Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет16/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер
Тұмау, Акушер қызметіндегі психологиялық білім
Стандарт – 10
Артериялық қысымды өлшеу.
Мақсаты: Жүрек –қан тамыр жүйесінің фунционалды ерекшеліктерін анықтау.
Көрсеткішетері: Пациенттің жағдайын бақылау.
Әзірле: тонометр, фонендоскоп, қағаз, қаламсап, температуралық парақ.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз

  2. Науқастың жалаңаш қолына шынтақ буынынан 2-3 см жоғарыға манжетті бір саусақ сиятындай етіп бостау оралады.

  3. Шынтақ буынынан иық артериясының соғуы анықталып, фонендоскоп қойылады.

  4. Вентилді жауып, баллон арқылы манжетке ауа жіберіледі.

  5. Манжетке жайлап ауа жібере отырып, тон жоғалған уақыт белгіленеді.

  6. Вентилді біраз ашып манжеттегі қысым жайлап төмендетіледі.

  7. Манжеттегі қысымға қарсы қысым мөлшеріне жеткенде біраз қысқа тон естіледі.

  8. Монометрдегі цифлар систолық қысымды көрсетеді.

  9. Манжеттегі қысым әрі қарай төмендеп, тон жайлап жоғалады. Тон жоғалған кездегі манжеттегі қысым минимал яғни диастолалық қысымды көрсетеді.

  10. Фонендоскоп мембранасын 70 % спиртпен 2 қайтара сүртіңіз.

  11. Нәтижені бақылау парағына белгілеңіз.

  12. Пациентке нәтижені хабарлаңыз.



Артериалды қан қысымы систола және диастола кезінде тамырлар қабырғасына түсетін қан қысымы.
Систолық қысым – артерия системасында сол жақ қарыншаның систоласынан кейін пайда болатын, пульс толқыны максимал жоғарылаған кездегі қысым.
Диастолық қысым – жүректің диастоласы соңында пульс толқыны төмендеген кезде пайда болады. Түрлі ауруларда артериалық қысым өзгеріп, нормадан жоғарылауы (гипертония) немесе төмендеуі (гипотония) мүмкін.
С.қ. 120 дан 140 мм-ге д.қ. 70-90 мм – ге өзгеріп тұрады.

Стандарт – 11
Су балансын анықтау және есепке алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет