«жалпымектептік саясатты»
және орта буын деңгейінде
«кеңейтілген»
мектеп
тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.
Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi
өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс»
(Eyre and Lowe, 2002).
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше
академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік,
спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр
салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде
өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен
қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері
айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету
үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға
соғуы мүмкін.
Британдық оқыту және оқу академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту
тәжірибесінен алынған жағымды мысалдарды көрсететін көптеген
кейс-стади
әзірледі. Олар
балалардың осы санатымен жұмыстың тиімді әдістерін мойындау жөніндегі дебаттардың
маңызды аспектілерін көрсететін мысал ретінде осы тарауды пайдаланатын болады.
Британдық оқыту және оқу академиясының «Талантты және дарынды балаларды анықтау»
жөніндегі
кейс-стадиі
сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды
анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас
шамасында) жүргізілген үш жобаны суреттейдi:
Достарыңызбен бөлісу: |