Қызамық Қызылша (корь, morbilli) Анықтамасы



бет14/21
Дата12.09.2020
өлшемі123 Kb.
#78237
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Балалардың ИНФ Ауру 2020 3-4
Фарм 2 лекция (1), Фарм 2 лекция (1), ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, Анатомия, Анатомия, КӨКЖӨТЕЛ ПАРОТИТ 5-6 лекц
Тақырыптың өзектілігі. Желшешек тез таралатын аурулар қатарына жатады. Инфекцияны қабылдаушылық өте жоғары. Ересек адамдарда асқынулар балаларға қарағанда көбірек кездеседі.

Тарихи мәліметтер. Алғаш рет бұл ауру туралы XVI ғасырдың ортасында итальяндық дәрігер және анатом Г.Видус жазған. Varicella деген атауды 1772 жылы неміс дәрігері О.Фогель енгізген. 1911 жылы бразилиялық дәрігер Э.Арагао көпіршік сұйықтығынан элементарлы вирус денешіктерін (Арагао денешіктері) тауып, қоздырғышты анықтаған.

Этиологиясы. Желшешек қоздырғышы Varicellavirus тегіне, Alphaherpesviridae тұқымдастығына жататын ДНҚ-геномды вирус. Сыртқы ортада төзімсіз: күн жарығы, қыздыру, ультракүлгін сәулелері әсерінен тез жойылады.

Эпидемиологиясы. Желшешек – антропонозды ауру. Инфекцияның көзі - тек адамдар болып табылған. Ауру өте контагиозды, ауа-тамшылы жолымен беріледі. Ауру қоздырғышы ауа арқылы жұғуы үлкен ара қашықтықтықтарға өтуі мүмкін. Қабылдаушылық өте жоғары, ол әлемнің барлық елдерінде кең таралған. Ауруды көбінесе жас кезде бастан кешіреді. Тіркелген аурулардың жартысына жуығы 5-9 жас аралығындағы балаларда кездескен, ал 1-4 және 10-14 жастағы балалар сирек ауырады. Желшешек ауруының 10% жуығы 15 жастан жоғары балаларға тән. Ауру жылдың суық мезгілдерінде жоғарылайды. Ауырып шыққандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпалары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары болып табылған. Вирус қанға өтіп, содан соң теріге түседі де, ерекше бөртпенің пайда болуын тудырады. Инфекцияның жедел көрінуі басылғаннан кейін, вирус организмде ұзақ сақталады, яғни жасырын инфекция түрінде. Вирус өмір бойы ағзада латентті жағдайда жұлын ганглийлерінде сақталуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет