12- слайд Кестені редакциялау
Басқа бетке өтерде кестенің бөліктерге бөлінуі автоматты түрде жүзеге асырылады. Таблица менюіндегі Разбить таблицу командасы көмегімен әр жолды бөлуге болады, бұл кезде курсор бөлініс енгізілетін жолда орналасу керек.
Әр түрлі кесте бөліктерін біріктіру үшін кесте бөліктері арасындағы мәтін және абзац соңындағы маркер алынады. Егер кесте жолдары нөмірленген болса, онда үзілген жерде нөмірлену қайтадан басталады, ал қосылған жерде ары қарай жалғасады.
|
13- слайд Кесте құрамы
Кесте құрамында Таблица менюіндегі Формула командасы арқылы енгізілген формулалар болуы мүмкін. Ұяшыққа формуласы бар аймақ енгізіледі. Аймақ- бұл формуланың жасырын бейнесі. Ұяшықта формула бойынша табылған мәні бейнеленеді. Ұяшықта формуланың өзін шығару үшін Коды полей контекстного меню командасын алуға немесе Сервис менюіндегі Параметры командасы Түрі диалогтік терезесіндегі қосымшада жалауша орналастыруға болады.
Формула қолдан енгізіледі немесе тізімнен таңдалады. Формула «=» белгісімен бірге енгізіледі, құрамында ұяшық адресы, енгізілген функциялар аттары, қосымшаларға сілтемелер болады.
|
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Кесте
|
Кесте құру тәсілдері
|
Кестелерді редакциялау
|
Кесте- кез-келген мәтінмен, формулалармен және суреттермен толтыруға болатын жолдар мен бағандарда орналасқан ұяшықтар жиыны.
Мәтін арасына жай кестелер мен Excel-дің электронды кестелерін орналастыруға болады.
Жай кестелерде әр жолдағы ұяшықтар саны 63-тен аспайды. Бір жолдағы ұяшықтарды біріктіруге не бөлуге болады (көлденең бөлу).
Ұяшық адресі баған атынан (латын әліпбиімен беріледі) және жолдың нөмірінен тұрады.
|
Кесте→ Енгізу. Кестені енгізу диалогтік терезесінде жаңа кестенің параметрлері беріледі- жолдар саны, бағандар саны, баған ені, кестенің автопішімденуі;
Сандартты →Кестені енгізу. Батырма көрсетілген өлшемдегі кесте құруға ұсыныс жасайды.
Excel кестісін енгізу батырмасын басу арқылы. Бұл электронды кестені орнату үшін қолданылады;
Кестені салу не Стандартты құралдар панелінде Кестелер мен жиектер батырмасын басу арқылы.
Ауысу Түрлендіру — Мәтінді түрлендіру- Кесте менюі деген командасы арқылы жүреді. Ауысатын мәтін алдын ала дайындалу керек: бір жолдағы ұяшықтар мәтінін бөлетін бөлу белгілері болуы тиіс.
|
Кесте құрылымын редакциялау: жолдарды, бағандарды және ұяшықтарды енгізу мен жою Таблица менюі немесе контексттік меню арқылы болады.
Баған енін ұзарту үшін тышқан арқылы оның шеттерін қозғау керек.
Бетті белгілеу көру режимінде ұяшық өлшемдеріндегі өзгерістер де тышқан көмегімен көлденең және тік пішімдеу сызғыштарында жүзеге асады.
Ақпаратты ұяшыққа енгізген кезде егер ол ақпарат бастапқы ұяшыққа сыймаса, оның биіктігі автоматты түрде үлкейеді. Word-та енгізілген ақпаратқа сәйкес ұяшық көлемін өз бетінше анықтайтын Таблица менюінде Автоподбор командасы бар. Бұл команда ұзындық пен енін түзулетуге де мүмкіндік береді.
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Кесте дегеніміз не?
Кестенің қандай түрлері болады?
Кестені редакциялау кезінде не өзгереді?
Кестені құру тәсіліне мысал келтір.
Кесте құру терезесін сипатта.
Кестедегі ақпаратты сорттау қалай жүзеге асады?
Автопішімдеу терезесін сипатта.
Кесте құрамын пішімдеу командаларына не жатады?
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі штаттық кесте үлгілерін пайдалана отырып, кесте құрыңдар.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Всавка таблицы терезесінің бөлшектеріне талдау жасаңыз. Әр команданың атқаратын қызметі туралы қорытынды шығарыңыз.
Топтық жұмыс.
Бұл тапсырманы орындау үшін сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топ аптаның бір күнін алып, сол күнге сәйкес оқушы күнделігіндегі күнтәртібін кестеге енгізеді.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№24 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы:
|
|
|
Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білімдік
|
Жаңа білім
|
Microsoft Word құжаттарында жұмыс істеуге болатын графикалық объектілер түрлерін анықтайды.
Суреттермен жұмысты атқаратын командаларды біледі.
Суреттер композициясымен жұмысты істеу жолдарын біледі.
Клипарттармен жұмыс істеуді біледі.
Бейнелермен жұмыс әрекетін сипаттайды.
|
|
Жаңа түсінік
|
Суреттер мен бейнелерді айырып таниды.
Суреттер мен бейнелер қолданысын түсінеді.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданым әрекеті
|
Құжатты клипарт пен басқа өзгерістер қосып түрлендіреді.
Мәтін қасына сурет қосу арқылы жаңа құжат жасап шығарады.
|
|
Талдау әрекеті
|
Сурет, бейне, клипартпен жұмысты жеке- жеке талдайды.
|
|
Шығармашылық әрекет
|
Мәтіндік процессорде мөр үлгілерін жасайды.
|
|
Құнды-лық
|
Бағамдау әрекеті
|
Бейнелер мен суреттер қолданысын түйіндейді.
Бейнелер мен суреттерді салыстырады.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
|
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар
түсініп, естерінде қалдырады.
• Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап,
көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Бейне, сурет, клипарт.
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
• Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
• Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ
барысында белсенділік таныту.
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
Общие сведения о текстовом процессоре Microsoft Word. Ақпарат көзі: http://eco.sutd.ru/Study/Informat/Office/Word.htm
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы. Өткен сабақты қайталау.
|
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы. Мәтіндік процессорда өзіңізге визитка жасап келіңіз.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
Суреттермен жұмыс.
Клипарттармен жұмыс.
Бейнелермен жұмыс.
Слайдтар:
1-слайд Графикалық объектілермен жұмыс
Microsoft Word құжаттарында екі түрлі графикалық объектілермен жұмыс істеуге болады: суреттер мен бейнелер. Бұл екі терминнің қарапайым тілде еш айырмашылығы жоқ сияқты, алайда Microsoft Word - та олардың ерекшеліктері айқын.
Суреттер - векторлық табиғатты объектілер (түзу және қисық сызықтар, стандартты және стандартты емес геометриялық фигуралар). Оларды құрудың қарапайым құралдары мәтіндік процессорда бар.
Бейнелер - тұтас объектілер. Мәтіндік процессор ол бейнелерді құра алмағандықтан, оны сыртқы объектілер етіп басқа құралдар арқылы дайындалған (графикалық редактормен, сканермен, сандық камерамен, графикалық планшетпен) файлдан қояды.
Суреттер әрдайым құжатқа енгізілген - сол жерде оларды редакциялауға болады. Ал бейнелерді енгізу не байланыстыру арқылы қояды. Оларды мәтіндік процессорда редакциялау мүмкін, бірақ ол мүмкіндіктер шектеулі.
|
2-слайд Суреттермен жұмыс
Векторлық суреттермен жұмысты Сурет салу құралдар панелі атқарады (Түрі → Құралдар панелі → Сурет салу). Қарапайым объектілерді құруға арналған осы панелдің негізгі құралы болып Автопішіндер жылжымалы тізімі саналады. Бұл тізімде түзу мен қисық сызықтар, қарапайым геометриялық фигуралар, фигуралық сілтеулер мен блок схема элементтері, т. б. бар.
|
3-слайд Суреттерді жасау мен редакциялау
1. Векторлық объектілер Автопішіндер тізімінен таңдау жасау арқылы алынады.
2. Олардың көлемін жиектеріндегі маркерлерді жылжыту арқылы өзгертеді.
3. Геометриялық фигураларды жасауды оңайлататын құрал ретінде көмекші координаталық торды пайдалануға болады ( Действия → Сетка →Привязка к сетке). Ол қарапайым геометриялық фигуралар жасаған кезде қолайлы.
4. Контурлық сызық қалыңдығы мен объекттің толтыру түсі объектінің сипатына жатады. Формат автопішіндер диалогтік терезесінде объектілердің барлық сипаттарын редакциялауға болады. Бұл диалогтік терезені объектінің контекстік менюі арқылы немесе объектінің өзін екі рет шерту арқылы ашуға болады.
|
4-слайд Суреттерді жасау мен редакциялау
5. Объектіні бұруды дискретті түрде және үздіксіз бақылауға болады. Ерікті бұрылыс үшін Сурет салу құралдар панелінде Свободное вращение батырмасын пайдаланады. Белгілі бір бұрышқа бұру үшін бұрышты өлшемін Формат автопішіндер диалогтік терезесі Размер қосымшасындағы Поворот есептеуішіне енгізесіз.
6. Салынған сурет пен мәтіннің ара қатынасы күрделі болуы мүмкін. Мәселен сурет мәтіннің дәл үстінде, не оның артында немесе одан кейін де орналасуы мүмкін. Мәтін мен суреттің ара қатынасы амалын Формат автопішіндер диалогтік терезесіндегі Положение қосымшасында таңдауға болады.
|
5-слайд Сурет аумағында жазбалар енгізу
Салынған суреттер құрамында мәтін де болуы мүмкін, мысалы тақырыптар, сызбалардағы жазбаша не сандық белгілер. Бұл жазбаларды мәтіндік процессор құралдарымен де енгізуге болады, бірақ жазбалардың керекті жерде дұрыс орналасуы, уақыт өте өзгерістерге икемді болуы күмән келтіреді.
Суреттерге бекітілген жазбаларды енгізу үшін қолданылатын құрал Надпись (Енгізу→ Надпись) болып табылады. Автофигура құрғанда, жанында Надпись элементін құрады. Жазба аумағында керек мәтін теріледі, ол ары қарай редакцияланады. Оның көлемін мәтін көлемімен маркерлерді жылжыту арқылы сәйкестендіріп өзгертуге болады.
Жазбаның басқа да сипаттамаларын Формат надписи диалогтік терезесінде (Формат→ Надпись) таңдауға болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |