Қызамық Қызылша (корь, morbilli) Анықтамасы



бет15/21
Дата12.09.2020
өлшемі123 Kb.
#78237
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Балалардың ИНФ Ауру 2020 3-4
Фарм 2 лекция (1), Фарм 2 лекция (1), ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, Анатомия, Анатомия, КӨКЖӨТЕЛ ПАРОТИТ 5-6 лекц
Клиникалық көріністері. Желшешектің жасырын кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) созылады. Алғашқы кезең қысқа, оның клиникалық нышандары жоқ, бар жоғы 1 тәулікке жуық созылады. Ауру бөртпенің пайда болуымен бірден басталады.

Бөртпе кезеңі шешектің аса ерекше білінуі болып табылған. Бөртпенің бірінші элементтері терінің кез-келген жеріне шығуы мүмкін: ішке, жамбасқа, иыққа, кеудеге, бет пен басқа, шаш арасында орналасады. Табиғи шешектен айырмашылығы бұл кезде бетке бөртпе аз шығады, әрі ол кеуде мен аяқ-қолдан кейін кештеу пайда болады. Алғашқыда дөңгелек немесе сопақша формадағы дақтар (5-10 мм) пайда болып, содан кейін дақтың ортасында папула білінеді де, ол везикулаға айналып кетеді. Көпіршіктердің құрылуы әртүрлі формада келеді (дөңгелек, сопақша, күмбез тәрізді). Көпіршіктер сипағанда жұмсақ болады.  Келесі 1-2 тәуліктің ішінде везикула құрғау сатысына өтеді. Көпіршіктерден кейін кейде аздаған тыртықтар қалады, олар бірнеше жыл бойы жоғалмай, көзге көрініп тұрады. Бөртпе элементтерінің мөлшері әртүрлі, яғни 20-70-тен кейде 10-800 дейін байқалатыны белгілі. Бөртпе әр түрлі уақытта дамып, бөртпенің жалған полиморфизмі байқалады.

Жел шешектің ерекше білінуі, бөртпе элементтерінің тек қана тері де емес және шырышты қабықтарда да (энантема) дамуы болып табылған. Ол экзантеманың пайда болу мерзімімен бірдей шығады, бірақ науқастардың жарты (20-30%) бөлігінде ғана байқалады. Энантема қатты таңдайға, жаққа, қызыл иекке, тілге жұтқыншақтың арт жағына, ал қыздарда жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына жайылған.

Бөртпе кезеңінде ағзаның улануы әлсіз, аздаған дене қызуы байқалады.



Асқынуылары. Шешек зарарсыз ауру болып есептеледі, алайда кейде оның асқынуы мүмкін (5%). Тері жақтан әртүрлі асқынулар жиі байқалған. Басқа да асқынуларға энцефалит, миокардит, кератит, нефрит, артрит, гепатит қатысты, дегенмен бұлар сирек байқалады. Туа біткен шешек босанғанға дейінгі 4-5 күнде ауырған жүкті әйелдерде дамиды. Сонымен баланың бұл аурумен ауру мүмкіндігі –17% және олардың өлімі-31% жеткен. Туа біткен шешек ауыр өтеді. Ауру босанғаннан кейінгі 6-11 күнде дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет