1168-нұсқа
1-
мәтін
Тасып жүргенім жоқ...
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны
теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», - деп өкпелепті.
Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
-
Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым:
-
Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті.
1.
Мәтінде қолданылмайтын қарамақарсы ұғымдар.
A)
Ақ пен қара
B)
Тату мен араз
C)Тасу-сасу
2.
Сырым Нұралы ханның қандай әрекетіне өкпелі?
D)
Аз бен көп
E)
Нашар мен мықты
A)
Көпшілдігіне
B)Өктемдігіне
C)
Қаталдығына
D)
Тілінің қыршаңдығына
E)
Әділетсіздігіне
2-
мәтін
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған
Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған. Жиендердің жанарынан от байқаған
Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан
құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған
баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы
салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны – қазірде Алматы-
Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты жекпе-жекке
шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны
Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екнін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауын
да қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді.
Райымбек батыр жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай
сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған.
3.
Мәтіннің екінші азатжолы бойынша түйін
A)
Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты.
B)
Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі.
C)
Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген.
D)
Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар.
E)
Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп.
4.Баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандаған әрекеті нені білдіреді?
A)
Баланың бәйгеде озғандығын
B)
Баланың өрлігі мен рухының биіктігін
C)
Баланың атақұмарлығын
5.
Орақ батыр Райымбекке кім болады?
D)
Баланың өзімшілдігі
E)
Баланың бәйгеге деген сүйіспеншілігін
A)Жиен
B)Аға
C)Бала
D)Әке
E)Нағашы
6.
Райымбектің ерекше ерлігін танықан шайқас.
247
A)Бадам-бахадұрмен шайқас
B)Гегенмен шайқас
C)
Аңырақай шайқасы
D)
Ойрантөбедегі шайқас
E)Сары Мыңжанмен шайқас
3-
мәтін
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір
1. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп,
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен
өткен кезеңдерден сыр шертеді.
2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз-
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері – Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде
Қозыбасы биігіне жақын болыпты.
3. Қозыбасы, Қозыбашы – атауына келер болсақ, тарихи түп дерек кездеріндегі Қазақ
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау төбелі
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасыда
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы –тарихи географиялық тұрғыдан алғанда ХІV-XV
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.
4. Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының
тұрағы – мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек
көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін
қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта,
Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі
болды.
5. Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы
екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән
айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге ХІV-XV ғасырлардағы
этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне – қазақ халқының этнос ретінде
тарих төріне шығуы жатса керек.
6. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі-оғыз текті ұлыстар
негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр , территория, менталитеттегі байырғы этностың
қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі
аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие
болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті
«Қазақ хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV
ғасырдың
алпысыншы жылдарында – ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі
тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек.
Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер
біздің бүгінгі ұғымымыздағы өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш
құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа пен Азияның кез келген елімен тең тұра алатын.
7.Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз
А.) Қозыбасы аймағында қоныстанған.
B)
Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады.
248
C)
Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан.
D)
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан.
Е) Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған.
8.Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дүрысы
1.Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы
2.
Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты
3.
Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады
A)
Екінші мен үшінші
B)
Бірінші мен екінші
9.Мәтін мазмұнының реттілігі
C)
Бірінші мен үшінші
D)
Тек екінші
Е) Үшеуі де дұрыс
1.
Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі
2.Жаңа этнонимнің пайда болуы
3.Алғаш ту тіккен жер
4.Қозыбасы атауы
A)2, 4, 3,1
B)1,3, 4,2
C)3,4,2,1
D)1,2,3,4
E)4,2,1,3
10.
Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі.
A)5
B)2
C)4
D)3
E)1
11.
Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз
A)
Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді?
B)
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды?
C)
Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған?
D)
Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?
E)
«Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?
12.
Мәтіннен 1 және 2бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз.
A)Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады.
B)
Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады.
C)
«Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады.
D)
Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады.
E)
Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады.
4 – мәтін
I.
Қазақ - күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын
ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе. Көшіп-қону үшін
жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік- түйе ғой», «Нары бардың
малы бар», «Тамырдың түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе,
салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды
түлік болғанын анықтай түседі.
II.
Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол
сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсересе шөлге, аштыққа
шыдамды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын,
«айт шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен
жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қоражайды аса
қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып
табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен
қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су
ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
III.
Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл обылыстарында жақсы дамыған. Түйенің шығу тарихы. Түйелер – ірі табындылар
отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін
249
түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның
екі туысы бар: бірі – түйе, екінші – лама. Түйелер – шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік
малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың
орнында башпайлардың ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны
жалпақ және астыңғы жағы сүйелд, жұмсақ көнмен қапталан. Сондықтан бұл жануарларды
көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірлі, түксіз
тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді.
Осыған байланысты түйе ыстық құмды шыдап, шөгіп жата береді.
IV.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр
жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда
тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр
өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген
жері – Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті
жабайы түйе Моңғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі
түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
13.2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі
A)
Аса үлкен күтімді қажет етпегендіктен
B)
Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан
C)
Жүні мен мүті пайдалы болғандықтан
D)
Тікенек шөппен қоректенетіндіктен
E)
Көшке жиі қолданатындықтан
14.Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт
A)
Түнде күйіс қайырып жатқанда
B)
Көшкен кезде тоқтамай жүргенде
C)
Тікенек шөптерді көп жегенде
15.Түйенің жойылып кеткен түрі
A)Айыр өркешті түйе
B)
Жабағылы жас түйе
C)
Қос өркешті түйе
16.
Мәтіннің төртінші бөлімінде айтылатын ой
A)Түйенің азығы туралы
B)
Түйенің пайдасы туралы
C)
Түйенің сипаты туралы
D)
Сусызда қалып, бірнеше тәулік су
ішпегенде
E)
Алыс сапарға шыққанда
D)
Сыңар өркешті жабайы түйе
E)
Аруана түйе
D)
Түйе туралы мақалмәтелдер
E)
Түйенің төлі туралы
17.
Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде?
A)
Сирек кездесетін жануар болғандықтан
B)
Көш көлігі ретінде бағалы болған.
C)
Жуас мал болғандықтан.
D)
Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген.
E)
Өсімтал мал болғандықтан.
18.
Халықтың түйені «шөл кемесі» деп атауы неліктен?
A)
Шөлде жолаушыларды көп
таситындықтан
B)
Жабайы түйелерден тарағандықтан
C)
Шөлге шыдамды болғандықтан
19.Мәтін мазмұнына алшақ ой
A)Түйе отыз күн шөлге шыдайды.
B)
Түйе көнтабандыларға жатады.
C)
Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды.
20.Мазмұн реттілігін көрсетіңіз.
1.Кисе – киім, ішсе- сусын
2.Төрте түліктің төресі
3.
Түйенің қолға үйретілу тарихы
4.
Қазақстандағы түйе шаруашылығы
D)
Кемеге қатты ұқсатқандықтан
E)
Ашатұяқ сүт қоректілерге
жататындықтан
D)
Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады.
E)
Түйе малы көшке қолданылады
250
A)1,4,3,2
B)2,3,4,1
C)3.2.4.1
D)4,3,2,1
E)3,2,1,4
1169-нұсқа
1-мәтін
Бір үзім нан
Подъезден шыққан кішкентай қыз қолындағы жұқа дорбаны әрең көтеріп, қоқыс
жәшігіне әкелді де, аудара салды. Жапырақтай – жапырақтай кесілген, жартылай желінген
аппақ нандар!
Мұны көзі шалып қалған Ғаббас қария:
-Әй, балам-ау, обал емес пе? – дегенше қыз подъезд есігіне зып беріп кіріп шайқап отырғанын
көріп:
-Ата, кімге ренжіп отырсыз? –деп сұрады.
-Е-ей, балам-ай! Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы
жылдары біз он-он бір жастағы бала едік. Қарнымыз тойып тамақ та ішпейміз. Нанды
мөлшерлеп береді. Жегіміз кеп, тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз... Қазір ше? Нанды
қадірлемейміз. Қатып қалса, қоқыс жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа ол беріп, аяқасты
етеміз. Олай жасауға болмайды.
1. Қарияны ренжіткен жағдай
А) Жастардың ысырапқа жол беруі
В) Заманның, уақыттың өзгергендігі
С) Нанды мөлшерлеп бергені
2. Әңгіменің дұрыс реті
1. Кішкентай қыз
2. Нан үзімдері
3.Нұржан
4. Ғаббас қария
5. Естелік
D) Сұрапыл соғыстың есіне түсуі
E) Қыздың қарт адамға көңіл бөлмеуі
А) 2.3.4.5.1
В) 3.4.5.1.2
С) 1.2.4.3.5
D) 4.5.1.2.3
2-мәтін
E) 1.2.3.4.5
Домалақ ананың қадір – қасиеті ертеден ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме
көп.
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын
шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса
керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі
Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана):
«Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі – құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты
күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман
болсын, осы тілегімді беріңіз», деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген – құрық
тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай,
жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс
салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті.
Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада
алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінпті. Сол күні
кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді.
Ереуілден барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ
түгел қайтарып алса керек.
3. Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы
A) Жылқының ең асауы
B) Жылқы ішіндегі ең
кәрісі
C) Жылқының жорғасы
251
D) Жылқы ішіндегі ең
жүйрегі
E) Жылқының құты, иесі
4. Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел
A) Алысқан жауға арқаңды көрсетпе
B) Қорқақты көп қусаң, батыр болады
C) Асығыс түбі – қып – қызыл шоқ
D) Жауды аяған жаралы
E) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар
5. Домалақ ананың: «Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға
келеді» - деуінің мәні
A) Құла айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді.
B) Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері
қайтарын білді
C) Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады
D) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан
E) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты
6.Мәтіннің басты идеясы
A) Домалақ ананың көріпкелділігін таныту
B) Жаугершілік заман қиындығын көрсету
C) Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу
D) Құла айғырдың құдіретін көрсету
E) Бәйдібек
байдың сабырсыздығын сынау
3-мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп
атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында
орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың
шығармалары. Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат
құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған»,
«Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан – жануарлар («Аққу», «Қоңыр
қаз», «Көкала ат»), аңыз –ертегілер («Мұңлық –Зарлық», «Қос мүйізді Ескендр»), жеке адамдар
(«Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б түрлі оқиғалар мен
құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз – күйлер, тартыс
күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып
жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге
көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсын, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты
күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі
өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке,
Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен ұүрылымдық ерекшеліктеріне қарай
төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен
өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады.
Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев,
Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
7. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап
А) Қобыз
В) Сырнай
8. Мәтін мазмұнының реттілігі
С) Жетіген
D) Дауылпаз
E) Домбыра
1. Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері
2. Күйлердің тақырыптары
3. Күйдің өрістеп дамуы
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілуі кезі
252
5. Күй – аспаптық жанр
А) 4,3,1,5,2
В) 3,1,5,2,4
С) 2,4,3,1,5
D) 5,2,4,3,1
E) 1,5,2,4,3
9. Шертпе күйлері қалай орындалады?
А) Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен
В) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
С) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
D) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
E) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
10. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер
А) Махамбет, Дәулеткерей
В) Қазанғап, Дина
С) Ықылас, Айрауық
D) Есжан, Байжігіт
E) Тәттімбет, Баламайсын
11. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
А) Орындау мәнері
В) Қобыз күйі
С) Дауыс ырғағы
D) Домбыра әуені
E) Шертпе күй
12. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
А) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер
В) Арнау күйлер, лирикалық күйлер
С) Психологиялық, батырлық күйлер
D) Тартыс күйлер, саяси күйлер
E) Тарихи күйлер, эпостық күйлер
4-
мәтін
Қарт пен тапқыр жігіт
Бір күні қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып
жетеді. Ол келе жатып:
-Ата, жолды қысқартайық, -дейді
Қарт:
-Жол қалай қысқарады? – дейді.
Жігіт:
-Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бір –бірімізді, кезек – кезек арқаласақ болғаны,
-дейді. Шал ішінен:
-Япырым – ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды?
Өзін қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмайды.
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп:
-Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – дейді. Қарт:
-Ия, -дейді. Жігіт:
-Олай болғанда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе? –дейді.
Қарт тағы да бетіне баырайып қарап қояды да, «Япырым-ай, мынаның бір
сөзінен бір сөзі сорақы болды – ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды.
Жолда бір елге кездеседі. Бұл елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге
апара жатыр екен. Жігіт:
-Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? – деп сұрайды. Қарт шыдай алмай:
-Өлмесе жерлемейді ғой! – деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді.
Олар қабірге бірге барады. Шыққаннан кейін:
-Ата, әлгі кісі өлмеген екен, -дейді. «Я, құдай, жерленген адам қалай тірі
болады?», -дейді қарт ішінен.
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын
шақырып алып:
-Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде
кесапаты зор адам, -дейді. Қыз қонақпен сөйлесе көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: «япыр-ау,
әкемнің айтқаны осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де:
-Әке, сізбен неше кісі келді? – дейді.
Әкесі:
253
-Жалғыз, -дейді.
Қыз:
-Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат
көрдіңіз? –дейді.
Қарт:
-Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол
қысқартайық», -деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді- біріміз кезек
арқалап отырайық», - деді. Мынасы бұлай тұрсын, Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін
желініп қойған ба, желінбеген бе ?» - деп сұрады. «Орылмаған жегінді кім жеп қояды?» - дедім
мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе,
өлмеген ба?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жаңағы адам өлмеген екен», -деді.
Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, -дейді.
Сонда қыз тұрып:
-Әке, бұл сөздер зор мағыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне түсінбеген
екенсіз. Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе –кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,-
дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса – өз көлігімен, кісі
жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады, желінбеген болып саналады.
Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен
өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі:
«Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам екен», - дегенді айтқан. Сіз ол
жұмбағын шеше алмаған екенсіз, -деген соң, қарт қателігін мойындап, жігіттің қолын алып:
-Мен сенің айтқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай
емес, сен ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті.
13. Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздің» төртіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал
А) Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны қанайды
В) Үйіңе келгенде үйдей өкпеңді айтпа
С) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді
D) Бала артта қалған із, Бақыт –ұзатылған қыз
E) Екі дос келгенде
, жаңа достың көзінен жас шығады
14. Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні
А) Артында тұяқ қалған адам
В) Туысы жоқ адам екен
С) Ауылдастары көп екен
D) Баласы жоқ адам екен
E) Жора –жолдасы көп адам екен
15. «Ащы еңбекке – тұщы нан» деген мақал мазмұнынмен сәйкес келетін жас жігіттің
«кесапатты сөзі»
А) Екінші «кесапатты сөз»
В) Үшінші «кесапатты сөз»
С) Барлық «кесапатты сөз»
D) Төртінші «кесапатты сөз»
E) Бірінші «кесапатты сөз»
16. Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай
А) Қызының өтініші
В) Жігіттің көңілділігі
С) Шаһар жолының ұзақтығы
D) Қызының ақылдылығы
E) Қазақтың қонақжайлылығы
17. Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы
А) Бір –бірін қонақ ету
В) Бір –бірін арқалау
С) Басқа жолмен жүру
D) Бір – бірімен әңгімелесу
E) Тынығып, демалу
254
Достарыңызбен бөлісу: |