліктің төресі
3. Түйенің қолға үйретілу тарихы
4. Қазақстандағы түйе шаруашылығы
A) 3,2,1,4
B) 3,2,4,1
C) 2,3,4,1
D) 1,4,3,2
E) 4,3,2,1
273
20. Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде?
A) Жуас мал болғандықтан.
B) Көш көлігі ретінде бағалы болған.
C) Өсімтал мал болғандықтан.
D) Сирек кездесетін жануар болғандықтан.
E) Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген.
1076-нұсқа
1-мәтін
Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
- Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па?
- дейді.
Сонда Бөлтірік:
-Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала -
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! -
дейді.
1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
A) қолға ұстаған мұз B) қайғы - күл, қуаныш - от
C) бала - жұбаныш, қарт - қазына D) ұшқан құс E) артта қалған із
2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты
A) ұзақ өмір сүрген жігіт B) баласы көп жігіт C) жүрегі мықты жігіт
D) бақ құсы қонған жігіт E) көпті сыйлаған жігіт
2-
мәтін
Сократтың ақылы
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді.
-Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын.
-Үш сынақ?
-Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп
алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатының 100 пайыз
шындық екеніне сенімдісің бе?
-Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...
-Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің.
Екінші - “Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..?
-Жоқ, жақсы емес, керісінше...
-Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда?
Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - “Керектілік сынағы.”Досым туралы
айтатының керегіме жарай ма?
-Білмеймін ғой енді, бәлкім...
-Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып
несіне әуре боласың?
3. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі
A) Керектілік, шындық, жақсылық B) Шындық, жақсылық, керектілік
C) Жақсылық, керектілік, шындық D) Шындық, керектілік, жақсылық
E) Жақсылық, шындық, керектілік
4. Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті
A) Әңгімесін айта алмады B) Әңгімесін қызықты баяндады
C) Әңгімесін толық айтып берді D) Сократтың сынағынан сәтті өтті
E) Сократтан алғыс алды
5. Сократгың ақылының түйіні
A) Жаман әдеттен аулақ бол B) Тыңдай білу - әдептілік белгісі
C) Досыңды бағалай біл D) Қолыңнан келсе жақсылық жаса
E) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме
6. Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ
A) «Жақсылық сынағы» B) «Шындық сынағы» C) «Адалдық» сынағы
D) «Керектілік сынағы» E) Барлық үш сынақ
274
3-
мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын
әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй -
бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары
(«Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық
мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»),
аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма»,
«Абыл»), адам сезімдері («Куаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы
халыққа кеңінен мәлім болды. ХIХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек,
Дина, Сүгір сияқгы күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мэндері мен қүрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және
шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде
орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді
дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет
Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
7. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
A) Орындау мәнері B) Домбыра әуені C) Шертпе күй
D) Қобыз күйі E) Дауыс ырғағы
8. Шертпе күйлері қалай орындалады?
A) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
B) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
C) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
D) Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен
E)
Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
9. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап
A) Домбыра
B) Жетіген
C) Қобыз
D) Дауылпаз
E) Сырнай
10. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер
A) Махамбет, Даулеткерей B) Есжан, Байжігіт C) Тәттімбет, Баламайсан
D) Ықылас, Айрауық E) Қазанғап, Дина
11. Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері
2.Күйлердің тақырыптары
3.
Күйдің өрістеп дамуы
4.
Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі
5.Күй - аспаптық жанр
A) 1,5,2,4,3
B) 3,1,5,2,4
C) 4,3,1,5, 2
D) 2,4,3,1,5
E) 5,2,4,3,1
12. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
A) Арнау күйлер, лирикалық күйлер B) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер
C) Тарихи күйлер, эпостық күйлер
D) Тартыс күйлер, саяси күйлер
E) Психологиялық, батырлық күйлер
4-
мәтін
275
Майқы би (XII - ХІІІ ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге
қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының
арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би»
деген ескі сөз бар.
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі,
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның
Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына
қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он
қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен
қарайлас болған.
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай
елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған
бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі -
Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген
40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған
Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза»
таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының
таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы
ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған.
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен
ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықгың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға
айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.
13. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?
A) Жер атымен B) Ел атымен C) Өзен атымен D) Ру атымен
E) Тау атымен
14. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?
A) Шыңғыс ханның B) Төле бидің C) Ақарыстың D) Ыбырайымның
E) Ұзынсақалдың
15. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би
A) Әскер басы, дана би, хан B) Батыр, дана, хан
C) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға D) Би, шешен, үш жүздің ханы
E) Ақылгөй дана, ел билеуші
16. Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз
A) Ер - елінде,
Гүл-жерінде.
B) Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
C) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
D) Сөздің көркі - мақал,
Жүздің көркі - сақал.
E) Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
17. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған?
A) Шыңғыс хан B) Ақарыстан C) Төле би D) Төбе би E) Арыстан
18. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті
A) Ердің атын еңбек шығарар B) Ақыл азбайды, білім тозбайды
C) Әдепті бала - арлы бала D) Бірлік бар жерде тірлік бар
E) Өнер алды - қызыл тіл
19. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?
A) Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын
B) Жауға бірінші болып шабатындығын
276
C) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
D) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін
E) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын
20. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар
A) Жұбайы мен жары B)
Баласы мен данасы C)
Жалшысы мен малшысы
D) Отбасы мен ұрпағы E)
Ел-жұрты мен халқы
Достарыңызбен бөлісу: |