Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы


-2015 жылдары алынған жаңа техникалар



бет5/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
2011-2015 жылдары алынған жаңа техникалар

Техника атаулары

Жылдар

Барлығы

2011

2012

2013

2014

2015

Трактор (МТЗ-80, МТЗ-82)

4

8

10

9

14

45

Шөп тайлағыш

1







5

5

11

Шөп шабатын косилка










1

5

6

КУН-10 жүк көтергіші










2

3

5

Трактор тіркемесі










1

1

2

Шөп тырмасы










-

2

2

ГАЗ, ГАЗЕЛ автокөлігі




1




1

1

3

КАМАЗ автокөлігі










-

1

1

Меншіктің барлық түрлері бойынша мал басы өсіп мал шаруашылығы өнімдері артуда.

2014 жылы өнім барлық категориялар бойынша 7316 тоннаға өсті, 2013 жылмен салыстырғанда (212,4 тонна) 3,0%, сүт -9470,7 тонна (90,7 тонна) 1,0%, жұмыртқа1055,9 мың дана, жүн – 198,8 тонна (7,2 тонна) 3,7% өсімді көрсетті.

Мал щаруашылық саласында шаруашылықтың барлық санатында 2014 жылы малдар мен құстар санының өсуі 2013 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 28414 бас, немесе 1,0%-і, қой- ешкі 96566 бас, немесе 1,4%-і, жылқы-6333 бас, немесе 0,4%-і құрады.

2014 жылы жеке қожалықтардың мал басы мүйізді ірі қара (26817 бас) 94,4%-і, ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларда- (2062 бас) 7,2%-і, шаруа қожалықтарынікі – (10655 бас) 37,5%-і; жеке қожалықтарда қой – ешкісі (35643 бас) 36,9%-і, ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларда- (16567 бас) 17,1%-і, шаруа қожалықтарынікі – (44356 бас) 45,9%-і; жылқы жеке қожалықтардікі (1055 бас) 16,6%-і, ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларда- (2114 бас) 33,3%-і, шаруа қожалықтарынікі – (3164 бас) 49,9%-і; түйе жеке қожалықтардікі (777 бас) 68,8%-і, ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларда- (46 бас) 4,1%-і, шаруа қожалықтарынікі – (306 бас) 27,1%-і; құстар- жеке қожалықтардыкі (8000 бас) 100% үлесін құрады.

2014 жылы мал өнімінің өнімділігі 2013 жылмен салыстырғанда ұлғайды, 1 мекеинге шаққанда орташа-184 дана немесе 1,6% өсім (2013 жылы 181,1 дана), 1 қойдан қырқылған жүн орташа-1,9 кг немесе 1,2% өсім (2013 жылы 1,87), 1 сиырдан алынған сүт орташа-873 кг. немесе 2,0% өсім (2013 жылы 856 кг.)

Мал тұқымын асылдандыруда: Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын дамытуда ауданда қазақтың жартылай қылшық жүнді Ақтөбе тиіпін өсіру бағытында «Алтын-Әсел»ЖШС-і асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылық статусын алып жұмыс жасауда. 2014 жылы серіктестікте барлығы 6439 бас қойы бар. Оның ішінде 233 басы қошқары, 3831 бас саулық қойы асыл тұқымды. Сонымен қатар 6 селолық округінің орталықтарында аналық сиырды қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді. 2014 жылы жоспарланған 600 бас аналық сиыр толығымен қолдан ұрықтандырылды.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында аудан бойынша барлығы 309 бас қазақтың ақ бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы сатып алынды, оның 132 басы асыл тұқымды бұқа малы, 177 басы асыл тұқымды құнажын қашар.

2011 жылы еліміздің ет өндірудің экспорттық әлеуметін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы қабылданды. 2014 жылы аудан бойынша «Сыбаға» бағдарламасы бойынша барлығы 287 бас мүізді ірі қара алынде, оның ішінде 14 басы асыл тұқымды бұқа, 273 басы аналық сиыр, немесе жоспар 111,7 пайыға орндалды

«Ірі қара етін экспорттық әлеуетін арттыру» мақсатында белгіленген тапсырма 56,1 тонна. Аудан бойынша экспортқа 56,3 тонна ет өнімі тапсырылды, немесе тапсырма 100,3 пайызға орындалды. Сонымен қатар Хромтау ауданында орналасқан «Жантизер» шаруа қожалығының бордақылау алаңына барлығы 537 бас бұқашықтар тапсырылды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан несие қаражатын алу арқылы 4 ауыл шаруашылық құрылымы 50 млн 920 мың теңгеге 169 бас бие, 12 бас асыл тұқымды айғыр алынды.

Үкіметтің қолдау аясында 2014 жылы 133 ауыл шаруашылық құрылымдары 271 млн. 464 мың теңгенің субсидиясын алды.



Ветеринария. Ветеринария саласында аудандағы эпизоотиялық қолайлылық және мал шаруашылығы азық-түлік-түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Адамдар мен жануарлар арасында аурулардың таралмауының алдын алу мақсатында мал өлекселерін көметін орын 2008 жылы Ырғыз елді мекенінде , 2009 жылы Құмтоғай елді мекенінен салынды. Аудан бойынша әлі 18 елді мекенге мал өлекселерін көметін орнын салуды қажет етеді. Аудан көлемінде жыл сайын мерзімінде қабаған иттерді, ауру малдарды жою шаралары алынуда.

Аудандағы негізгі бағыт-эпизоотияға қарсы ветеринарлық-профилактиалық шаралар мен диагностикалық зерттеулер арқылы мал өнімін қауіпсіз сапаға келтіру.

2014 жылы республикалық бюджеттен эпизотияға қарсы шараларын жүргізуге 43 млн. 588 мың теңге бөлінді.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет