| 63 |
Жұмыс сызбасы өзімнің жаратылыстану пәні бойынша екі сабағыма және тағы бір
сабаққа негізделеді, бірақ бұны үш сабақта істеуге немесе екі сабаққа дейін қысқартуға
болады. Сатып алушыларға әсер ету үшін БАҚ жарнамалық роликті қалай пайдаланатынына
көп уақыт бөлуді ұйғардым. Мәселен, егер сабақта уақыт жеткіліксіз болса, оқушыларға
өздерінің жарнамалық роликтерін ойлап шығаруға және айналысуға қосымша уақыт беруге
болады. Бірақ мен осы идеяларды қалай болғанда да, қысқаша болса да, көрсетіп түсіндіруді
ұсынамын, сонда оқушыларда еліктейтін үлгі болады, әрі жарнама ролигінің ең соңғы
нұсқасы анағұрлым ықшам әрі ұтымды болуына септігі тиеді.
Тізбектелген сабақтар топтамасының соңғы сабағын мен оқушыларға жарнамалық
роликті редакциялауға, оған түрлі әсерлер мен атаулар қосуға, содан кейін оны сыныппен
көріп, ең жақсы роликке сынып қалай дауыс беретінін бақылауға арнадым. Дегенмен дайын
немесе мұғалім редакциялаған жарнама ролигін ғана көрсету арқылы уақытты үнемдеуге
болады.
Мен роликтер түсіру үшін оқушыларды топпен үзіліс кезінде немесе түскі ас уақытында
жұмыс істеуге шақырған пайдалы екенін анықтадым. Бұл шынында да нәтиже берді, себебі
оқушылар роликтерінің сыныптан тыс таныстырылымының алдында өздерін сенімді ұстады
және оларды жазып алу үшін барлығы қайтып келуге тырысты.
САБАҚ
Сабақ жарнамалық роликті түсіндіру және жарнамалаушылардың адамдарды өз
өнімдерін сатып алуға қалай көндіретіндері туралы түсінік беруден басталды; бұл сондай-
ақ PowerPoint таныстырылымы мен түрлі жарнамалардың сандық бейнеклиптерін көрсету
түрінде ұсынылды. Біз аяқтағаннан кейін сыныпты 3–4 оқушыдан тұратын топтарға бөлдік.
Әр топқа зерттеу үшін түрлі элемент берілді және олар кітаптар мен Интернетті пайдалана
отырып, оның негізгі сипаттамалары туралы ақпарат жинады. Осыдан кейін, топтардан өз
элементі туралы жарнаманы қалай ұсынатыны туралы ойлау сұралды. Оқушыларға көмек
ретінде, әр топқа оқушылар қосуға тиіс ақпарат туралы нұсқаулығы бар жұмыс парағы
берілді. Бірінші сабақ оқушылар өздерінің болашақ жарнамаларының жоба жазбаларын
толтырумен және өздеріне қажет болатын қосымша материалдар (мысалы, қосымша слайдтар
және т.б.) табумен аяқталды. Оқушыларға, сыныптан шыққанға дейін, үзіліске және түскі
асқа берілген уақытты жарнама түсіру үшін пайдалану ұсынылды. Келесі сабақта видеоны
жасап, редакциялауға және оны көрсету үшін Microsoft Movie Maker пайдалануға шамамен
30 минут бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: