Ж. №1 басылым беттің



бет5/19
Дата19.04.2018
өлшемі4,37 Mb.
#40210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бақылау сұрақтары

1. Оқу сабағының түрлеріне талдау жаса.

2. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлерін айт.

3. Информатика сабағын талдау туралы не білесің?


9 –ДӘРІС.

Тақырыбы: Информатикадан сабақтан тыс жұмыстар

Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығы кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс


жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады.

Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.

Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.

Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық
технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.

Сыныптан тыс жұмыс - бұл оқытушылар мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыс-сыныптан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері:



  • информатика кеші;

  • ғылыми жұмыстар;

  • информатикадан викториналар;

  • іскерлік ойындар;

  • информатикадан диспуттар;

  • клубтық қызметтер;

  • байқау;

  • көрмелер;

  • үйірме;

  • сөзжұмбақтар құру;

  • олимпиадалар;

  • пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар;

  • танымжорықтар (саяхаттар, экскурсия);

Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.
Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту үрдісінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.


Егер информатикадан ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстарын өткізу әдістемесі оқу үрдісіне енгізілсе, қоғамдағы және табиғаттағы үрдістерді зерттеу элементтері мен ғылыми көзқарасы қалыптасып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады; оқушының оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, оқуға мүдделілігі.

Толық іске асырылуы негізінде тұлғалық даму мүмкіндігі пайда болады; өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. Өзіндік шығармашылықты жүзеге асыру төмендегідей міндеттердің шешілуін талап етеді.

Біріншіден, информатика пәнінен өткізілетін ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен құрылымын анықтау алдыңғы кезекте қарастырылатын негізгі мәселе болып табылады. Екіншіден, информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың құрылымына дамытушы компоненттерді енгізу тәсілін анықтау қажет
екені көрінеді.

Сабақтан тыс кездегі информатикадан шығармашылық қабілеттіліктің даму тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тәжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты екені көрініп тұр. Осы саладағы жүргізілген зерттеулерден, біріншіден, оқушының шығармашылық қабілетінің тайыздығы немесе мүлдем жоқтығы, екіншіден шығармашылық қабілеттіліктің даму қорытындысы мен оған педагогикалық тұрғыдан әсер етудің арасындағы қиыншылық байқалады. Информатика пәнінен оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмыстарына бейімдеу ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай жүргізілген жағдайда оқушылардың стандарт талаптарын қанағаттандыратын оқу жұмысына қол жеткізуге болады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту үрдісінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.

Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады.


Информатика және оның қолданулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар және программалау тілдерінен факультативтік курстар ұйымдастырудың орны ерекше және информатика пәнінен оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру қажет.

Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін тексеру мақсатында - сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жиі ұйымдастыру қажет. Сонда оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды.



10–ДӘРІС.

Тақырыбы: Оқыту нәтижесін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру
Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын бақылау оқу үрдісінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Көпшілік жағдайда бақылаудың қорытындысынан бүтіндей оқу үрдісінің жетістіктерін көруге болады.

Оқушылар оқу материалын сабақта немесе оқулықта айтылғандай емес, мұғалім қалай сұрайды, солай меңгереді. Педагогика ғылымында бақылау мәселесінің әр түрлі қырлары қарастырылады.

“Бақылау” ұғымы оқушылардың білімін, біліктілігін айқындау, өлшеу және бағалау деген түсінікті білдіреді. Айқындау мен өлшеу тексеру деп аталады. Сондықтан мұғалімге оқушы біліміндегі жетіспеушілікті дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесі туралы дәйекті ақпарат беретін тексеру бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Тексерудің мақсаты – оқушылардың білімді меңгеру деңгейі мен сапасын анықтау ғана емес, сонымен қатар алған білімінің көлемін де анықтау. Тексерумен қатар бақылау жеткен жетістікті бағалауды және тексеру нәтижелерінің бағасын қамтиды. Бақылаусыз жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге болмайды. Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау үрдісінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі керек. Бақылау үрдісінде оқушылардың алған білімді игеруі және оның баяндылығы бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық мәлімет алу өте қажет.

И.И.Баринова, Н.С.Шаховалар «бақылау» термині «тексеру» терминіне қарағанда кең мағына береді деп есептейді. Олардың ойларынша, бақылау үдерісі тек тексеріп қана қоймай, оқушының білімі мен біліктілігін бағалап, нәтижесін есепке алып, жіберген қателерін түзету міндетін де анықтайды. Тексеру – әр сабақтың деңгейінде ғана жүргізілетін аралық бақылаудың қорытындысы болып табылады.

Н.Г.Дайри, Р.Ф.Кривошапова мен О.Ф.Силютина, И.Т.Огородниковтар «тексеру» термині бақылау қызметін атқаратын оқыту үдерісінің бір бөлігі екендігі жайлы пікірді тікелей, кейде жанама түрде ұстанады. В.Л.Рысс «бақылау» және «тексеру» терминдерін тұжырымдауда олардың мағынасы әр түрлі екенін көрсете келіп, мәндес синоним екендігіне тоқталады. Дидактика мен әдістемеде бақылау мен тексеру оқу үдерісінің бір бөлігі ретінде қаралып, оқытудың жоспарланған мақсатқа қол жеткен нәтижесін көрсететін ішкі мәні ретінде анықталады. Зерттеу барысында бұл екі термин мәндес, мазмұндас ұғымда қолданылады.

Тексеру әдісі оның мазмұнына қарай анықталады. Бақылаудың белгілі алты әдісі бар, Е.И.Перовский оның алғашқы төртеуін анықтаса, соңғы екеуін Ю.К.Бабанский анықтаған:



  1. ауызша тексеру әдісі, (тексеру әңгімелесу әдісі);

  2. жазбаша тексеру әдісі;

  3. графикалық тексеру әдісі;

  4. практикалық жұмыс әдісі;

  5. машиналық бақылау әдісі;

  6. өзін-өзі бақылау әдісі.

Оқу мақсатына сәйкес, меңгерген материалды тексеру үшін, әрбір жеке жағдайға сай тексеру әдістері таңдалып алынады.

Бақылау формасы мен әдісі бір-бірімен тығыз байланысты екендігі белгілі. Әр түрлі ұйымдастыру түріне қарай қолданылатын әдіс тиімділігі мен қолдану ерекшелігіне байланысты түрі өзгеріп отырады.



Білімді тексеруді ұйымдастырудың үш негізгі формасы (жеке, фронтальдық және топтық);

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Бақылау оқыту әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің соңғы нәтижесі бойынша меңгеру сапасын анықтау ғана емес, сонымен қатар бақылау барысында оқушы өзінің ойлау операцияларының қатесіз жүзеге асуын белсенді бақылаушы, оның оқытылатын оқу өлшемінің мәні мен мазмұнына (ұстанымдарға, заңдылықтарға, ережелерге) сәйкес болуын сараптауына және оқу тапсырмасын дұрыс шешу міндетін бағдарлауына қызмет етеді.

Бақылау сонымен қатар, оқу үдерісінің сапасы жайлы ақпарат алу жолы болып табылады. Бақылау оқушының әрекетіне бағытталады, сондай-ақ, оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара бір-бірімен әрекетін көрсетеді.

Бақылау тетігі оқу үдерісінде оқушының танымдық іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылау жүйесі оқу үдерісінің құрамдас бөлігі және оның қызметі оқушының өзін бақылауынан әлдеқайда терең. Сонымен қатар, бақылаушы бақылау оқыту, диагностикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, болжамдық және бағдарлаушылық қызметтерін орындайды.

Бақылау қызметінің мақсаты кері байланыс орнату (сыртқы: оқушы-мұғалім, және ішкі: оқушы-оқушы), сонымен қатар, оқытушы бақылау нәтижелерін есепке алу оқыту үдерісін басқаруды алдын-алу және сақтандыру, білім мен біліктілікті қалыптастыру, түзету және жетілдіру, жүйелеу мақсатында жүргізіледі.

Бақылаудың оқытушы қызметі білім мен біліктілікті жетілдіруден және жүйелеуден тұрды. Бақылау үдерісінде оқушылар оқытылған материалды қайталап, бекітеді. Олар бұрын оқығандарын көрсетіп қана қоймай, жаңа жағдайда өз білімі мен біліктілігін қолдана алады.

Бақылаудың диагностикалық қызметі – оқушылардың білімі мен біліктілігіндегі олқылықтары, кемшіліктері, жіберген қателері жайлы ақпараттар алу, оқу материалын қабылдауда туатын қиындықтарды білу, кеткен қателерінің сипатын анықтау болып табылады. Диагностикалық бақылаудың нәтижелері оқытудың тиімді әдістемесін таңдауға мүмкіндік береді және оқыту әдісінің мазмұны мен оқу жабдығын ары қарай жетілдіруге жол ашады.

Бақылаудың болжамдық қызметі – оқу-тәрбиелеу үдерісі туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бақылау нәтижесінде оқыту үдерісінің белгілі бір бөлігі жайлы болжам жасауға негіз болады: оқу материалының (тарауы, тақырыптары) келесі бөлігін меңгеруге қажетті нақты білім, біліктілік және дағдылар қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік туады.

Болжам нәтижелерін оқушылардың танымдық әрекетінің тәсілдер жүйесіндегі олқылықтар мен жіберілген қателіктердің типтерін анықтап, олардың болашақ мінез құлқының қалыптасу үлгісін жасауда қолданылады.



Бақылаудың дамытушылық қызметі оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруда, шығармашылық қабілетін дамытуда көрінеді. Бақылау оқушының дамуының ерекше мүмкіндігі болып табылады. Бақылау үдерісінде оқушының ойлауы, сөйлеу мәнері, жадысы, есте сақтау, елестетуі, еркі және танымдық әрекетінің тәсілдері жетіледі. Бақылау жеке тұлғаның сапалық қасиетін – қабілетін, қызығушылығын, қажеттілігін, бейінін жетілдіре түседі.

Бақылаудың бағдарлаушылық қызметі жеке оқушының және сыныптың оқу материалын қаншалықты терең меңгергендігін, білім берудің мақсатына сай жеткен дәрежесі туралы ақпарат алу болып табылады. Бақылау оқушылардың қиындығы мен жеткен жетістігін бағдарлайды.

Оқушылардың қателіктері мен олқылықтарын аша отырып, оны жөндеу үшін білім мен біліктілігін жетілдіріп, оны жұмсаудың бағытын көрсетеді. Бақылау оқушының өзін өзі тануына, өзінің мүмкіндігі мен білімін бағалауға көмектеседі.



Бақылаудың тәрбиелеуші қызметі оқушыларды білім алуға, жауапкершілікке, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелейді. Бақылау оқушыларды тапсырма орындау үстінде үнемі өзін қадағалап бақылауға, жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Ол берік ерік-жігерлі болуға, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыруға баулиды.

Жоғарыда аталған бақылау қызметтерінің мәні мен рөлі оқу үдерісінде көрінеді. Оқу үдерісінде бақылаудың қызметтері әр түрлі деңгейде және әр түрлі қарым қатынаста көрінеді. Бақылаудың қызметін іс жүзіне асыруда бұл көрсетілген қызметтер оны неғұрлым тиімді етеді және оқу үдерісі де тиімдірек болады.

Бақылау мақсатына сай арнайы қызмет (дигностикалық, айқындаушы, болжамдық) атқарады.

Бақылаудың бес негізгі ұстанымы бар:



  • әділеттілік;

  • жүйелілік;

  • жариялылығы;

  • жан-жақтылық;

  • тәрбиелік сипат.

Әділеттілік диагностикалық тестердің (тапсырмалар, сұрақтар), мазмұнын ғылыми негіздеумен, диагностикалық шаралар педагогтың барлық оқушылармен теңдік, достық қарым-қатынасы, оқушының білім, біліктілігін белгіленген бағалау көрсеткіштеріне сай, нақты бағалау. Диагностикалаудың практикалық әділеттілігі диагностика жасаушының қойған бағалары оның қолданған бақылау әдістері мен құралдарынан тәуелсіздігінде болып табылады.

Жүйелілік ұстанымына қойылатын талап білімді алғашқы қабылдаудан бастап, оны іс жүзінде қолдануға дейінгі дидактикалық үдерістің барлық кезеңдерінде диагностикалық бақылауды жүргізудің қажеттілігінде. Жүйеліліктің мәні - оқу мекемесіндегі барлық бірінші және соңғы оқушыға дейін үнемі қамтылып отырылады. Жүйелілік ұстанымы диагностика жүргізудің кешенді шарасын талап етеді, бір мақсатқа бағындырылған бақылау түрлері мен әдістері, бақылау жабдықтары мен бағалау қолданылады.

Жариялылық ұстанымы барлық оқушыларды ашық түрде, тең бағалау. Диагностикалау үдерісінде әрбір оқушының белгіленген рейтингі ашық, салыстырмалы сипатта болады.

Жариялылық ұстанымы бағалау әдісі мен оны ашық жариялауды талап етеді. Бағаны оқушы өзіне қойылатын талаптардың эталоны ретінде қабылдайды, сонымен қатар бағасы арқылы педагогтың әділеттілігін таниды, пікіріне сүйенеді. Бұл ұстанымды өмір жүзіне асырудың маңызды шарты диагностикалық бақылау арқылы оған қатысуға ынталы тұлғалар өз жұмыстарына сараптама жасап, кемшіліктерді жоюдың болашақтағы жоспарын да жасайды.

Заманауи педагогикада бақылаудың келесі түрлері кездеседі: алдын ала;ағымдық;тақырыптық; аралық (кезеңдік); жинақтық; қорытынды.

Алдын-ала бақылау оқушының бастапқы танымдық әрекетінің деңгейі туралы мағұлмат алуы үшін, сондай-ақ жеке пәндерді оқыту алдында өткізіледі. Мұндай бақылаудың қорытындылары оқушылар қауымын жаңа оқу үдерісіне бейімдеуге қолданылуы мүмкін.

Кейбір мұғалімдер алдын ала бақылауды жаңа тақырыпты өтерде және не тоқсанның, оқу жылының басында жүргізеді. Оның мақсаты – оқушылардың жаңа пәнге дайындық деңгейін анықтау. Мұндай тексерулер жүргізу негізінде пәннің қазіргі оқытылу деңгейін, оқушылардың білімі мен оның көлемінің деңгейін анықтайды. Осы алынған мәлімет негізінде мұғалім қайталайтын, алдын ала түсінік жүргізетін материалды жоспарлайды, осы нәтижелерге сүйене отырып, оқушылардың оқу танымдық әрекетін одан әрі ұйымдастырып, жетілдіреді.



Ағымдық бақылау күнделікті оқу жұмысында жүзеге асырылады және мұғалім әр оқушының оқу-танымдық әрекетін қадағалап отырады. Оның негізгі мәні оқушының білім деңгейін сабақта жүйелі бақылау мен күнделікті оқу жоспарын қадағалау болып табылады. Оны тағайындаудың бастысы – оқушыларды сабақ барысында оқу-тәрбие жұмыстарына және оқушылардың білім деңгейлерінің жағымды мағлұмат, нақты деректер алу және сабақтағы оқу-тәрбиелеу жұмысының сапасын анықтау. Сабақ үстінде оқушылардың оқу материалын меңгеруі, біліктілік пен дағдыларының қалыптасуы жайлы ақпарат оқу жұмысында мұғалімнің ұтымды әдіс тәсілді таңдап алуына көмектеседі. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай оқу материалдарын дәл жеткізу, оқушылардың оқу жұмысының тиімді түрін таба білу, олардың оқу әрекетіне үнемі жетекшілік жасау, оқуға ынтасын оятып, белсенді назарын аударту қажет.

Тақырыптық (мерзімді) бақылау. Бір сабақ қана емес, бірнеше сабақ бойы оқушылардың білім, біліктіліктерін бақылау мен бағалау мерзімді бақылауды қамтамасыз ету. Оның мақсаты – оқушылардың белгілі білім жүйесін қаншалықты жетілікті меңгергенін анықтау, олардың жалпы меңгеру деңгейі қандай, оның бағдарлама талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі жайлы ақпарат алу. Мерзімді бақылау толық курсты, яғни оқу материалының логикалық біткен бөлігін оқытудан кейін жүргізіледі. Егер сабақтар жүйесі бойынша белгілі бір тақырыпты қамтитын материалдар тексерілетін болса, онда ол тақырыптық бақылау болып табылады. Оның мақсаты – оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру және бағалау, бір тақырыпта қамтылған ұғымдар, тұжырымдардың қалай меңгерілгендігі және олардың арасындағы маңызды байланыстар, құбылыстар мен үдерістер арасындағы қатынастарды анықтау болып табылады.

Осындай тексерулер барысында оқушылар логикалық ойлауға, материалды жалпылауға, оны талдауға, сонымен қатар материалдың негізі мен маңызын таба білуге машықтанады. Бақылаудың төмендегі түрлері ерекшеленеді:

- оқушыға бұрынырақта алған бағасын түзетуге, материалды қайта тапсыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі, дайындауға арналған қосымша уақыт пайдалануына беріледі;

- соңғы бағаны қоюда мұғалім орта баллға сүйенбейді, оны тек есепке алады, тек алдыңғы бағаны теріске шығаратын бағаны есепке алады, бұл бақылаудың әділеттілігін көрсетеді;

- өз біліміне жоғары баға алу мүмкіндігін туғызады.

Білімді нақтылау және тереңдету оқушы іс әрекетінің мотивациясы болады, оның қызығушылығы мен ынтасын көрсетеді.



Аралық бақылау – оқу материалының келесі бөлігіне көшу, алдыңғы бөлікті игерумен тығыз байланысты болған жағдайда әрбір оқушының жетістігін анықтауға арналады.

Жинақтық бақылау – курс бойынша емтихан өткізу. Бұл өтілген курс бойынша оқыту қорытындысы, ол оқушының алдағы оқу үдерісіндегі қабілетін танытады.

Қорытынды бақылау – оқушының алған білімінің көлемін, сапасын, тереңдік деңгейін, нақты мазмұнын анықтап, оларды оқу әрекеті үстінде қолдана білуін қалыптастырады. Шындығында, қорытынды бақылау басқа бақылау түрлеріне қарағанда жоғары деңгейдегі бақылау қызметін атқарады. Бірақ та ол білімді жүйелеп жинақтайды және белгілі бір деңгейде оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерін де қоса атқара алады. Оған мектептегі бітіру емтихандары, жоғары оқу орындарында түлектік жұмысты қорғау, мемлекеттік емтихандарды тапсыру жатады.

Оқушының іс-әрекетіне бақылау жұмысын кімнің жүргізгеніне қарамастан, бақылаудың үш типі бар:

- сыртқы (мұғалімнің оқушының іс-әрекетін бақылауы);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет