Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет48/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
«Омар, неге 
жылайсың?» 
– деген сұрағына ол: 
«Пайғамбарым, дәл 
қазір патшалар құс төсектерде жатқанда, Сен ши 
үстінде жатырсың. Ши денеңе батып із тастапты. 
Алайда Сен Алланың Елшісісің. Рахат өмірге бәрінен де 
лайықсың!»
– деп жауап береді. Сонда Рақым Пайғамбар 
(с.а.у.): 
«Омар, мына дүние – олардың, ал ақырет – 
біздікі болуына риза емессің бе?»
24
– деді.
Пайғамбардың отбасында үш ай бойы қазан асылып, 
ыстық тамақ ішілмегенін Айша анамыз риуаят етеді. Алла 
елшісі (с.а.у.) дүниеден озған уақытта артында ешбір 
дүние қалдырмаған. Өйткені Ол – 
«Біздер – Пайғамбарлар 
артымызға дүниені мирас қалдырмаймыз»,
- деген тек 
пайғамбарларға тән қасиетті сөздің иесі еді.
Ол (с.а.у.) алуды емес, беруді, ішіп-жеуді емес, ішіп-
жегізуді ұнататын. Киюді емес, өзгені киіндіруді, қуануды 
емес, басқаны қуантып, жаралы жүректеріне шаттық сый-
лауды міндет деп білді. Қысқасы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес, 
өзге үшін ғұмыр кешті.
Иә, жалған пайғамбарлығы арқылы мал-мүлік, 
дүниені көздеген көзбояушы бір адамның өмірі 
жоғарыдағыдай болар ма еді? Жауабын өзіңіз беріңіз.
24
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.


89
ИМАНИ ГҮЛ
Оның (с.а.у.) ерекше сабыры –
хақтығына дәлел
Белгілі бір мектепте мұғалім немесе бір мекеме-
де бастықсыз. Оқушылардың, яки қарамағыңыздағы 
адамдардың жүректеріне жол тауып, ойыңыздағы асқақ 
пікірді, терең тәлім-тәрбиені бергіңіз келді делік. Бұл 
мақсатыңызға жету жолында кез келген қиыншылыққа, 
әр түрлі рухани және заттық зиян, қауіп-қатерге, өте ауыр 
қорлайтын сөздер мен іс-әрекеттерге шыдайтыныңызды 
ойлап, тіпті бұл жолда жаныңызды да пида етемін деген 
ниеттесіз. Ал, енді төменде көрсетілген пайғамбарымыз-
дың басына келген қиын да шытырман жағдайлар кез-
дескен сәтте, қандай күйде боласыз? Жолыңызды еш 
өзгертпестен, пайғамбарша сабырмен жалғастыра білесіз 
бе? Жалпы өзіңізге, жүрегіңіз бен сезімдеріңізге бір көз 
салып, құлақ түріңіз... Сізге бұлар не дейді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет