1073-нұсқа
1-мәтін
Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
-
Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық
па? - дейді.
Сонда Бөлтірік:
-
Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала -
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! -
дейді.
1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
A) қайғы - күл, куаныш - от B) бала - жұбаныш, қарт - қазына
C) қолға ұстаған мұз D) ұшқан құс E)
артта қалған із
2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты
A) бақ құсы қонған жігіт
B) көпті сыйлаған жігіт
C) жүрегі мықты жігіт D) баласы көп жігіт E)ұзақ өмір сүрген жігіт
2-мәтін
Ғылым артық па, әлде мал артық па?
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он
түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге:
- Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты.
Сол мезетте шешен:
- Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен
Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден,
ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта береді,
малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген
атақ береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу керек.
Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап
бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі,
жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал
масаттандырады, болған үстіне бола берсе екен деп дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым
құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, - деп
тапқырлық танытыпты.
3. Ғылымның дүниеден артықшылығы
A) Мінезін нашар жаққа өзгертеді. B) Адамды масаттандырады.
263
C) Досың санаулы ғана болады. D) Адамның тьшышын алады.
E) Адамға ақыл-ой қосады.
4. Мәтін мазмұнына сай мақал
A) Атаңа не қылсаң.
Алдыңа сол келер
B) Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
C) Мың малың болғанша,
Бір балаң ғалым болсын.
D) Аңқау бөрі қой үркітеді
Ақылсыз адам ел үркітеді
E) Мал көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді
5. Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған?
A) Үшінші
B) Төртінші
C) Бесінші
D) Жетінші
E) Алтыншы
6. Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл
A) Жырлап айту B)
Суреттеп айту C) Жобалап айту
D) Баяндап айту E)
Салыстыра айту
3- мәтін
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір
1. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп,
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен
өткен кезеңдерден сыр шертеді.
2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде
Қозыбасы биігіне жақын болыпты.
3. Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ
мемлекеті құүрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мухаммед Хайдар Дулатидің
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасыда
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихи-географиялық тұрғыдан алғанда XIV- XV
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.
4. Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының
тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек
көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін
қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта,
Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі
болды.
5. Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы
екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән
айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV ғасырлардағы
этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің басты белгілерінің біріне - қазақ халқының этнос ретінде
тарих төріне шығуы жатса керек.
6. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар
негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы этностың
қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі
аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие
болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ
264
хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың
алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі
тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек.
Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекетгер
біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ
хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен
тең тұра алатын.
7. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз
A) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған?
B) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?
C) Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді?
D) «Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?
E) Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды?
8. Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға,
жаңа статусқа ие болғандығы туралы
айтылатын бөлігі
A) 3
B) 2
C) 1
D) 4
E) 5
9. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Жәнібек пең Керей сұлтандардың
Әбілқайыр ханнан бөлінуі
2. Жаңа этнонимнің пайда болуы
3. Алғаш ту тіккен жер
4. Қозыбасы атауы
A) 2,4, 3,1
B) 1, 2, 3,4
C) 4, 2, 1,3
D) 3,4,2,1
E) 1,3,4,2
10. Мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз
A) Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады.
B) Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады.
C) Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады.
D) Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады.
E) «Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады.
11. Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз
A) Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған.
B) Батыс Моғолстан, Шу. Талас өзендері бойында орналасқан.
C) Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан.
D) Қозыбасы аймағында қоныстанған.
E) Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады.
12. Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы
1. Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы
2. Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты
3. Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады
A) Үшеуі де дұрыс B) Тек екінші C)
Екінші мен үшінші
D) Бірінші мен екінші E) Бірінші мен үшінші
4- матін
Майқы би (XII - XIII ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге
қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының
арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би»
деген ескі сөз бар.
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі,
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның
Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына
қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он
қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан ІІІыңғыс ханмен
қарайлас болған.
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну
265
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай
елі бүлінгенде, қазақ ұлысын қүрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған
бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі -
Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген
40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған
Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза»
таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының
таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы
ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырган.
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен
ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға
айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.
13. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар
A) Ел-жұрты мен халқы B)
Жалшысы мен малшысы
C) Баласы мен данасы D) Жұбайы мен жары E)
Отбасы мен ұрпағы
14. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?
A) Тау атымен B) Өзен атымен C) Ел атымен D)
Жер атымен
E) Ру атымен
15. Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз
A) Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
B) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
C) Сөздің көркі - мақал,
Жүздің көркі - сақал.
D) Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
E) Ер - елінде,
Гүл-жерінде.
16. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?
A) Ыбырайымның B) Төле бидің C)
Шыңғыс ханның
D) Ақарыстың E)
Ұзынсақалдың
17. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған?
A) Шыңғыс хан B) Арыстан C) Төле би D) Төбе би
E) Ақарыстан
18. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті
A) Әдепті бала - арлы бала B) Ердің атын еңбек шығарар
C) Ақыл азбайды, білім тозбайды D) Өнер алды - қызыл тіл
E) Бірлік бар жерде тірлік бар
19. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?
A) Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын
B) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын
C) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
D) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін
E) Жауға бірінші болып шабатындығын
20. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би
A) Би, шешен, үш жүздің ханы
B) Ақылгөй дана, ел билеуші
C) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға
D)
Батыр, дана, хан
E) Әскер басы, дана би, хан
1074-нұсқа
1-мәтін
Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
266
-
Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық
па? - дейді.
Сонда Бөлтірік:
-
Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала -
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! -
дейді.
1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
A) қолға ұстаған мұз B) қайғы - күл, куаныш - от C)
ұшқан құс
D) артта қалған із E)
бала - жұбаныш, қарт - қазына
2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты
A) жүрегі мықты жігіт
B) бақ құсы қонған жігіт
C) ұзақ өмір сүрген жігіт D) көпті сыйлаған жігіт
E) баласы көп жігіт
2- мәтін
1. Шайқұмарлардың көбі сүт қосылған шайды таңдайды. Бұл жайт таңғаларлық та емес, сүт
қатқан шай - дәмі жұмсақ, ас қорытқанға жеңіл, қоректі сусын. Сүттің өзі де пайдалы
қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Сүтте адам ағзасына қажетті ондаған пайдалы зат бар. Бірақ сүтті кеселеп іше
алмайтынымыз белгілі. Бұл асқазанға ауыр. Ал шайға қосылған сүт жеңіл қабылданып,
пайдалы қасиеттерін толықтай бере алады. Дәрумендер, майлар, ақуыздар жиынтығы
денсаулыққа өте пайдалы болады. Тіпті ол шай құрамындағы кофеин, алкоидтардың жаман
қасиеттерін баса алады. Шай мен сүттің қосындысы хош иісті, жұмсақ дәмді, пайдалы сусын
береді.
3. Сүт қатқан шай жүрек-тамыр ауруларының алдын ала алады. Сүттің ең маңызды құрамдас
бөлігі - кальций, ол сүйек, шаш пен тырнақты берік қылады. Сергітетін бұл сусынның жалпы
пайдалы екені сөзсіз.
4. Соңғы кезде «сүт шайдың пайдалы қасиеттерін төмендетеді» деген пікірлер туындай
бастады. Зерттеулер көрсеткендей, сүт шайдың тек бірнеше қасиетін бәсеңдетеді. Ал оның
қосып беретін пайдасы одан бірнеше есе көп. Диетолог мамандар күніне 3-8 шыны сүт
қосылған шай ішуге кеңес береді. Әрине, сүттің ең майлы түрлерін таңдамаған дұрыс. Егер сіз
салмақ тастауды көздесеңіз, майлылығы аз сүт қосыңыз.
3. Сүтті шайдың адам ағзасына тигізер әсері
A) Салмақты азайтады. B)
Майларды қалыпқа келтіреді.
C) Ac қорытқанға жеңіл. D) Белокты азайтады.
E) Жүйке жүйесін тыныштандырады.
4, Сүт қүрамындағы пайдалы заттар туралы мәтіннің қай бөлігінде айтылады?
A) Бірінші B)
Үшінші C) Екінші D) Айтылмайды E) Төртінші
5. Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем
A) Сүт қосылған шайдың адамды сергітетін қасиетке ие екені белгілі.
B) Арықтау үшін сүттің майлы түрін қолданбаған дұрыс.
C) Шайға қосылған сүт пайдалы қасиеттерін толықтай сақтайды.
D) Сүтті шай жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.
E) Сүт шайдың адам ағзасына қажет қасиеттерін жойып жібереді.
6. Шай құрамындағы адам ағзасына зиянды зат
A) Газ
B) Май
C) Алкоид
D) Белок
E) Ақуыз
3- мәтін
Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы
«Әр елдің салты басқа, итгері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт-
дәстүрлері бар.
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға
міндетті түрде самса қойылады екен.
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың
барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы
сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа
жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына
шығарып тастайды екен.
267
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны
ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде
жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана
қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. Айтса
айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап
кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар
көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып,
көркемдейтін көрінеді.
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл
тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су
шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға
болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын
көрінеді.
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен.
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар
атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс
гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы
мен ақпан айының басына келеді.
Ұлыбритания алғаш ашықхатгарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да
Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы құттықтағанды ұнатады.
Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі
бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде
болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде
мерекелік дастарқан жайылады. Бүл күні күн мен түн теңеседі.
7. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай,
кетерінде сыйлықтар беруінің себебі
A) Қолы ашық екенін көрсету үшін
B) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін
C) Ырымдарға сенгендіктен
D) Ұстамдылығын байқату үшін
E) Адалдығын көрсету үшін
8. Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген?
A) Үндістаннан B) Голландиядан C) Ресейден
D) Ұлыбританиядан E) Қытайдан
9. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі
A) Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен
B) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
C) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан
D) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
E) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
10. Жаңа жыддық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет
A) Голландия B) Үндістан C) Қазақсан D)
Ресей E) Қытай
11. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел
A) Эквадор
B) Франция
C) Италия
D) Венгрия
E) Болгария
268
12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A) Венгрия - Эквадор B) Голландия - Куба
C) Қытай - Ұлыбритания D)
Гвинея - Эквадор E)Үндістан - Куба
4- мәтін
Ұлыстың Ұлы күні һәм Наурызды қалай тойлаған орынды
I. Қазақтың ежелден тойлап келе жатқан мерекесі - Наурыз. Наурызды еліміз Ұлыстың ұлы
күні деп білген. Ұлыстың өзі мемлекет дегенді білдіретінін ескерсек, Ұлыстың Ұлы күні -
мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Наурыз - Қазақстандағы ең басты мемлекеггік мейрам
болуы шарт. Расында, Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлыс мейрамына ерекше мән беріле бастады.
Мемлекеттік деңгейде тойлануы үшін үш күндік демалыс мәртебесі берілді.
II. Ал 2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық
емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Үлттар
Үйымы Бас Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні»
ретінде аталып келеді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем
мерекесі ретіңде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта
Азияда және Гаяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген
болатын.
III. Наурыздың қазақтың дәстүр-салтын есіне түсіретін этнографиялық тойына айналып
кеткені де рас. Әркім өзінің есінде қалғанын, білген дәстүрін істеп жүр. Біреулер келін түсіру
ырымын жасайды, біреулер баланың түсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың
басы, бірнеше мың жылдық тарихы бар қасиетгі мейрам есебінде тойланбай келеді. Менің
ойымша, Наурыз біздің ұлттық жаңғыруымыздың, ұлттық құндылықтарымызға деген
көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші.
IV. Егер қазақтың байырғы дәстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызықты
деректер бар екенін айтқан жөн. «Наурыздың келген сәтін жандыда балық біледі» дейді
шежіреші. Наурызнама той қылатын жұрттың патшалары тірі балықты көп қылып ұстатып
алып, бір керсен суға салып, көптің алдына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға
көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан
жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жағынан екінші жағына қарай
аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!»
дегені бұл. «Жаңа жыл тойы!» - деп, сегіз күн ұдайымен қол астына қараған жұртқа той, тамаша
береді. Қазақтың «Наурыздың келгенін жандыда балық біледі, жансызда Самарқанның көк
тасы біледі» деген сөзінің шешімі осы. «Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр өлкесінде хан
тағына иелік жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп
отырғызатын қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бұл тасқа Тәуекел отырған. Наурыз
туғанда хандар мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда отырғандарды
босатады, құлдар азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді.
V. Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі құжыраларды мекен қылған қаптаған дуаналар әлем-
жәлем киініп, аса таяқтарын салдыратып тойдың қызығына олар да қосылған, Нағыз карнавал
деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес
кеб киіп шығады. «Кеб» қазіргі бет перде деп жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын
жасанды түр. Қозы Көрпештің Баян сұлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге
алыңыз. «Маска-шоудың» орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеб киіп
«Наурыз-шоу» неге өткізбеске?! Наурыз келгенде он екі жылға ие болған жануардың біреуі
таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері де орнынан бір-бір саты жылжиды. Наурыз тойында
шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып он екі жылға ие болған жануарлардың кеб-
маскасын киген адамдардың бәрін сол шығырға отырғызады. Әрине, той мереке өзінен өзі
басталып, әнші- күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың айтыстарын жасайды, бишілер тойды
қыздырып жатады.
VI. Наурызда арнайы наурызнама жасап құрбы-құрдас, сырлас азаматтар бір-бірінің ауылына,
барады. Наурызнама жасап арнайы келген адамға деген құрмет шексіз болады. Дәулеті
жеткендері «тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады.
Әйтеуір наурызнама жасап келген адам құр қол қайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп
мата береді.
VII. Қазақ - қызықшыл халық. Наурыз мейрамы күндері туыс-туған көрісіп жатады. Даланың
бала сияқты аңғалақ халқы әр әдемі қимыл, әр маңызды сөзге бола той-мереке жасайды.
Осының бәрі елді көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам, қыстың ызғары той мерекемен естен
269
шығады, қыстың шығыны, қиындығы ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек.
13. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз
A) ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар
тізіміне қашан енгізді?
B) Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған?
C) Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген?
D) «Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай?
E) Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған?
14. Қазақстанда «Наурыз» мерекесі
A) Халықаралық мереке
B)
Мемлекеттік мереке
C) Діни мереке D)Салт-дәстүрлік мереке E) Ұлттық мереке
15. Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты қолданылған сөз
A) құжыра
B) тоғыз
C) балық
D) керсен
E) кеб
16. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз
A) Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері тойланып келеді?
B) Қазақ халқының Наурыз мерекесінде бозбала бойжеткенге не сыйлаған?
C) Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз?
D) Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз?
E) Мерекеде пісірілетін наурызкөже қалай дайындалатын болған?
17. Бас БҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау
A) Қара теңіз
B) Балқан түбегі
C) Батыс Еуропа D)
Орта Азия
E) Таяу Шығыс
18. Мәтін бойынша «Самарқанның көк тасы жібіді» сөзінің мағынасы
A) Жүрек жібіп, мейірімділік таныту. B)Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру.
C) Күн жылынып, қар еру. D) Жаңа жылдық басталуы.
E) Мұз жібіп, балық аулау.
Достарыңызбен бөлісу: |