Қызамық Қызылша (корь, morbilli) Анықтамасы



бет11/21
Дата12.09.2020
өлшемі123 Kb.
#78237
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Балалардың ИНФ Ауру 2020 3-4
Фарм 2 лекция (1), Фарм 2 лекция (1), ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, Анатомия, Анатомия, КӨКЖӨТЕЛ ПАРОТИТ 5-6 лекц
Клиникалық көріністері. Аурудың жасырын кезеңі 11-24 күнге дейін (жиі 16-20) созылады. Науқастың жағдайы жиі орташа ауырлықта немесе жеңіл болады. Аздап әлсіздік, бас ауыруы, кейде бұлшықет және буындардың ауыруы байқалады. Дене қызуы кейде 38-39°С жеткенмен, көп жағдайда аздап қана көтеріліп, 1-3 күн сақталады. Объективті тексеру барысында тыныс алу жолдарының катаральды белгілері, жұтқыншақты аздап қан кернеу білінеді. Аурудың 1-ші күндері лимфаденопатия пайда болады. Лимфаденит аурудың ерте пайда болатын және кеш жойылатын көрінісі болып табылады. Ауру бірнеше түрлерде өтеді. Қызамықтың клиникалық түрлерінің жалпы қабылданған жіктелуі жоқ. Қызамықтың типтік түрлеріне асқынбаған және асқынған (артрит, энцефалит, тромбоцитопениялық қанталаған бөртпе, акушерлік патология) түрлері жатады.

Асқынбаған түрі жеңіл немесе орташа түрде өтіп, ағзаның улануы әлсіз болады. Аурудың барлық мерзімінде (22%) дене қызуы қалыпты, немесе аздап көтерілген күйде (48%), ал қалған науқастарда дене қызуы (38-39°С) бұрмаланған болуы мүмкін. Қызба бар жоғы 2-4 күн, кейде 5 күнге дейін созылады.

Қызамықтың өте жиі білінуі жоғарғы тыныс алу жолдарының ринит (70%) және фарингит (90%) түріндегі қабынуы болып табылады. Науқастар құрғақ жөтелге, тамақтағы жағымсыз сезімге (жыбырлау, құрғау) шағымданады. Жұмсақ таңдайда кейде ұсақ қызыл элементтерді (Форхгеймер дағы) көруге болады. Науқастардың 70% жуығында көздің дәнекер қабығының қабынуы байқалады.

Қызамықтың ерекше белгісі - экзантемалар. Бөртпе жиі аурудың 1-ші күні (40%) пайда болады, бірақ ол 2-ші күні де (35%), үшінші (15%) және 4-ші күні де (10%) шығуы мүмкін. Алғашқыда ол бетте, содан соң бір тәуліктің ішінде кеуде мен аяқ-қолдарда байқалады. Қызылшадан айырмашылығы - бөртпе шығудың сатылылығы жоқ. Көбіне ұсақ дақты бөртпелер 5-7 мм көлемінде, кейде 10 мм дейін жетеді. Дақтармен қатар жалпақ, диаметрі 2-4 мм розеолалардың, сирек папулалардың (түйіншіктердің) кездесуі мүмкін.

Бөртпе элементтерінің айналасында жеңіл қышыну байқалады. Олар 2-3 күн сақталады.

Атипті қызамық экзантемасыз және жеңіл түрде өтеді, ол тыныс алу жолдарының жеңіл катаральды қабынуымен және орташа лимфаденопатиямен сипатталады.

Шеткі қанда лейкопения, лимфоцитоз, плазматикалық жасушалардың өсуі, ЭТЖ қалыпты.

Туа пайда болған қызамық. Бұл аурудың синдромына жүрек ақауының дамуы, көздің зақымдануы, микроцефалия, ақыл-естің кемдігі, кереңдік жатады. Одан әрі қант диабеті немесе үдемелі жеделдеу панэнцефалит дамиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет