Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту
Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,
керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының
білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында
оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін
жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып
табылады және әңгіменің үш түрі бар
(3-кесте).
• Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.
3-кесте.
Оқуда қолданылатын әңгіме түрлері
Әңгіме-дебат
барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және
әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған
талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай»,
«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |