Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет17/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
ИМАНИ ГҮЛ


35
ИМАНИ ГҮЛ
күш тарапынан әдейі жасалғандығын аңғарасыз. Ал 
мұрнымыздың ішіндегі түктерді ше? Оның ауаны жы-
лыту, фильтрлеу, одан да басқа қызметтерін ескерместен, 
өз-өзінен, бостан-босқа кездейсоқ өсіп тұр деп кім айта 
алады?!
Қар
Сипатын көр, тосып ал да,
Жапалақтап жауса қар.
Таза тексер, көзді сал да,
Қандай оның түрі бар?
Шәкәрім
Кәдімгі қардың әрбір қалаушасында Ұлы 
Жаратушымыздың шеберлігінің мөрі бар. Жай көзімізбен 
қарағанның өзінде әрбір қар түйіршігінің бір-біріне 
ұқсамайтынын көреміз. 1 м
2
қарда 350 миллион қар 
түйіршігі бар деп жобалануда. Бұлардың әрқайсысы әр 
түрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь 
тәріздес алты бұрышты пішінде екенін білесіз бе? Қар 
түйіршіктерінің бұл ғажайып сыры соңғы 100 жылда ғана 
белгілі болды. Уилсон Бертлей 1885 жылы фотомикрофик 
фотоаппараты арқылы 46 жыл қар түйіршіктерін түсіріпті, 
артынан 
«Қар түйіршіктері»
атты кітабын жазады. Уил-
сон Бертлей өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне 
ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін таң қала айтады. 
Жер бетіндегі барлық қар түйіршігінің бір-біріне ұқ-
самайтын алты бұрышты әрі геометриялы пішінде болуы 
– Ұлы Жаратушымыздың теңдессіз шеберлігі мен барлық 
қардың пішінін білетін шексіз ілімінің белгісі болса керек. 
Жер бетіне түсіп, ерігенге дейін ғана өмірі бар әрбір қарда 
өзінің құдіреті мен шеберлігінің мөрін нақыштаған Алла 
қандай ұлы! Мұны да кездейсоқ дейтіндерге не дейік?


36
ИМАНИ ГҮЛ
Өсімдіктер
Өсімдік өмірінің негізгі қорегі – су. Қурап немесе со-
лып қалмауы үшін бақшамыздағы өсімдіктердің түбіне 
белгілі мөлшерде су құямыз. Өсімдік құйылған бұл су-
дан өз тіршілігін жалғастыруға жететіндей ғана көлемін 
денесіне қабылдайды. Ал қалған су буға айналады немесе 
басқа өсімдіктердің қажетін өтейді. Әрбір өсімдік ішілген 
суды денесінің түкпір-түкпіріне, жапырақтарының 
ең ұшына жібереді. Мысалы, ағаштар суды ешқандай 
насостың көмегінсіз 15-20 тіпті 30 метр биіктіктегі 
бұтақтарының түкпір-түкпіріне, жапырақтарының ұшына 
жеткізеді. Ақыл иесі біздер 15-20 метр биіктіктегі үйлерге 
суды насостың көмегінсіз шығара алмай жатқанда, 
ағаштар суды осыншама биікке қалай көтереді?
Бұдан да таң қаларлығы, өсімдіктер жаздың аптап, ми 
қайнатар ыстығында аз мөлшердегі сумен-ақ жап-жасыл 
қалпын сақтап қалады. Бір гүлдің бойында 50 грамм су, 
тіпті кішкентай бір шөпте бір немесе екі тамшы су болады 
екен. Жазда бір апта бойы 35 градус ыстық болғанын ой-
лап көріңіз. Топырақ құрғап, тастар қызып жатқан осын-
дай ыстықта өсімдік әлемі қалай ғана бойындағы аз ғана 
сумен өзінің жасылдығы мен тіршілігін сақтап қалуда? 
Гүлдің бойындағы 50 грамм су мұндай ыстықтың астын-
да көп болса 5-6 сағаттың ішінде, шөптің бойындағы бір-
екі тамшы су бірнеше минуттың ішінде-ақ буға айналып 
кетуге тиіс. Бірақ қалай ғана өсімдік әлемі құрғамастан 
жасыл түсін, өмірін сақтап тұр? Ойланғанға ғибрат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет